HP Laptop User's Guide - Windows 8

ЕСКЕРІМ: Негізгі немесе қосымша қатты диск ұясындағы қатты дискілерді HP 3D DriveGuard
құралы қорғайды. Қосымша қондыру құрылғыларына орнатылған немесе USB порттарына
жалғанған қатты дискілерді HP 3D DriveGuard құралы қорғамайды.
Қосымша ақпаратты HP 3D DriveGuard бағдарламалық құралының анықтамасынан қараңыз.
HP 3D DriveGuard күйін анықтау
Компьютердегі қатты диск шамы бастапқы қатты диск ұясындағы немесе қосымша қатты диск
ұясындағы (тек таңдаулы үлгілерде) дискінің қауіпсіз позицияға орнатылғанын көрсету үшін
түсін өзгертеді. Дискілердің қазіргі уақытта қорғалып тұрғанын немесе дискінің қауіпсіз
позицияға орнатылғанын анықтау үшін, тапсырмалар тақтасының оң жақ шетінде орналасқан
хабарландыру аймағындағы таңбаны басыңыз.
Бағдарламалық құрал қосылған жағдайда, қатты диск
белгішесінің үстінен баттасып жасыл
құсбелгісі шығады.
Бағдарламалық құрал өшірілген жағдайда, қатты диск белгішесінің үстінен баттасып қызыл
Х белгісі шығады.
Диск қауіпсіз орналастырылғанда, қатты диск белгішесінің үстінен баттасып сары ай белгісі
шығады.
Хабарландыру аймағындағы белгіше қосылмаған болса, қосу үшін келесі қадамдарды
орындаңыз:
1. Бастау экранынан control сөзін теріп, одан кейін Анықтама жəне қолдау
пəрменін
таңдаңыз.
2. Құрал жəне дыбыс > Дыбыс параметрін таңдаңыз.
ЕСКЕРІМ: Пайдаланушы жазбасының басқару функциясы сұрақ қойса, Иə түймешігін
басыңыз.
3. Тапсырма тақтасындағы белгіше жолынан Көрсету пəрменін таңдаңыз.
4. OK түймешігін басыңыз.
Қуатты қауіпсіз орнатылған қатты диск көмегімен басқару
HP 3D DriveGuard құралы дискіні қауіпсіз тоқтатса, компьютер былай əрекет етеді:
Компьютер өшпейді.
Төмендегі ескертуде сипатталған жағдайлардан тыс компьютер күту режимін немесе ұйқы
режимін іске қоспайды.
Қуат параметрлері ішіндегі Сигналдар қойындысында орнатылған батарея сигналдарын
компьютер қоспайды.
Компьютерді жылжытпас бұрын, HP компаниясы оны алдымен өшіруді немесе күту режиміне
не ұйқы режиміне ауыстыруға кеңес береді.
Қатты
дискілерді пайдалану 61