HP Laptop User's Guide - Windows 8
Батарея қуатын пайдалану
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Пайда болуы мүмкін қауіпсіздік мəселелерін азайту үшін компьютермен
бірге жабдықталған батареяны, HP компаниясы ұсынатын ауыстыру батареясын немесе HP
компаниясынан сатып алынған үйлесімді батареяны пайдаланыңыз.
Компьютер сыртқы айнымалы ток қуатына жалғанбаған кезде ол батареяның қуатымен жұмыс
атқарады. Қуатты басқару параметрлеріне, ашылған бағдарламаларға, экранның
жарықтығына, компьютерге жалғанған сыртқы құрылғыларға жəне басқа да себептерге
байланысты компьютер батареясының жұмыс мерзімі əртүрлі болады. Компьютер айнымалы
ток қуатына қосылған болса да, батареяны компьютерде сақтау батареяны зарядтайды жəне
де қуат берілмей қалған жағдайда жұмысты
қорғайды. Компьютерде батареясы қуатталған
болса жəне сыртқы айнымалы ток қуаты іске қосылса, компьютерден айнымалы ток адаптері
ажыратылғанда немесе айнымалы ток қуатының берілуі тоқтатылғанда, компьютер батарея
қуатын автоматты түрде қосады.
ЕСКЕРІМ: Айнымалы ток көзінен ажыратқан кезде, батареяның қызмет ету мерзімін сақтау
үшін, дисплей жарықтығы автоматты түрде азаяды. Таңдаулы компьютер үлгілерінде ғана
графикалық режимдер батареяның қызмет ету мерзімін ұзарту мақсатында қолданылады.
Қосымша ақпаратты
Ауыспалы/қос графикалық режимдер (таңдаулы үлгілерде ғана) 49-бетте
бөлімінен қараңыз.
Батарея туралы қосымша ақпарат табу
Анықтама жəне қолдау бөлімінен батареяға қатысты мына құралдар мен ақпаратты табуға
болады:
●
Батареяның өнімділігін тексеруге арналған батареяны тексеру құралы
●
Тексеру, қуатты басқару жəне батареяның қызмет ету мерзімін неғұрлым арттыру үшін
жасалатын күтім жəне сақтау туралы ақпарат
●
Батареяның түрлері, сипаттамалары, қызмет ету мерзімдері жəне сыйымдылығы туралы
ақпарат
Батарея туралы ақпаратты ашу үшін:
▲
Бастау
экранынан анықтама сөзін теріп, одан кейін Анықтама жəне қолдау пəрменін
таңдаңыз.
Батареяны тексеру бағдарламасын пайдалану
Анықтама жəне қолдау орталығында компьютерде орнатылған батареяның күйі туралы ақпарат
беріледі.
Батареяны тексеру құралын қосу үшін:
1. Айнымалы ток адаптерін компьютерге жалғаңыз.
ЕСКЕРІМ: Компьютерді сыртқы қуат көзіне жалғаңыз, сонда батареяны тексеру құралы
дұрыс жұмыс істейді.
2. Бастау экранынан control сөзін теріп, одан кейін Анықтама жəне қолдау пəрменін
таңдаңыз. Құралдар жəне дыбыс тармағынан Қосу таңдаулары пəрменін таңдаңыз.
3. Қуат көзі тармағын ашып, Батареяны тексеру пəрменін таңдаңыз.
Батареяны тексеру құралы батареяның жəне оның элементтерінің қалай жұмыс атқарып
тұрғанын тексеріп, тексеру нəтижелерін береді.
42 Бап 6 Қуатты басқару