HP Laptop User's Guide - Windows 8

8 Дискілер
Дискілерді ұстау
ЕСКЕРТУ: Дискілер компьютердің осал бөлшектері жəне оларды абайлап ұстау қажет.
Драйвтарын қолданбас бұрын келесі ескертулерді қараңыз. Қосымша ескертулер оларды
қолдану қадамдарында қамтылған.
Мына ескертулерді қарап шығыңыз:
Сыртқы қатты дискіге қосылған компьютерді жылжытпас бұрын, оны күту режиміне қойып,
экранның тазалануын күтіңіз немесе сыртқы қатты дискіні дұрыстап ажыратыңыз.
Дискіні қолданбас бұрын оның боялмаған метал бетiне саусағыңызды тигізу арқылы
статикалық электр қуатын төмендетіңіз.
Алынбалы дискідегі немесе компьютердегі қосқыш істікшелерге қолыңызды тигізбеңіз.
Дискіні абайлап
ұстаңыз, оны құлатуға немесе оның үстіне заттар қоюға болмайды.
Дискіні шығарғанда немесе салғанда, компьютерді өшіріңіз. Компьютердің өшірулі, ұйқы
немесе күту күйінде екені анық болмаса, компьютерді қосып, амалдық жүйе арқылы
өшіріңіз.
Дискіні арнайы саңылауға салғанда шамадан тыс күшпен итермеңіз.
Оптикалық жинақтағыш диск жетегі дискіге жазып жатқанда компьютердің пернетақтасын
басуға немесе компьютерді жылжытуға
болмайды. Жазу үрдісі тербелістерге сезімтал
болады.
Батарея жалғыз қуат көзі болса, ақпарат құралдарына жазбастан бұрын, зарядының
жеткілікті екенін тексеріңіз.
Дискінің өте жоғары немесе өте төмен температура мен ылғалдылықта қолданылмауын
қадағалаңыз.
Дискіге сұйықтықтар тимеуін қадағалаңыз. Дискіге тазалау құралдарын сеппеңіз.
Дискіні диск салынатын жерден шығарып алмастан бұрын немесе бірге алып жүрер,
поштамен
бір жаққа жіберер немесе сақтап қояр алдында оның ішіндегі медиа құралын
алып тастаңыз.
Дискіні поштамен жіберу керек болса, оны қабыршықты мөлдір қалтаға немесе басқа
сынудан қорғайтын орауышқа салып, сыртына «СЫНҒЫШ» деген жапсырма
жабыстырыңыз.
Дискінің магниттік өрістердің əсеріне ұшырамауын қадағалаңыз. Магниттік өрісі бар
қауіпсіздік құрылғыларына əуежайдағы тексеруден құрылғылары мен қауіпсіздік бағандары
жатады. Жолаушылар
жүктерін тексеруге арналған əуежайлардағы конвейерлік жолдар
жəне соған ұқсас қауіпсіздік құрылғылары магниттік өрістің орнына рентген сəулелерін
қолданады да, дискілерге зиян келтірмейді.
Қатты дискілерді пайдалану
ЕСКЕРТУ: Мəліметтердің жоғалуын немесе жүйенің жауап бермеуін болдырмау үшін:
Дискілерді ұстау 55