HP Laptop User's Guide - Windows 8

Оптикалық жинақтағыш дискіні ортақ пайдалану
Компьютерде ішкі оптикалық жинақтағыш диск болмаса да, бағдарламалық құралды оңай
ашуға да, бағдарламаларды орнатуға да, желідегі басқа компьютерге жалғанған оптикалық
жинақтағыш дискіні ортақ пайдалануға да болады. Ортақ пайдалану дискілерібір
компьютерге салынған дискіні сол желідегі басқа компьютерлердің пайдалануына жол беретін
Windows амалдық жүйесінің мүмкіндігі.
ЕСКЕРІМ: Оптикалық диск жетегін ортақ пайдалану үшін желі қажет. Желінің параметрлерін
орнату туралы қосымша ақпаратты
Желіге қосылу 20-бетте бөлімінен қараңыз.
ЕСКЕРІМ: DVD фильмдері жəне ойындар дискілері сияқты кейбір дискілердің көшірмесі
жасалмайтын етіп қорғалған болуы мүмкін, сондықтан DVD немесе ықшам дискілері ортақ
пайдаланылмайды.
Оптикалық драйвы бар компьютердің оптикалық драйвын ортақ қолдану үшін:
1. Бастау экранына windows explorer деп жазыңыз, Windows Explorer тармағын басыңыз
да,компьютер бөлімін таңдаңыз.
2. Ортақ пайдалану қажет оптикалық жинақтағыш дискіні тінтуірдің оң жақ түймешігімен
басып, Свойства (Сипаттар) параметрін таңдаңыз.
3. Ортақ пайдалану қызметінен Жетілдірілген ортақ пайдалану параметрін таңдаңыз.
4. Общий доступ к папке (Қалтаны ортақ
пайдалану) жанына құсбелгі қойыңыз.
5. Ортақ атау мəтін ұясына оптикалық диск драйвының атын енгізіңіз.
6. Применить (Қолдану) түймешігін, одан кейін OK түймешігін басыңыз.
7. Ортақ оптикалық драйвты көру үшін бастау жолағына желі деп жазыңыз, одан кейін
параметрлер пəрменін басып, көрсетілген тізімнен таңдаңыз.
66 Бап 8 Дискілер