The first HP laptop to run was Windows 7
Кірістірілген сандық пернетақтаны қосу жəне сөндіру
Кірістірілген сан пернелерінің панелін қосу үшін, fn+num lk пернелер тіркесімін басыңыз.
Пернелер панелін өшіру үшін, fn+num lk пернелер тіркесімін қайтадан басыңыз.
ЕСКЕРІМ: Cыртқы пернетақта немесе сан пернелерінің панелі компьютерге жалғанғанда,
кірістірілген сан пернелерінің панелі өшеді.
Кірістірілген сандық пернетақта пернелерінің функцияларын ауыстырып қосу
Кірістірілген сандық пернетақта пернелерінің функцияларын олардың стандарты пернетақта
функциялары мен сандық пернетақта функцияларының арасында ауыстырып қосуға болады.
●
Пернетақта өшірулі кезде оның пернесінің шарлау функциясын пайдалану үшін,
пернетақта пернесін басқан кезде fn пернесін басып ұстап тұрыңыз.
●
Сандық пернетақта қосулы кезде оның пернесінің стандартты функциясын пайдалану
үшін
◦ Кіші əріптермен жазу үшін, fn пернесін басып ұстап тұрыңыз.
◦
Бас əріппен жазу үшін, fn+shift пернелер тіркесімін басып тұрыңыз.
Біріктірілген сандық пернетақтаны пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде)
Бөлік Сипаттама
num lk пернесі Кірістірілген сандық пернетақтада шарлау жəне сандық
функциялар арасында ауысады.
ЕСКЕРІМ: Компьютер өшірілген кезде белсенді болатын
пернетақта функциясы компьютер кері қосылғанда қосулы болып
қалады.
Кірістірілген сандық пернетақта Оны сыртқы сандық пернетақта сияқты пайдалануға болады.
Қосымша сыртқы сандық пернетақтаны пайдалану
Сыртқы сан пернелер панелінің көбінде пернелер num lock функциясы қосулы немесе өшірулі
болғанына байланысты əртүрлі жұмыс істейді. (Num lock зауытта ажыратылады.) Мысалы:
●
Num lock қосулы кезде, пернетақта пернелерінің көбі нөмірлер жазады.
●
Num lock өшірулі болған кезде, пернетақта пернелерінің көбі көрсеткі, бір бет жоғары
немесе бір бет төмен пернелері сияқты жұмыс істейді.
Сыртқы пернетақтадағы num lock функциясын қосу немесе өшіру үшін
:
●
Компьютердегі емес, сыртқы пернетақтадағы num lk пернесін басыңыз.
Меңзегіш құрылғыларды пайдалану
ЕСКЕРІМ: Компьютермен бірге жеткізілетін меңзегіш құрылғылармен қоса, сыртқы USB
тінтуірін оны компьютердегі USB порттарының біреуіне жалғау арқылы пайдалануға болады.
Меңзегіш құрылғылардың басым параметрлерін орнату
Түймешік конфигурациясы, басу жылдамдығы жəне меңзер параметрлері сияқты меңзегіш
құрылғыларына арналған параметрлерді реттеу үшін, Windows жүйесіндегі тінтуір
параметрлерін қолданыңыз.
26 Бап 4 Пернетақта жəне меңзегіш құрылғылары