HP Laptop User's Guide - Windows 8

3. Егер HP Recovery бөлімі тізімде болса, компьютерді қайта іске қосыңыз жəне экранның
төменгі жағында Бастау мəзірін ашу үшін ESC пернесін басыңыз хабары көрсетілгенде,
esc пернесін басыңыз.
4. Экранда «Press <F11> for recovery» (Қалпына келтіру үшін F11 пернесін басыңыз) хабары
шыққанда f11 пернесін басыңыз.
5. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Windows 8 амалдық жүйесінің DVD дискісін (бөлек сатылады)
пайдалану
Windows 8 амалдық жүйесінің DVD дискісіне тапсырыс беру үшін, http://www.hp.com/support
торабына кіріп, елді немесе аймақты таңдаңыз, одан кейін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Сондай-ақ, қолдау көрсету орталығына қоңырау шалу арқылы DVD дискісіне тапсырыс бере
аласыз. Байланыс ақпаратын алу үшін компьютермен бірге жіберілген Дүниежүзілік телефон
нөмірлері кітапшасын қараңыз.
ЕСКЕРТУ: Windows 8 амалдық жүйесінің DVD дискісін пайдалану қатты диск мазсұнын
толығымен өшіреді əрі қатты диск жетегін қайта пішімдейді. Жасалған барлық файлдар мен
компьютерге орнатылған кез-келген бағдарламалық құрал біржолата жойылады. Қайта
пішімдеу аяқталғанда, қалпына келтіру процесі амалдық жүйені, сондай-ақ драйверлерді,
бағдарламалық құралдарды жəне құралдарды қалпына келтіруге көмектеседі.
Windows 8 амалдық жүйесінің DVD дискісін пайдаланып қалпына келтіруді іске қосу үшін:
ЕСКЕРІМ: Бұл процесс бірнеше минутқа созылады.
1. Мүмкін болса, барлық жеке файлдардың сақтық көшірмесін жасаңыз.
2. Компьютерді қайта бастаңыз, одан кейін амалдық жүйені орнату үшін Windows 8 амалдық
жүйесінің медиясы қамтамасыз еткен нұсқауларды орындаңыз.
3. Сұралғанда, пернетақтадағы кез-келген пернені басыңыз.
4. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Жөндеу аяқталғаннан кейін:
1. Windows 8 амалдық жүйесінің DVD дискісін шығарып, Драйверді қалпына келтіру дискісін
салыңыз.
2. Алдымен Аппараттық құралды
қосу драйверлерін, одан кейін ұсынылған
бағдарламаларды орнатыңыз.
HP бағдарлама орнату жүйесін пайдалану
HP бағдарлама орнату жүйесі драйверлерді қайта орнату немесе бүлінген немесе жүйеден
алынып тасталған бағдарламаны таңдау үшін қолданылады.
1. Бастау экранына HP бағдарлама орнату жүйесі деп жазыңыз, одан кейін apps
тармағын таңдаңыз.
2. HP бағдарлама орнату жүйесін ашу
3. Драйверлерді қайта орнату немесе бағдарлама таңдау үшін, экрандағы нұсқауларды
орындаңыз.
Жүйені қалпына келтіруді жүзеге асыру 89