HP Laptop User's Guide - Windows 8

ЕСКЕРТУ: Қуатты құрылғыны жалғағанда құралдың зақымдалу қаупін азайту үшін
құрылғының өшіріліп, қуат сымының айнымалы ток көзінен ажыратылғанын тексеріңіз.
1. Құрылғыны компьютерге жалғаңыз.
2. Егер қуатты құрылғыны жалғаған болсаңыз, оның қуат сымын жерге қосылған ток көзіне
қосыңыз.
3. Құрылғыны қосыңыз.
Қуат көзіне қосылмаған сыртқы құрылғыны ажырату үшін құрылғыны өшіріп, одан кейін оны
компьютерден ажыратыңыз. Қуат көзіне қосылған сыртқы құрылғыны ажырату үшін құрылғыны
өшіріңіз де, оны компьютерден ажыратыңыз, одан кейін айнымалы ток сымын суырыңыз
.
Қосымша сыртқы дискілерді пайдалану
Алынатын сыртқы дискілер мəліметтерді сақтау жəне оларға кіруге арналған мүмкіндіктер
санын ұлғайтады. USB драйвын компьютердегі USB портына жалғау арқылы қосуға болады.
ЕСКЕРІМ: HP сыртқы USB оптикалық дискілерін қуатқа қосылған компьютердегі USB портына
жалғау керек.
USB дискісінің мынадай түрлері бар:
1,44 мегабайттық дискета салғыш
Қатты диск модулі
Сыртқы оптикалық диск (CD, DVD жəне Blu-ray)
MultiBay құрылғысы
54 Бап 7 Сыртқы карталар мен құрылғылар