HP Laptop User's Guide - Windows 8
Қатты дискіні шығарып алу
Қатты дискіні шығарып алу үшін:
1. Жұмысты сақтап, компьютерді өшіріңіз.
2. Компьютерді айнымалы ток розеткасынан жəне жалғанған сыртқы құрылғылардың
барлығын ажыратыңыз.
3. Компьютерді тегіс жерге төңкеріп қойыңыз.
4. Батареяны шығарып алыңыз (
Батареяны шығарып алу 44-бетте бөлімін қараңыз).
5. Пайдаланылған болса, қауіпсіздік бұрандасын (
Қосымша қауіпсіздік бұрандасын
пайдалану 45-бетте бөлімін қараңыз) шығарып алыңыз.
6. Қызмет көрсетуге арналған есікті алыңыз (
Қызмет көрсетуге арналған есікті алу немесе
қайта қою 56-бетте бөлімін қараңыз).
ЕСКЕРІМ: Қатты дискіні шығарып алу жөніндегі нұсқаулар қызмет көрсетуге арналған
есікте басылған.
7. Қатты дискінің төрт бұрандасын (1) қатты дисктен шығарып алыңыз.
8. Қатты дискіні қосқыштан ажырату үшін, қатты дискідегі (2) ілгекті компьютерге қарай
тартыңыз жəне қатты дискіні ұясынан шығарып алыңыз.
ЕСКЕРІМ: Кейбір қатты дискілер пластмасса қапшыққа салынады. Қатты дискіні
компьютерден шығарғаннан кейін, қатты дискінің өзіне қол жеткізу үшін қатты дискінің
пластмасса қапшықты шешіп алу керек.
58 Бап 8 Дискілер