The first HP laptop to run was Windows 7
3. Қатты дискінің төрт бұрандасын (2) орнына салыңыз.
4. Қызмет көрсетуге арналған есікті орнына салыңыз (Қызмет көрсетуге арналған есікті алу
жəне орнына салу 33-бетте бөлімін қараңыз).
5. Қажет болса, қауіпсіздік бұрандасын орнына салыңыз (
Қосымша қауіпсіздік бұрандасын
пайдалану 32-бетте бөлімін қараңыз).
6. Батареяны орнына салыңыз (
Батарея салу немесе алып тастау 31-бетте бөлімін қараңыз).
7. Компьютерді жоғары қаратып, сыртқы қуатты жəне сыртқы құрылғыларды қайта қосыңыз.
8. Компьютерді қосыңыз.
Жад модулін қосу немесе ауыстыру
Компьютерде екі жад модулінің ұясы бар. Бос болған ұяға жад модулін қосу немесе бастапқы
ұядағы жад модулін жаңарту арқылы компьютердің жад көлемін арттыруға болады.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Ток соғу немесе жабдықтың зақымдалу қатерін азайту үшін, қуат сымын
ажыратып, жад модулін орнатпас бұрын, барлық батареяларды шығарып алыңыз.
ЕСКЕРТУ: Электростатикалық ток соғу (ESD) электроникалық бөліктерді зақымдауы мүмкін.
Қандай да бір іс ретін бастамастан бұрын, жерге орнатылған нысанды түрту арқылы
бойыңызда тұрақты электр тогының жоқтығын тексеріңіз.
ЕСКЕРІМ: Екінші жад модулін қосқанда, қос арна конфигурациясын пайдалану үшін, екі жад
модулінің бірдей болу керек.
Жад модулін қосу немесе ауыстыру 37