The first HP laptop to run was Windows 7

5 Техникалық қызмет көрсету
Батарея салу немесе алып тастау
ЕСКЕРІМ: Батареяны пайдалану туралы қосымша ақпаратты Справочное руководство НР
ноутбука (HP ноутбугының анықтамалық нұсқаулығы) ішінен қараңыз.
Батареяны салу үшін
Батареядағы (1) ілгектерді компьютердегі ойықтарға туралаңыз да батарея ұясын салып,
батареяны (2) орнына түскенше басыңыз.
Батареяны босату ысырмалары батареяны оның орнына автоматты түрде
орналастырады.
Батареяны алу үшін
ЕСКЕРТУ: Жалғыз қуат көзі болатын батареяны шығарып алу ақпараттың жоғалуына апаруы
мүмкін. Ақпараттың жоғалуын болдырмау үшін, жұмысыңызды сақтап, күту күйін қосыңыз
немесе батареяны шығарып алмас бұрын, компьютерді Windows арқылы өшіріңіз.
1. Батареяны шығарып алу үшін, батареяны босату ысырмаларын (1) сырғытыңыз.
ЕСКЕРІМ: Батареяны босату ысырмаларын бір уақытта немесе бірінен соң бірін
жылжытуға болады.
Батарея салу немесе алып тастау 31