HP Laptop User's Guide - Windows 8

Жад модулін немесе қатты диск жетегін қосқанда немесе алмастырғанда, алдымен
жұмысыңызды сақтаңыз жəне компьютерді өшіріңіз.
Егер компьютер сөндірулі немесе күту күйінде екендігіне сенімді болмасаңыз, қуат түймесін
басып, компьютерді қосыңыз. Содан соң амалдық жүйе арқылы компьютерді өшіріңіз.
Қызмет көрсетуге арналған есікті алу немесе қайта қою
Қызмет көрсетуге арналған есікті алу
Жад модулі ұялары, қатты диск, техникалық деректер жапсырмасы мен басқа бөліктерге кіру
үшін, қызмет көрсетуге арналған есікті алыңыз.
Қызмет көрсетуге арналған есікті алу үшін
1. Жұмысыңызды сақтап, компьютерді өшіріңіз.
2. Компьютерді айнымалы ток розеткасынан жəне жалғанған сыртқы құрылғылардың
барлығын ажыратыңыз.
3. Компьютерді тегіс жерге төңкеріп қойыңыз.
4. Батареяны шығарып алыңыз (
Батареяны шығарып алу 44-бетте бөлімін қараңыз).
5. Батарея ұясын өзіңізге қаратып, пайдаланылған болса, қауіпсіздік бұрандасын (1) (бөлімін
қараңыз)
Қосымша қауіпсіздік бұрандасын пайдалану 45-бетте шығарып алыңыз.
6. Қызмет көрсетуге арналған есікті ашу үшін, қызмет көрсетуге арналған есік ысырмасын (2)
сырғытыңыз.
ЕСКЕРІМ: Қызмет көрсетуге арналған есікті босату ысырмаларын бір уақытта немесе
бірінен соң бірін жылжытуға болады.
7. Қызмет көрсетуге арналған есікті компьютердің алдыңғы жағына (3) қарай сырғытып, оны
(4) алыңыз.
Қызмет көрсетуге арналған есікті орнына салу
Жад модулі ұясы, қатты диск, техникалық деректер жапсырмасы мен басқа бөліктерге
кіргеннен кейін қызмет көрсетуге арналған есікті орнына салыңыз.
56 Бап 8 Дискілер