HP Laptop User's Guide - Windows 8

ЕСКЕРТУ: Кейбір Startup Repair опциялары қатты драйвты мүлдем жойып, қайта пішімдейді.
Қосымша ақпарат алу үшін, Анықтама жəне қолдау бөлімін қараңыз. Бастау экранынан
анықтама сөзін теріп, одан кейін Анықтама жəне қолдау пəрменін таңдаңыз.
1. Мүмкін болса, барлық жеке файлдардың сақтық көшірмесін жасаңыз.
2. Мүмкін болса, HP Recovery бөлімінің бар-жоғын тексеріңіз: Бастау экранына компьютер
деп жазып, одан кейін Анықтама жəне қолдау пəрменін таңдаңыз.
HP Recovery бөлімін тексеру үшін, бастау экранына windows explorer дер жазып,
Windows Explorer тармағын басыңыз.
немесе
Бастау экранына компьютер деп жазып, одан кейін Анықтама жəне қолдау пəрменін
таңдаңыз
.
ЕСКЕРІМ: Егер Windows жəне HP қалпына келтіру бөлімдері тізімде болмаса, амалдық
жүйені жəне бағдарламаларды Windows 8 амалдық жүйесінің медиясы жəне драйверді
қалпына келтіру дискісі арқылы (екеуі де бөлек сатып сатылады) қалпына келтіру керек.
Қосымша ақпарат алу үшін
Windows 8 амалдық жүйесінің DVD дискісін (бөлек сатылады)
пайдалану 89-бетте бөлімін қараңыз.
3. Егер Windows жəне HP Recovery бөлімдері тізімде болса, компьютер жұмысын қайта
бастаңыз. Windows қалпына келтіру ортасы (WinRE) тармағын ашу үшін, қайта бастау
түймесін басыңыз да, shift пернесін басып ұстап тұрыңыз.
ЕСКЕРІМ: Егер WinRE қызметі бірнеше əрекеттен кейін басталмаса, жүйе WinRE
қызметін əдепкі реттеу бойынша ашады.
4. Іске қосылуды жөндеу тармағын таңдаңыз.
5. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
ЕСКЕРІМ: Windows құралдарымен ақпаратты қалпына келтіру туралы қосымша ақпарат алу
үшін, Анықтама жəне қолдау қызметінен осы тақырыптарды іздеңіз. Бастау экранынан
анықтама сөзін теріп, одан кейін Анықтама жəне қолдау пəрменін таңдаңыз.
f11 қалпына келтіру құралдарын пайдалану
ЕСКЕРТУ: f11 пернесін пайдалану қатты дисктегі мазмұнды толығымен жойып, оны қайта
пішімдейді. Жасалған барлық файлдар мен компьютерге орнатылған кез-келген
бағдарламалық құрал біржолата жойылады. f11 қалпына келтіру құралы зауытта орнатылған
амалдық жүйені жəне НР бағдарламалары мен драйверлерін қайта орнатады. Зауытта
орнатылмаған бағдарламалық құралдарды қайта орнату керек болады.
Түпнұсқалық қатты диск бейнесін f11 көмегімен қалпына келтіру үшін:
1. Мүмкін болса, барлық жеке файлдардың сақтық көшірмесін жасаңыз.
2. Мүмкін болса, HP Recovery бөлімінің бар-жоғын тексеріңіз: Бастау экранына компьютер
деп жазып, одан кейін Анықтама жəне қолдау пəрменін таңдаңыз.
ЕСКЕРІМ: HP Recovery бөлімі тізімде болмаса, амалдық жүйе мен бағдарламаларды
Windows 8 амалдық жүйесінің дискісі мен драйверді қалпына келтіру дискісін (екеуі де
бөлек сатылады) пайдаланып қалпына келтіру керек болады. Қосымша ақпарат алу үшін
Windows 8 амалдық жүйесінің DVD дискісін (бөлек сатылады) пайдалану 89-бетте
бөлімін қараңыз.
88 Бап 11 Сақтық көшірме жасау жəне қалпына келтіру