HP Laptop User's Guide - Windows 8

Сыртқы айнымалы ток қуатын пайдалану
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Ұшақтың ішінде компьютердің батареясын зарядтамаңыз.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Пайда болуы мүмкін қауіпсіздік мəселелерін азайту үшін компьютер мен
бірге жабдықталған айнымалы ток адаптерін, HP компаниясы ұсынатын ауыстыру айнымалы
ток адаптерін немесе HP компаниясынан сатып алынған үйлесімді айнымалы ток адаптерін
пайдаланыңыз.
ЕСКЕРІМ: Айнымалы ток көзіне қосылу жөнінде қосымша ақпаратты қораптың ішіндегі
Орнату нұсқаулары парақшасынан қараңыз.
Сыртқы айнымалы ток қуаты мақұлданған айнымалы ток адаптері немесе қосымша жалғау, не
кеңейту құрылғысы арқылы қамтамасыз етіледі.
Төмендегі кез келген жағдайда компьютерді сыртқы айнымалы ток қуатына жалғаңыз:
Батареяны зарядтау немесе тексеру кезінде.
Жүйенің бағдарламалық құралын орнатқан немесе өзгерткен кезде.
CD, DVD немесе BD (тек таңдаулы үлгілерде) дискілеріне ақпаратты жазу кезінде.
Дискіні дефрагментациялау
құралын қосқан кезде.
Сақтық көшірме жасау немесе қалпына келтіру кезінде.
Компьютерді сыртқы айнымалы ток қуатына жалғаған кезде мына жағдайлар орын алады:
Батарея зарядтала бастайды.
Компьютер қосылып тұрса, хабарландыру аймағындағы қуат көрсеткіші белгішесінің түрі
өзгереді.
Сыртқы айнымалы ток қуатын ажыратқан кезде мына жағдайлар орын алады:
Компьютер батарея қуатына көшеді.
Батарея зарядын сақтау үшін экранның жарықтығы автоматты түрде азаяды.
48 Бап 6 Қуатты басқару