The first HP laptop to run was Windows 7
Жад модулін қосу немесе ауыстыру үшін
ЕСКЕРТУ: мəліметтердің жоғалуын немесе жүйенің жауапсыз қалуын болдырмау:
Жад модульдерін қоспас немесе алмастырмас бұрын, компьютерді өшіріңіз. Компьютер қосулы
тұрғанда, ұйқы немесе күту күйінде болғанда, жад модулін шығармаңыз.
Егер компьютердің өшірулі немесе күту күйінде тұрғандығына сенімді болмасаңыз, қуат
түймешігін басып, компьютерді өшіріңіз. Одан кейін компьютерді амалдық жүйе арқылы
өшіріңіз.
1. Жұмысты сақтап, компьютерді өшіріңіз.
2. Компьютерді айнымалы ток розеткасынан жəне жалғанған сыртқы құрылғылардың
барлығын ажыратыңыз.
3. Компьютерді тегіс жерге төңкеріп қойыңыз.
4. Батареяны шығарып алыңыз (
Батарея салу немесе алып тастау 31-бетте бөлімін
қараңыз).
5. Пайдаланылған болса, қауіпсіздік бұрандасын (
Қосымша қауіпсіздік бұрандасын
пайдалану 32-бетте бөлімін қараңыз) шығарып алыңыз.
6. Қызмет көрсетуге арналған есікті алыңыз (
Қызмет көрсетуге арналған есікті алу жəне
орнына салу 33-бетте тарауын қараңыз).
7. Егер жад модулін ауыстырып жатсаңыз, бар жад модулін алып тастаңыз:
а. Жад модулінің екі жағындағы ұстап тұратын қыстырғыштарды (1) тартып алыңыз.
Жад модулінің бұрыштарын жоғары қаратыңыз.
ə. Жад модулінің шеттерінен ұстап (2), ұясынан ақырын сыртқа шығарыңыз.
ЕСКЕРТУ: жад модулінің зақымдануын болдырмау үшін, оны жиектерінен ғана
ұстаңыз. Жад модуліндегі бөліктерге тимеңіз.
Шығарғаннан кейін жад модулін қорғау үшін, оны электростатикалық ток өтпейтін
контейнерге салыңыз.
38 Бап 5 Техникалық қызмет көрсету