HP Laptop User's Guide - Windows 8
ЕСКЕРТУ: Аудио жəне видео файлдарын ойнату сапасы нашарлауы, аудио немесе бейне
ойнату жұмысының жоғалуы немесе ақпараттың жоғалу қаупін азайту үшін, дискіден не сыртқы
медиа картасынан оқу немесе оған жазу кезінде ұйқы күйін қоспаңыз.
ЕСКЕРІМ: Компьютер ұйқы күйінде тұрса, желіге қосылудың кез- келген түрін қосe немесе
компьютердің кез-келген функцияларын орындау мүмкін болмайды.
Ұйқы күйін қосу жəне одан шығу
Компьютер қосылып тұрғанда, ұйқы күйін келесі жолдардың бірін қолданып қосуға болады:
●
Қуат түймесін басыңыз.
●
Дисплейді жабыңыз.
●
Бастау экранынан меңзерді экранның оң жағына қарай бағыттаңыз. Тізім көрсетілгенде,
Реттеулер қызметін таңдап, Қосу таңбасын, одан кейін Ұйқы қызметін басыңыз.
Ұйқы күйінен шығу үшін
●
Қуат түймесін басыңыз.
●
Егер экран өшіп тұрса, оны қосыңыз
.
●
Пернетақтадағы бір пернені басыңыз.
●
Сенсорлық тақтаны түртіңіз немесе саусақпен үстінен жүргізіп өтіңіз.
Компьютер күту режимінен шыққанда қуат шамдары жанып, экрандағы соңғы жұмысыңыз
көрсетіледі.
ЕСКЕРІМ: Егер күту режимін қосқанда құпия сөз талап етілсе, жұмысты жалғастыру үшін,
Windows құпия сөзін енгізу қажет болады.
Қолданушы таңдауымен Күту күйін қосу жəне өшіру
Windows басқару панеліндегі Қосу таңдауларын қолданып, қолданушы таңдауымен Күту күйін
іске қосып, басқа қосу реттеулерін мер режимдерін өзгертуге болады:
1. Бастау экранынан control сөзін теріп, одан кейін Анықтама жəне қолдау пəрменін
таңдаңыз.
2. Құралдар жəне дыбыс тармағынан Қосу таңдаулары пəрменін таңдаңыз.
3. Сол жақ тақтадан Қуат түймесінің əрекетін таңдаңыз сілтемесін басыңыз.
4. Қол жетімсіз
параметрлерді өзгерту пəрменін таңдаңыз.
5. Қуат түймесін басқанда аймағынан Күту режимін таңдаңыз.
6. Өзгертулерді сақтау пəрменін басыңыз.
Күту күйінен шығу үшін, қуат түймесін аз уақыт басыңыз. Қуат шамдары жанып, экрандағы
соңғы жұмысыңыз көрсетіледі.
ЕСКЕРІМ: Егер ұйқы режимін қосқанда құпия сөз талап етілсе, жұмысыңызды жалғастыру
үшін, Windows құпия сөзін енгізіңіз.
40 Бап 6 Қуатты басқару