HP Laptop User's Guide - Windows 8
7 Сыртқы карталар мен құрылғылар
Медиа картаны оқу құрылғысының карталарын
пайдалану (таңдаулы үлгілерде ғана)
Таңдамалы сандық карталар ақпаратты қауіпсіз сақтау жəне қолайлы ортақ пайдалану
мүмкіндігін береді. Бұл карталар əдетте сандық медиамен жабдықталған камераларда, қалта
компьютерлерінде жəне басқа да компьютерлерде қолданылады.
Компьютеріңіз қолдау көрсететін сандық карта пішімдерін анықтау үшін,
Компьютермен
танысу 4-бетте бөлімін қараңыз
Сандық картаны салу
ЕСКЕРТУ: Сандық карталар қосқышын зақымдау қаупін азайту үшін оны салған кезде, қатты
күшпен итермеңіз.
1. Сандық картаны ұстағанда, жапсырмасын жоғары, ал қосқышын компьютерге қаратыңыз.
2. Картаны медиа картаны оқу құрылғысына салып, орнына түскенше үстінен басыңыз.
Құрылғы анықталғанда дыбыс естіледі жəне параметрлер мəзірі көрінуі мүмкін.
Сандық картаны шығарып алу
ЕСКЕРТУ: Ақпарат жоғалуының немесе жүйенің жауап қатпау қаупін азайту мақсатында
сандық картасын қауіпсіз шығарып алу үшін төмендегі қадамдарды орындаңыз.
1. Ақпаратты сақтап, сандық картамен байланысты барлық бағдарламаларды жабыңыз.
2. Хабарландыру аймағындағы тапсырмалар тақтасының оң жақ шетінде орналасқан
құралды шығарып алу белгішесін басыңыз. Одан кейін экрандағы нұсқауларды
орындаңыз.
Медиа картаны оқу құрылғысының карталарын пайдалану (таңдаулы үлгілерде ғана)51