HP Laptop User's Guide - Windows 8
Айнымалы ток адаптерін тексеру
Айнымалы ток қуатына жалғанған компьютерде мына жағдайлар орын алса, айнымалы ток
адаптерін тексеріңіз:
●
Компьютер қосылмайды.
● Экран қосылмайды.
●
Қуат шамдары жанбайды.
Айнымалы ток адаптерін тексеру үшін:
ЕСКЕРІМ: Келесі нұсқаулар пайдаланушы ауыстыруға болатын батареясы бар
компьютерлерге қатысты.
1. Компьютерді сөндіріңіз.
2. Компьютерден батареяны шығарып алыңыз.
3. Айнымалы ток адаптерін компьютерге жəне айнымалы ток розеткасына жалғаңыз.
4. Компьютерді қосыңыз.
●
Қуат шамдары жанса, айнымалы ток адаптері дұрыс істеп тұр.
●
Егер қуат шамдары сөніп тұрса, айнымалы ток адаптері жұмыс істемейді жəне оны
ауыстыру қажет.
Айнымалы токтың қуат адаптерін ауыстыруды орындау туралы ақпарат
алу үшін
қолдау қызметімен байланысыңыз.
Ауыспалы/қос графикалық режимдер (таңдаулы
үлгілерде ғана)
Кейбір компьютерлер ауыспалы графикалық режимдер немесе қос графикалық режимдермен
жабдықталған.
● Ауыспалы графикалық режимдер — AMD™ жəне Intel арқылы қолданылады. Егер
компьютеріңізде AMD динамикалық ауыспалы графикалық режимдер болса,
құрылғыңызда тек ауыспалы графикалық режимдер ғана қолданылады.
●
Қос графикалық режимдер — AMD арқылы ғана қолданылады. Егер компьютеріңізде AMD
Radeon қос графикалық режимдері болса, құрылғыңызда тек қос графикалық режимдер
ғана қолданылады.
ЕСКЕРІМ: Қос графикалық режимдер DirectX 10-шы немесе 11-ші нұсқасы қолданылатын
толық экранды құрылғыларда ғана іске қосылады.
ЕСКЕРІМ: Компьютер ауыспалы графикалық режимдер немесе қос графикалық режимдердің
қайсысын қолданатынын анықтау үшін, ноутбугіңіздің графикалық процессорының
конфигурациясын қараңыз. Intel HR орталық процессорлары ( (CPU-лар) жəне AMD Trinity
сериялы өнімділігі жылдамдатылған процессорлар (APU-лар) ауыспалы графикалық
режимдерді қолдайды. AMD Trinity сериялы A6, A8 жəне A10 өнімділігі жылдамдатылған
процессорлары қос графикалық режимдерді қолдайды. AMD Trinity сериялы A4 өнімділігі
жылдамдатылған процессорлары қос графикалық режимдерге қолдау көрсетпейді.
Ауыспалы/қос графикалық режимдер (таңдаулы үлгілерде ғана)49