HP Laptop User's Guide - Windows 8

Компьютер қаупі Қорғау қызметі
Компьютердің орнын рұқсатсыз ауыстыру Қауіпсіздік кабелінің ұясы (қосымша қауіпсіздік кабелімен
бірге пайдаланылады)
*Амалдық жүйе жұмыс жасамай немесе жүктелмей тұрғанда да қолданыла беретін тұрақты еске сақтау құрылғысына
негізделген Computer Setup утилитасы алдын ала орнатылған. Computer Setup қызметінде шарлау жəне таңдау үшін,
көрсеткі құрылғысын (TouchPad, көрсеткі таяқшасын немесе USB тінтуірін) немесе пернетақтаны қолдануға болады.
Құпия сөздерді пайдалану
Құпия сөзкомпьютер ақпаратын қорғау үшін таңдалатын таңбалардың тобы. Ақпаратқа
кіруді басқарудың жолына байланысты құпия сөздердің бірнеше түрлері орнатылуы мүмкін.
Құпия сөздер Windows жүйесінің немесе компьютерде алдын ала орнатылған Windows
жүйесінен басқа жүйелердің Computer Setup құралында орнатылады.
Реттеу жəне DriveLock құпия сөздері Computer Setup қызметінде орнатылады жəне BIOS
жүйесімен басқарылады.
Қалыпты HP ProtectTools мүмкіндіктеріне қоса BIOS құпия сөзі арқылы қорғау қамтамасыз
ету
үшін, HP ProtectTools қауіпсіздік басқарушысының құпия сөзі болып табылатын
енгізілген қауіпсіздік құпия сөзін Computer Setup құралы арқылы іске қосуға болады.
Енгізілген қауіпсіздік құпия сөзі енгізілген қосымша қауіпсіздік чип картасымен бірге
пайдаланылады.
Windows құпия сөздері тек Windows амалдық жүйесінде орнатылады.
Computer Setup қызметінде орнатылған BIOS əкімшілік құпия сөзін ұмытсаңыз, утилитаға
кіру үшін HP SpareKey қызметін қолдануға болады.
DriveLock пайдаланушы құпия сөзін ұмытсаңыз
жəне DriveLock басты құпия сөзі Computer
Setup қызметінде орнатылған болса, құпия сөздермен қорғалған қатты диск құлыпталып,
қолданысқа жарамай қалады.
Computer Setup жəне Windows қауіпсіздік мүмкіндіктері үшін бір құпия сөзді пайдалануға
болады. Бірнеше Computer Setup мүмкіндігіне де бір құпия сөзді қолдануға болады.
Құпия сөздерді жасау жəне сақтау үшін келесі кеңестерді орындаңыз.
Құпия сөздерді жасаған кезде бағдарламамен қойылған талаптарды
орындаңыз.
Құпия сөздерді жазып алып, оларды қауіпсіз жерде сақтаңыз.
Құпия сөздерді компьютердегі файлда сақтауға болмайды.
Келесі кестелерде жиі қолданылатын Windows жəне BIOS əкімшілік құпия сөздерінің тізімі жəне
олардың функцияларының сипаттамасы берілген.
Windows амалдық жүйесінде құпия сөздер орнату
Құпия сөз Қызмет
Əкімші құпия сөзі* Windows əкімшілік деңгейіндегі есептік жазбаны
қорғайды.
ЕСКЕРІМ: Құпия сөзді Computer Setup мазмұндарын
қорғау үшін қолдану мүмкін емес.
68 Бап 9 Қауіпсіздік