The first HP laptop to run was Windows 7

4 Пернетақта жəне меңзегіш
құрылғылары
Пернетақтаны пайдалану
Үстіңгі жолдағы пернелерді анықтау
Жылдам пернеfn пернесінің жəне esc пернесінің немесе функционалдық пернелердің
біреуінің тіркесімі.
Пернелер тіркесімін пайдалану:
fn пернесін аз уақыт басып, жылдам пернелер тіркесімінің екінші пернесін аз уақыт
басыңыз.
Жылдам пернелер
тіркесімі
Сипаттама
fn+esc Жүйе ақпаратын көрсетеді.
fn+f1 Ұйқы күйін қосады, бұл ақпаратыңызды жүйелік жадқа сақтайды. Дисплей жəне басқа жүйе
бөліктерді өшіріліп, қуат үнемделеді.
Ұйқы күйінен шығу үшін қуат түймешігін басып қалыңыз.
ЕСКЕРТУ: Ақпараттың жоғалу қаупін азайту үшін, ұйқы күйіне өтпей тұрып, жұмысты сақтап
қойыңыз.
ЕСКЕРІМ: Компьютер күту режимінде болғанда батарея заряды өте төмен деңгейге жеткен
жағдайда, компьютер ұйықтау режиміне
өтеді, ал ақпарат қатты дискіге сақталады.
fn+f1 жылдам пернесінің функциясын өзгертуге болады. Мысалы, fn+f1 жылдам пернесімен
ұйқы күйін емес, күту күйін қосатын етіп реттеуге болады. Барлық Windows амалдық жүйе
терезелерінде ұйқы түймешігіне сілтемелер fn+f1 жылдам пернесіне қатысты болады.
fn+f2 Экран жарықтығының деңгейін төмендетеді.
fn+f3 Экран жарықтығының деңгейін ұлғайтады.
fn+f4 Жүйеге қосылған дисплейлердің арасында экран кескінін ауыстырып көрсетеді. Мысалы,
монитор компьютерге қосылған болса, fn+f4 пернелер тіркесімі экран бейнесін компьютер
дисплейінен монитор дисплейіне ауыстырып, компьютер мен монитордың екеуінде көрсетеді.
Сыртқы мониторлардың басым бөлігі компьютерден бейне ақпаратын сыртқы VGA бейне
стандарты арқылы қабылдайды. fn+f4 жылдам пернесі компьютерден бейне ақпарат алатын
басқа құрылғылардағы бейнелерді
де ауыстыруы мүмкін.
fn+f5 QuickLock қауіпсіздік мүмкіндігін қосады. QuickLock бағдарламасы амалдық жүйеге кіру
терезесін көрсету арқылы ақпаратты қорғайды. Кіру терезесі көрсетілген кезде Windows
пайдаланушысының немесе əкімшісінің құпия сөзі енгізілмегенше компьютерге кіру мүмкін
емес.
ЕСКЕРІМ: QuickLock бағдарламасын пайдаланбас бұрын, Windows пайдаланушы құпиясөзін
немесе Windows əкімші құпиясөзін орнату керек болады. Нұсқауларды Справка и поддержка
(Анықтама жəне қолдау) бөлімінен табуға болады.
24 Бап 4 Пернетақта жəне меңзегіш құрылғылары