HP Laptop User's Guide - Windows 8

11 Сақтық көшірме жасау жəне қалпына
келтіру
Ақпаратты қорғау мақсатында, жеке файлдар мен қалталардың сақтық көшірмесін, бүкіл қатты
дисктің сақтық көшірмесін жасау немесе жүйені қалпына келтіру нүктелерін жасау үшін Windows
Backup жəне Restore мүмкіндігін пайдаланыңыз. Жүйе жұмыс істемей қалғанда, компьютердің
мазмұнын сақтық көшірме файлдарымен қалпына келтіруге болады.
Бастау экранына қалпына келтіру сөзін жазып, параметрлер тармағын басыңыз, одан кейін
бағдарламалар тізімінен таңдаңыз.
ЕСКЕРІМ: Сақтық көшірме жасау жəне қпаратты қалпына келтіру туралы қосымша ақпарат
алу үшін анықтама жəне қолдау бөлімін қараңыз. Бастау экранынан анықтама сөзін теріп, одан
кейін Анықтама жəне қолдау пəрменін таңдаңыз.
Жүйе тұрақсыз болса, HP компаниясы қалпына келтіру процедураларын басып шығаруды жəне
кейін пайдалану үшін сақтап қоюды ұсынады.
ЕСКЕРІМ: Windows жүйесі компьютердің қауіпсіздігін жақсарту үшін, пайдаланушы есептік
жазбасын басқару мүмкіндігін қамтиды. Бағдарламалық құралды орнату, қызметтерді іске қосу
немесе Windows параметрлерін өзгерту сияқты тапсырмаларды орындау үшін сізден рұқсат
немесе құпия сөз сұралуы мүмкін. Қосымша мəлімет алу үшін «Справка и поддержка»
(Анықтама жəне қолдау) тармағын қараңыз. Бастау экранынан анықтама сөзін теріп, одан кейін
Анықтама
жəне қолдау пəрменін таңдаңыз.
Ақпараттың сақтық көшірмесін жасау
Жүйе ақаулығынан кейін жүйені қалпына келтіру жəне жақын арада жасалған сақтық көшірме
бірдей нəтиже береді. Жүйені орнатқаннан кейін бірден жүйені жөндеу медиясын жасақтап,
бастапқы сақтық көшірме жасау жүйесін орнатуыңыз керек. Жаңа бағдарлама жəне деректер
файлдары қосылғаннан кейін ең соңғы сақтық көшірме жасауды қамтамасыз ету үшін жүйенің
сақтық көшірмесін жүйелі түрде жасауды жалғастыру
қажет. Жүйені жөндеу медиясы
компьютерді іске қосуға (бастауға) жəне жүйе тұрақсыз болған немесе істемей қалған жағдайда
амалдық жүйені жөндеуге қолданылады. Алғашқы жəне кейінгі сақтық көшірмелеріңіз ақаулық
орын алғанда деректерді қалпына келтіруге мүмкіндік береді.
Бастау экранына сақтық көшірме деп жазып, параметрлер пəрменін басыңыз, одан кейін
файлдардың сақтық көшірмелерін файл тарихы арқылы сақтаңыз пəрменін таңдаңыз
.
Ақпараттың сақтық көшірмесін қосымша сыртқы қатты диск немесе желілік дискке сақтауға
болады.
Сақтық көшірме жасау кезінде төмендегі кеңестерге назар аударыңыз:
Жеке файлдарды Құжаттар кітапханасына сақтап, олардың сақтық көшірмелерін тұрақты
түрде жасап тұрыңыз.
Тиісті бағдарламаларында сақталатын үлгілердің сақтық көшірмелерін жасаңыз.
Терезе, құралдар тақтасы не мəзір жолында реттелетін параметрлерді олардың экран
суретін
жасау арқылы сақтаңыз. Параметрлерді қалпына келтіру қажет болған кезде экран
суреті уақытыңызды сақтауы мүмкін.
86 Бап 11 Сақтық көшірме жасау жəне қалпына келтіру