HP Laptop User's Guide - Windows 8

ЕСКЕРІМ: Компьютердің қауіпсіздік кабелінің ұясы осы бөлімдегі суреттегіден сəл өзгешелеу
болуы мүмкін. Компьютеріңіздегі қауіпсіздік кабелінің ұясы орналасқан жері туралы ақпаратты
Компьютермен танысу 4-бетте бөлімінен қараңыз.
1. Қауіпсіздік кабелін қорғалатын затқа ораңыз.
2. Кілтті (1) кабель құлпына (2) салыңыз.
3. Кабель құлпын компьтердегі қауіпсіздік кабелінің ұясына (3) салыңыз да, сосын оны
кілтпен жабыңыз.
Саусақ ізін оқу құрылғысын қолдану (тек таңдаулы
модельдерде)
Орнатылған саусақ ізін оқу құрылғылары тек таңдаулы үлгілерде қолжетімді болады. Саусақ
ізін оқу құрылғысын пайдалану үшін, компьютерде пайдаланушының есептік жазбасы мен құпия
сөзін тағайындау керек. Бұл есептік жазба арқылы анықталған саусағыңызбен компьютерге
тигізіп, жүйеге кіруге болады. Сонымен қатар, саусақ ізін оқу құрылғысын жүйеге кіру кезінде
веб-сайттар мен басқа да бағдарламалардың құпия сөзін
енгізу үшін пайдалануға болады.
Нұсқауларды саусақ ізін оқу бағдарламасының анықтама бөлімінен қараңыз.
Саусақ ізін оқу сəйкестілігін жасап болған соң, пайдаланушы аты мен құпия сөзін қажет ететін
кез келген бағдарламаға өкілеттілік жасау үшін саусақ ізі сканерін пайдалаунға мүмкіндік
беретін Бірыңғай кіру қызметін орнатуға болады.
Саусақ ізін оқу құрылғысының орналасуы
Саусақ ізін оқу құрылғысы компьютердің төмендегі жерлерінде орналасқан кішкендей темір
сенсор:
Сенсорлы тақтаның төменгі жағының қасында
Пернетақтаның оң жағында
Дисплейдің оң жақ жоғарғы бұрышында
Дисплейдің сол жағында
Саусақ ізін оқу құрылғысын қолдану (тек таңдаулы модельдерде)79