HP Laptop User's Guide - Windows 8

Қатты дискінің жұмысын жақсарту
Дискіні дефрагментациялау құралын пайдалану
Компьютерді пайдаланғанда қатты дискідегі файлдар бөлініп қалады. Дискіні
дефрагментациялау құралы амалдық жүйе тиімді жұмыс істеуі үшін қатты дискідегі бөлініп
қалған файлдар мен қалталарды қайта біріктіреді.
ЕСКЕРІМ: Дискіні дефрагментациялау құралын жартылай өткізгішті дискілерде жұмыс істету
қажет емес.
Дискіні дефрагментациялау құралы жұмысын бастаған кезде ол қадағалаусыз жұмыс істей
береді. Қатты дискінің көлеміне жəне бөлініп қалған файлдар саына байланысты дискіні
дефрагментациялауға бір сағаттан артық уақыт кетуі мүмкін. Оны түнде немесе компьютерді
қолдану керек емес басқа уақытта жасауға болады.
HP қатты дискіні кем дегенде айына бір рет дефрагментациялауды ұсынады. Дискіні
дефрагментациялау құралының жұмысын
айлық жоспарға орнатсаңыз болады, бірақ
дефрагментациялауды кез келген уақытта қолман жасауға да болады.
Дискіні дефрагментациялау құралын іске қосу үшін:
1. Компьютерді айнамалы ток көзіне қосыңыз.
2. Бастау экранына диск деп жазыңыз, параметрлер пəрменін басыңыз, одан кейін дискіні
дефргаментациялау жəне жақсарту пəрменін таңдаңыз.
3. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Қосымша ақпарат алу үшін дискіні дефрагментациялау бағдарламалық
құралының
анықтамасын қараңыз.
Дискіні тазалау құралын пайдалану
Қатты дискідегі орынды босатып, компьютер жұмысының тиімділігін арттыру үшін дискіні
тазалау құралы қатты дискіден еш қауіпсіз жоюға болатын файлдарды іздеп табады.
Дискіні тазалау құралын қосу үшін:
1. Бастау экранына диск деп жазыңыз, параметрлер пəрменін басыңыз, одан кейін дискіні
қажетсіз файлдарды жою арқылы босатыңыз пəрменін таңдаңыз.
2. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
HP 3D DriveGuard бағдарламасын пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде)
HP 3D DriveGuard бағдарламасы келесі шарттардың кез келгенінде дискіні қауіпсіз тоқтату жəне
ақпарат сұрауларын тоқтату арқылы қатты дискіні қорғайды:
Сіз компьютеріңізді құлатып алдыңыз.
Батарея қуатымен істеп тұрған компьютерді дисплейі жабулы күйінде жылжытасыз.
Осы оқиғалардың бірі аяқталғаннан кейін біраз уақыт өткен соң, HP 3D DriveGuard қатты дискіні
қалыпты жұмысына қайтарады.
ЕСКЕРІМ: Қатты күйдегі дискілердің (SSD) қозғалмалы бөлшектері болмағандықтан, HP 3D
DriveGuard құралын қолданудың қажеті жоқ.
60 Бап 8 Дискілер