The first HP laptop to run was Windows 7

(Желі жəне Интернет) > Центр управления сетями и общим доступом (Желілер мен
ортақ пайдалануды басқару орталығы) тармағын таңдаңыз.
ЕСКЕРІМ: Шебер Windows желіаралық қалқанының қосылуын немесе ажыратылуын
таңдауды сұраса, желіаралық қалқанды қосу пəрменін таңдаңыз.
Сымсыз желіге қосылу
Сымсыз технология деректерді сым арқылы емес, радио толқындары арқылы тасымалдайды.
Компьютерде келесі сымсыз құрылғылардың біреу немесе бірнешеуі болуы мүмкін:
Сымсыз жергілікті желі (WLAN) құрылғысы
Bluetooth құрылғысы
Сымсыз байланыс технологиясы туралы жəне сымсыз желіге қосылу туралы қосымша ақпарат
алу үшін, НР ноутбугінің анықтамалық нұсқаулығын, анықтама жəне қолдау орталығындағы
веб-тораптар сілтемелерін жəне берілген мəліметтерді
қараңыз.
Бар WLAN желісіне қосылу
1. Компьютерді қосыңыз.
2. WLAN құрылғының қосулы екендігіне көз жеткізіңіз.
3. Тапсырмалар тақтасының оң жағындағы хабарландыру аймағында орналасқан желі
белгішесін түртіңіз.
4. Керекті желіні таңдаңыз.
ЕСКЕРІМ: Егер WLAN тізімі көрсетілсе, сымсыз жол жоспарлағышы ауқымының немесе
кіру нүктесінің сыртында болуыңыз мүмкін.
ЕСКЕРІМ: Жалғанатын желі көрсетілмесе, Открыть центр управления сетями и
общим доступом (Желілер мен ортақ пайдалануды басқару орталығын ашу) пəрменін
таңдап, Настройка нового подключения или сети (Жаңа қосылым немесе желіні орнату)
түймешігін басыңыз. Мүмкіндіктер тізімі көрсетіледі. Желі іздеу жəне оған жалғану
жұмысының қолмен орындалуын немесе жаңа желі байланысының орнатылуын таңдауға
болады.
5. Соединить (Қосу) түймешігін басыңыз.
6. Егер желі қауіпсіз қосылған WLAN желісі болса, сізден желінің қауіпсіздік кілтін енгізу
сұралады, бұл қауіпсіздік коды болып табылады. Кодты енгізіп, қосылуды аяқтау үшін, OK
түймешігін басыңыз.
Жаңа WLAN желісін орнату
Қажетті жабдық:
Кең жолақты модем (DSL немесе кабельді) (1) жəне Интернет қызметі провайдерінен
сатып алынған жылдамдығы жоғары Интернет қызметі.
Сымсыз жол жоспарлағышы (бөлек сатылады) (2).
Жаңа сымсыз компьютер (3)
ЕСКЕРІМ: Кейбір модемдердің кірістірілген сымсыз маршрутизаторлары бар. Модем түрін
анықтау үшін, Интернет провайдеріне хабарласыңыз.
Сымсыз желіге қосылу 21