HP Laptop User's Guide - Windows 8
Күту/əрекетсіздік режимінен қосылған кезде сұралатын құпия сөзбен
қорғауды орнату
Компьютер ұйқы немесе күту күйінен шыққанда, компьютер құпия сөз талап етуіг орнату үшін,
мына қадамдарды орындаңыз:
1. Бастау экранынан control сөзін теріп, одан кейін Анықтама жəне қолдау пəрменін
таңдаңыз.
2. Құралдар жəне дыбыс тармағынан Қосу таңдаулары пəрменін таңдаңыз.
3. Сол жақ тақтадан Запрос пароля при пробуждении (Режимнен шыққан кезде құпия сөзді
сұрау) параметрін
таңдаңыз.
4. Изменение недоступных в данный момент параметров (Қол жетімді емес
параметрлерді өзгерту) параметрін таңдаңыз.
5. Запрашивать пароль (рекомендуется) (Құпия сөзді сұрау (ұсынылған)) параметрін
таңдаңыз.
ЕСКЕРІМ: Пайдаланушы есептік жазбасының құпия сөзін жасау немесе ағымдағы құпия
сөзді өзгерту қажет болса, Пайдаланушы жазбасының құпия сөзін жасау немесе
өзгерту пəрменін таңдап, экрандағы нұсқауларды орындаңыз. Пайдаланушы есептік
жазбасының құпия сөзін жасау немесе өзгерту қажет болмаса, 5-қадамға өтіңіз.
6. Сохранить изменения (Өзгертулерді сақтау) параметрін таңдаңыз.
Қуат көрсеткішін қолдану
Қуат көрсеткіші хабарландыру аймағындағы тапсырмалар тақтасының оң жақ шетінде
орналасқан. Қуат көрсеткіші қуат параметрлеріне жылдам өтуге жəне батареяның қалған
зарядын көруге мүмкіндік береді.
● Батарея зарядының қалған деңгейін жəне ағымдағы қуат жоспарын экранда көру үшін,
меңзерді қуат өлшегіш белгішесінің үстінен жүргізіңіз.
●
Қуат параметрлерін ашу немесе қуат жоспарын өзгерту үшін қуат көрсеткіші белгішесін
басып, тізімнен бір тармақты таңдаңыз.
Əр түрлі қуат көрсеткішінің белгішелері компьютердің батарея қуатымен немесе сыртқы
қуатпен жұмыс атқарып тұрғанын көрсетеді. Сондай-ақ бұл белгіше батарея заряды өте темен
деңгейге жеткен кезде хабарлама көрсетеді.
Қуат көрсеткішін жəне қуат параметрлерін қолдану
Қосу көрсеткіші Windows жұмыс үстелінде орналасқан. Қуат көрсеткіші қуат параметрлеріне
жылдам кіруге жəне қалған батарея қуатын көруге мүмкіндік береді.
●
Батарея қуатының қалған деңгейін жəне ағымдағы қуат жоспарын экраннан көру үшін,
меңзерді қуат көрсеткіші таңбасының үстінен жүргізіңіз.
●
Қуат параметрлерін ашу немесе қуат жоспарын өзгерту үшін, қуат көрсеткішінің таңбасын
басып, тізімнен бір тармақты таңдаңыз
. Бастау экранына control сөзін теріңіз де,
Басқару тақтасы > Құрал жəне дыбыс > Қуат параметрлері пəрмендерін таңдаңыз.
Əртүрлі қуат көрсеткішінің таңбалары компьютердің батарея арқылы немесе сыртқы қуатпен
жұмыс істеп тұрғанын көрсетеді. Батарей қуаты төмендегенде немесе өте төмен деңгейге
жеткенде, таңба хабар береді.
Қуат параметрлерін орнату 41