HP Laptop User's Guide - Windows 8
9 Қауіпсіздік
Компьютерді қорғау
Windows® амалдық жүйесі қамтамасыз ететін стандартты қауіпсіздік мүмкіндіктері жəне
Windows жүйесіне кірмейтін Setup Utility (BIOS) жеке параметрлеріңіз бен деректеріңізді əртүрлі
қауіптерден қорғауы мүмкін.
ЕСКЕРІМ: Қауіпсіздік шешімдері сақтандырғыштар сияқты əрекет ету үшін жасалған. Бұл
сақтандырғыштар өнімді күтімсіз ұстаудан немесе ұрланудан қорғамауы мүмкін.
ЕСКЕРІМ: Компьютеріңізді жөндеуге жібермес бұрын, барлық құпия файлдардың көшірмесін
жасап алып, өшіріңіз жəне барлық құпия сөздерді алып тастаңыз.
ЕСКЕРІМ: Осы тарауда сипатталған кейбір мүмкіндіктер компьютеріңізде болмауы мүмкін.
ЕСКЕРІМ: Компьютеріңіз Computrace құралын қолдайды, бұл онлайн қауіпсіздікке негізделетін
қадағалау жəне қалпына келтіру қызметі кейбір аймақтарда ғана қолжетімді болады. Егер
компьютер ұрланған болса, рұқсаты жоқ пайдаланушы Интернетке кіргенде Computrace құралы
компьютердің ізін қадағалай алады. Computrace құралын пайдалану үшін, бағдарламалық
құралды сатып алып, қызметке жазылуыңыз тиіс. Computrace бағдарламалық құралына
тапсырыс беру туралы ақпарат алу үшін,
http://www.hpshopping.com НР веб-сайтын қараңыз.
ЕСКЕРІМ: Егер компьютерде вебкам орнатылса немесе компьютерге жалғанған болса жəне
келбет тану бағдарламасы орнатылса, келбет тану бағдарламасының қауіпсіздік деңгейін
реттеу арқылы қолдану жеңілдігі жəне компьютер қауіпсіздігін бұзуды қиындату қызметтерін
теңгере аласыз. Қосымша ақпаратты HP ProtectTools қызметін қолдану нұсқаулығынан жəне
келбет тану бағдарламалық құралының анықтамасынан қараңыз.
Компьютер қаупі Қорғау қызметі
Компьютерді рұқсатсыз қолдану HP ProtectTools қауіпсіздік басқарушы құпия сөз, смарт
карта, келбет тану жəне/немесе саусақ таңбасын оқығыш
құралдарымен бірге
Computer Setup қызметіне рұқсатсыз кіру (f10) Computer Setup қызметіндегі BIOS əкімшісінің құпия сөзі*
Қатты диск мазмұнына рұқсатсыз кіру Computer Setup қызметіндегі DriveLock құпия сөзі*
Оптикалық диск, дискета немесе ішкі Интернет
адаптерінен рұқсатсыз жұмыс бастау
Computer Setup қызметіндегі жүктеу параметрлерінің
мүмкіндігі*
Пайдаланушылардың есептi
к жазбаларын рұқсатсыз
пайдалану
HP ProtectTools Security Manager
Ақпаратты рұқсатсыз пайдалану
●
Желіаралық қалқан бағдарламасы
●
Windows жаңартулары
●
Drive Encryption for HP ProtectTools
Computer Setup параметрлеріне жəне жүйенің басқа
идентификациялық ақпаратына рұқсатсыз кіру
Computer Setup қызметіндегі BIOS əкімшісінің құпия сөзі*
Компьютерді қорғау 67