HP Laptop User's Guide - Windows 8
●
Құрғақ микроталшықты тазалау шүберегі немесе күдері (майланбаған жұмсақ шүберек)
● Жұмсақ шүберек сүрткілер
ЕСКЕРТУ: Келесі тазалау өнімдерін пайдаланбаңыз:
Спирт, ацетон, аммоний хлорид, матилен хлорид жəне гидрокарбонат сияқты күшті тұнбалар.
Олар компьютер бетін түбегейлі зақымдайды.
Компьютерді сызаттауы мүмкін қағаз сүлгілер сияқты талшықты материалдар. Уақыт өткенде,
кір жəне тазалағыш заттар сызаттарды бітеуі мүмкін.
Тазалау қадамдары
Осы нұсқаулықта берілген нұсқауларды компьютерді қауіпсіз тазалау үшін орындаңыз.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Ток соғу немесе жабдықтың зақымдалуын болдырмау үшін, токқа қосулы
компьютерді тазаламаңыз:
Компьютерді өшіріңіз.
Сыртқы қуат көзінен ажыратыңыз.
Токқа қосылатын сыртқы құрылғылардың барлығын ажыратыңыз.
ЕСКЕРТУ: Компьютер бетіне тазарту заттары немесе сұйықтықтарын тікелей шашпаңыз.
Бетіне түскен сұйықтықтар ішкі бөліктердің зақымдалуына əкелуі мүмкін.
Дисплейді тазалау
Дисплейді жұмсақ, талшықтары жоқ, спиртсіз əйнек тазалау сұйығымен дымқылданған
шүберекпен абайлап сүртіңіз. Дисплейді жаппай тұрып, оны құрғатып алу керек.
Компьютердің шеттері мен қақпағын тазалау
Құрылғының жақтары мен қақпағын тазалау жəне зарарсыздандыру үшін, жоғарыда аталған
тазалау сұйықтықтарының біреуіне суланған жұмсақ микроталшық матаны, күдеріні немесе бір
рет пайдаланылатын бактерицидті сүркіні пайдаланыңыз.
ЕСКЕРІМ: Компьютердің бетін тазалау кезінде, ластануды жəне қоқымдарды кетіру үшін
айнала қозғалыс жасап сүтіңіз.
Сенсорлық тақта мен пернетақтаны тазалау
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Ішкі бөлшектерінен ток соғуды болдырмай немесе ішкі бөліктеріне зақым
келтірмей тазалау үшін шаңсорғышты қолданбаңыз. Шаңсорғышты қолданғанда пернетақта
бетіне тұрмыстық қалдықтар жиналып қалуы мүмкін.
ЕСКЕРТУ: Сенсорлық тақтаны жəне пернетақтаны тазалау кезінде, сұйық заттардың
пернелер арасына тамып кетуін болдырмаңыз. Бұл ішкі бөліктерді бір жолға зақымдауы мүмкін.
● Сенсорлық тақта мен пернетақтаны тазалау жəне зарарсыздандыру үшін, жоғарыда
аталған тазалау сұйықтықтардың біреуіне суланған жұмсақ микроталшық матаны, күдеріні
немесе бір рет пайдаланылатын зарарсыздандырғыш сүрткіні пайдаланыңыз.
●
Пернелердің жабысып қалуын болдырмай, пернетақтадан шаңды, талшықтарды жəне
қоқымдарды кетіру үшін түтігі бар қаңылтыр құтыдағы қысылған ауаны пайдаланыңыз.
84 Бап 10 Күтім