The first HP laptop to run was Windows 7

Бағдарламалар мен драйверлерді жаңарту
НР компаниясы бағдарламалар мен драйверлерді жүйелі түрде соңғы нұсқалармен жаңартуды
ұсынады. Ең соңғы нұсқаларды жүктеп алу үшін
http://www.hp.com/support торабына өтіңіз.
Жаңартулардың бар екені туралы ескертулерді автоматты түрде алу үшін тіркелу қажет.
Компьютерді тазалау
Тазалау заттары
Компьютерді қауіпсіз тазалау жəне зарарсыздандыру үшін мына заттарды пайдаланыңыз:
Диметилбензил аммоний хлориді, ең үлкен концентрациясы 0,3 пайыз (Мысалы: бір рет
қолданылатын бактерицидтік майлықтар. Бұл майлықтардың сан алуан түрі бар.)
Шыны тазалауға арналған спиртсіз сұйықтық
Жеңіл сабынды ерітінді қосылған су
Құрғақ талшықты тазалағыш мата немесе күдері (майсыз антистатикалық мата)
Антистатикалық майлықтар
ЕСКЕРТУ: Мына тазалағыш заттарды пайдаланбаңыз:
Спирт, ацетон, аммоний хлориді, метиленхлорид сияқты қатты еріткіштер мен көмірсутектер;
олардан компьютердің бетіне қатты зақым келуі мүмкін.
Қағаз сүлгі сияқты талшықты материалдар компьютерге сызат келтіруі мүмкін. Уақыт өткенде,
кір жəне тазалағыш заттар сызаттарды бітеуі мүмкін.
Тазалау іс реті
Осы нұсқаулықта берілген нұсқауларды компьютерді қауіпсіз тазалау үшін орындаңыз.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Ток ұру немесе жабдықтың зақымдалуын болдырмау үшін, токқа қосулы
ноутбук немесе планшеттік компьютерді тазаламаңыз:
Компьютерді өшіріңіз.
Сыртқы қуат көзінен ажыратыңыз.
Токқа қосылатын сыртқы құрылғылардың барлығын ажыратыңыз.
ЕСКЕРТУ: Компьютер бетіне тазарту заттары немесе сұйықтықтарын тікелей шашпаңыз.
Бетіне түскен сұйықтықтар ішкі бөліктердің зақым алуына əкелуі мүмкін.
Дисплейді тазалау
Дисплейді спирті жоқ əйнек тазалағышқа суланған жұмсақ түксіз матамен абайлап сүртіңіз.
Дисплейді жаппас бұрын оның құрғақ болғандығына көз жеткізіңіз.
Құрылғының жақтары мен қақпағын тазалау
Жақтарды жəне қақпақты тазалау жəне дезинфекциялау үшін алдында тізілген тазалау
ерітінділерінің біріне малынған жұмсақ микроталшықты матаны немесе күдеріні пайдаланыңыз
немесе қолайлы бактерицидтік бір рет қолданылатын сүрткішті пайдаланыңыз.
ЕСКЕРІМ: Ноутбуктің бетін тазалау кезінде, айналдырып сүртіп ластануды жəне қоқымдарды
кетіріңіз.
40 Бап 5 Техникалық қызмет көрсету