HP Laptop User's Guide - Windows 8
HP 3D DriveGuard бағдарламалық құралын пайдалану
HP 3D DriveGuard бағдарламалық құралы келесі тапсырмаларды орындауға мүмкіндік береді:
● HP 3D DriveGuard құралын қосу жəне ажырату.
ЕСКЕРІМ: Пайдаланушы құқықтарына байланысты, HP 3D DriveGuard құралын қосу
немесе ажырату мүмкіндігіңіз болмауы ықтимал. Əкімші емес пайдаланушылардың
құқықтарын əкімшілік тобының мүшелері өзгерте алады.
●
Жүйедегі дискінің қолдауы бар-жоқтығын анықтау.
Бағдарламалық құралды ашып параметрлерін өзгерту үшін мына қадамдарды орындаңыз:
1. Тапсырмалар тақтасының оң жақ бұрышындағы хабарландыру аймағында орналасқан
белгішені екі рет басыңыз.
– немесе –
Хабарландыру аймағындағы белгішені тінтуірдің оң жақ түймесімен басып, Параметры
(Параметрлер) тармағын таңдаңыз.
2. Параметрлерді өзгерту үшін сəйкес түймешікті басыңыз.
3. OK түймешігін басыңыз
.
Оптикалық дискілерді пайдалану (тек таңдаулы
үлгілерде)
Оптикалық дискілердің мынадай түрлері бар:
●
ықшам диск
●
DVD
●
Blu-ray (BD)
Орнатылған оптикалық дискіні анықтау
▲
Бастау экранына windows explorer деп жазыңыз, Windows Explorer тармағын басыңыз
да,компьютер бөлімін таңдаңыз.
Компьютеріңізде орнатылған оптикалық дискіні қоса барлық құрылғылар көрсетіледі.
62 Бап 8 Дискілер