HP Laptop User's Guide - Windows 8
Сақталатын батареяның зарядын ұзақ уақыт бойы сақтау үшін оны салқын, құрғақ жерге
қойыңыз.
ЕСКЕРІМ: Сақталған батареяны əр 6 ай сайын тексеріп тұру керек. Егер заряды 50 пайыздан
төмен болса, қайтадан сақтауға қоймас бұрын оны зарядтап алыңыз.
Батарея бір немесе бірнеше ай сақталған болса, оны пайдаланбастан бұрын, тексеріңіз.
Пайдаланушы ауыстыратын батареяны тастау
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Өрт немесе отқа күю қаупін азайту үшін бөлшектемеңіз, ұсақтамаңыз жəне
теспеңіз; сыртқы контактілерді тұйықтамаңыз; от немесе суға тастамаңыз.
Батареяны дұрыс тастау туралы ақпаратты Ережелер, қауіпсіздік жəне қоршаған орта туралы
ескертулер бөлімінен қараңыз. Бұл нұсқаулықты ашу үшін HP қолдау қызметі бөлімін бастау
экранынан таңдап, менің компьютерім, одан кейін қолданушы нұсқаулығы бөлімдерін
таңдаңыз.
Пайдаланушы ауыстыра алатын батареяны ауыстыру
Ішкі бөлім дұрыс зарядталмаған кезде немесе батарея сыйымдылығы «əлсіз» жағдайға
жеткенде, Анықтама жəне қолдау орталығындаңы батареяны тексеру құралы батареяны
ауыстыру қажеттігін ескертеді. Батарея HP компаниясының кепілдігімен қамтамасыз етілген
жағдайда, нұсқаулардың ішінде кепілдік нөмірі болады. Жаңа батареяға тапсырыс беру туралы
қосымша ақпарат беретін HP компаниясының веб-торабына сілтеме беріледі.
Батарея қуатын пайдалану 47