The first HP laptop to run was Windows 7
Таңдау
Сенсорлы тақтаның сол жəне оң жақ түймешіктері сыртқы тінтуірдің сəйкес түймешіктері сияқты
пайдаланылады.
Сенсорлы тақта қимылдарын пайдалану
TouchPad панелі бірқатар іс-қимылдарды қолдайды. Сенсорлы тақта іс-қимылдарын пайдалану
үшін, сенсорлы тақтада екі бармақты бір уақытта орналастырыңыз.
ЕСКЕРІМ: сенсорлы тақта қимылдарына бағдарламалардың барлығында қолдау көрсетіле
бермейді.
Қимылдың көрсетілімін көру үшін, төмендегі қадамдарды орындаңыз:
1. Тапсырмалар тақтасының оң жағындағы хабарландыру аймағында орналасқан
Отображать скрытые значки (Жасырын белгішелерді көрсету) белгішесін басыңыз.
2.
Synaptics Pointing Device (Synaptics меңзегіш құрылғысы) белгішесін
басып,
Pointing Device Properties (Меңзегіш құрылғы сипаттары) параметрін таңдаңыз.
3. Параметры устройства (Құрылғы параметрлері) қойыншасын нұқып, ашылған терезеде
құрылғыны таңдаңыз, одан кейін Параметры (Параметрлер) басыңыз.
4. Көрсетілімді бастау үшін, қимылды басыңыз.
Іс-қимылдарды қосу жəне ажырату:
1. Тапсырмалар тақтасының оң жағындағы хабарландыру аймағында орналасқан
Отображать скрытые значки (Жасырын белгішелерді көрсету) белгішесін басыңыз.
2.
Synaptics Pointing Device (Synaptics меңзегіш
құрылғысы) белгішесін басып,
Pointing Device Properties (Меңзегіш құрылғы сипаттары) параметрін таңдаңыз.
3. Параметры устройства (Құрылғы параметрлері) қойыншасын нұқып, ашылған терезеде
құрылғыны таңдаңыз, одан кейін Параметры (Параметрлер) басыңыз.
4. Қосылатын немесе өшірілетін қимылдың қасындағы ұяшыққа құсбелгі қойыңыз.
5. Применить (Қолдану) түймешігін, одан кейін OK түймешігін басыңыз.
ЕСКЕРІМ: Компьютер қосымша сенсорлы тақта мүмкіндіктерін де қолдайды. Бұл
мүмкіндіктерді көру жəне қосу үшін, тапсырмалар тақтасының оң жақ шетінде орналасқан
хабарландыру аймағындағы Synaptics Pointing Device (Synaptics меңзегіш құрылғысы)
белгішесін басып, Device Settings (Құрылғы параметрлері) қойыншасын ашыңыз. Ашылған
терезедегі құрылғыны нұқып, Settings (Параметрлер) пəрменін таңдаңыз.
Меңзегіш құрылғыларды пайдалану 29