HP Laptop User's Guide - Windows 8
Батарея зарядының қалған деңгейін көрсету
▲ Меңзерді хабарландыру аймағындағы тапсырмалар тақтасының оң жақ шетінде
орналасқан қуат көрсеткіші белгішесінің үстіне апарыңыз.
Батарея зарядының біту уақытын арттыру
Батареяның қуат аяқталу уақыты батарея қуатын пайдаланғанда қандай мүмкіндіктердің
қолданылатынына байланысты əртүрлі болады. Ең көп қуатсыздану уақыты батареяның сақтау
сыйымдылығы төмендейтіндіктен біртіндеп қысқарады.
Батарея зарядының біту уақытын арттыруға арналған кеңестер:
●
Экранның жарықтығын төмендетіңіз.
● Пайдаланушы ауыстыра алатын батареямен жабдықталған компьютер қолданыста
болмағанда немесе қуатталып тұрмаса, батареяны компьютерден шығарып қойыңыз.
●
Пайдаланушы ауыстыра алатын
батареяны салқын, құрғақ жерде сақтаңыз.
●
Қуат параметрлерінен Қуат үнемдегіш параметрін таңдаңыз.
Батареяның төмен деңгейлерін басқару
Бұл бөлімдегі ақпарат зауытта орнатылған ескертулер мен жүйенің реакциясын түсіндіреді.
Кейбір өте төмен батарея деңгейі туралы ескертулерді жəне жүйе реакцияларын Windows
басқару тақтасындағы қуат параметрлері арқылы өзгертуге болады. Қуат параметрлері арқылы
орнатылған параметрлер шамдарға əсер етпейді.
Бастау экранынан control сөзін теріп, одан кейін Анықтама жəне қолдау пəрменін таңдаңыз.
Құралдар жəне дыбыс тармағынан
Қосу таңдаулары пəрменін таңдаңыз.
Батареяның төмен деңгейлерін анықтау
Компьютер үшін жалғыз қуат көзі болып табылатын батарея төмен деңгейге жеткенде мынадай
əрекеттер орын алады:
●
Батарея шамы (тек таңдаулы үлгілерде) батарея төмен деңгейге жеткенін көрсетеді.
– немесе –
● Хабарландыру аймағындағы қуат көрсеткіші белгішесі батарея зарядының төмен деңгейде
екенін немесе мүлде таусылып жатқанын көрсетеді.
ЕСКЕРІМ: Қуат көрсеткіші туралы қосымша ақпарат алу үшін Қуат көрсеткішін
қолдану 41-бетте бөлімін қараңыз.
Қосылып тұрған немесе күту күйінде компьютер қысқа уақытқа ұйқы күйіне еніп, одан кейін
өшеді. Барлық сақталмаған ақпарат жоғалады.
Заряды аз батарея деңгейін реттеу
Сыртқы қуат бар болғанда заряды аз батарея деңгейін реттеу
▲
Мына құрылғылардың біреуін жалғаңыз:
●
Айнымалы ток адаптері
●
Қосымша жалғау немесе кеңейту құрылғысы
●
НР керек-жарағы ретінде сатып алынатын қуат адаптері
Батарея қуатын пайдалану 43