HP Laptop User's Guide - Windows 8

Сақтық көшірме жасау жəне қалпына келтіру мүмкіндігінің көмегімен сақтық көшірме жасау үшін
:
ЕСКЕРІМ: Сақтық көшірме жасау үрдісін бастамас бұрын компьютердің айнымалы ток көзіне
жалғанғанын тексеріңіз.
ЕСКЕРІМ: Сақтық көшірме жасау үрдісіне файл өлшеміне жəне компьютердің жазу
жылдамдығына байланысты бір сағаттай уақыт қажет болуы мүмкін.
1. Бастау экранына сақтық көшірме деп жазып, параметрлер тармағын басыңыз, одан
кейін бағдарламалар тізімінен таңдаңыз.
2. Сақтық көшірме жүйесін орнату үшін, жүйе бейнесін жасау үшін немесе жөндеу медиясын
жасау үшін, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Жүйені қалпына келтіруді жүзеге асыру
Жүйе қателігі немесе тұрақсыздығы орын алса, компьютер файлдарыңызды қалпына келтіру
үшін төмендегі құралдарды қамтамасыз етеді:
Windows қалпына келтіру құралдары: Windows Backup and Restore бағдарламасын
пайдаланып бұрын сақтық көшірмесі жасалған ақпаратты қалпына келтіруге болады.
Windows Startup Repair көмегімен Windows жүйесіне дұрыс іске қосылуға кедергі жасайтын
проблемаларды шешуге болады.
f11 қалпына келтіру құралдары. f11 қалпына келтіру құралдарын пайдаланып түпнұсқалық
қатты диск бейнесін
қалпына келтіруге болады. Бейнеге Windows амалдық жүйесі жəне
зауытта орнатылған бағдарламалық құрал бағдарламалары кіреді.
ЕСКЕРІМ: Компьютерді іске қосу (бастау) əрі бұрын жасалған жүйені жөндеу дискілерін
пайдалану мүмкін болмаса, Windows 8 амалдық жүйесінің медиясын сатып алып, компьютерді
қайта жүктеу жəне амалдық жүйені жөндеу керек болады. Қосымша ақпарат алу үшін
Windows
8 амалдық жүйесінің DVD дискісін (бөлек сатылады) пайдалану 89-бетте бөлімін қараңыз.
Windows қалпына келтіру құралдарын пайдалану
Бұрын сақтық көшірмесі жасалған ақпаратты қалпына келтіру үшін:
Бастау экранынан анықтама сөзін теріп, одан кейін Анықтама жəне қолдау пəрменін
таңдаңыз.
Startup Repair көмегімен ақпаратты қалпына келтіру үшін, мына қадамдарды орындаңыз:
Жүйені қалпына келтіруді жүзеге асыру 87