The first HP laptop to run was Windows 7
HP Recovery Disc Creator арқылы қалпына келтіруге арналған екі түрлі DVD дискісі келесі
жолмен жасалады:
●
Windows амалдық жүйесі бар DVD дискісінен қосымша драйверлер немесе
бағдарламаларды орнатпай амалдық жүйе орнатылады. Бұл опция таңдалған жағдайда,
бастапқы амалдық жүйені жəне зауытта орнатылған бағдарламалық құралдарды қалпына
келтіруге мүмкіндік беретін DVD дискі жасалады.
●
Драйверлері бар DVD дискісінен HP Software Setup бағдарламасының драйверлер мен
бағдарламаларды орнататын сияқты жолымен арнайы
драйверлер мен бағдарламалар
ғана орнатылады.
Қалпына келтіру медиасын жасау
ЕСКЕРІМ: Амалдық жүйені қалпына келтіру медиасын бір рет қана жасауға болады. Одан
кейін медианы жасау мүмкін емес.
1. Пуск (Бастау) > Все программы (Барлық бағдарламалар) > Безопасность и защита
(Қауіпсіздік жəне қорғау) > HP Recovery Disc Creator (НР қалпына келтіру дискісін жасау
құралы) тармағын таңдаңыз.
2. Driver DVD (Драйверлері бар DVD дискісі) немесе Windows DVD (Windows амалдық
жүйесі бар DVD дискісі) мүмкіндігін таңдаңыз.
3. Қалпына келтіру дискісіне жазатын диск жетегін ашылмалы мəзірден таңдаңыз.
4. Жазу үрдісін бастау үшін Burn
(Жазу) түймешігін басыңыз.
Ақпараттың сақтық көшірмесін жасау
Жүйе ақаулығынан кейін жүйені қалпына келтіру жəне жақын арада жасалған сақтық көшірме
бірдей нəтиже береді. Бағдарламалық құралды орнатқаннан кейін, орнатылған оптикалық
дискіні (тек таңдаулы үлгілерде) немесе қосымша сыртқы оптикалық дискіні пайдаланып HP
Recovery Disc Creator көмегімен жүйені қалпына келтіру дискілерін (тек таңдаулы үлгілерде)
жасап, жүйенің сақтық көшірмесін жасауыңыз керек. Жаңа бағдарлама жəне деректер
файлдары қосылғаннан кейін
ең соңғы сақтық көшірме жасауды қамтамасыз ету үшін жүйенің
сақтық көшірмесін жүйелі түрде жасауды жалғастыру қажет. Жүйені жөндеу дискілері (тек
таңдаулы үлгілерде) компьютерді іске қосуға жəне жүйе тұрақсыз болған немесе істемей қалған
жағдайда амалдық жүйені жөндеуге қолданылады. Алғашқы жəне кейінгі сақтық көшірмелеріңіз
проблема туындағанда деректерді қалпына келтіруге мүмкіндік береді.
Қосымша сыртқы қатты
дискіге, желілік дискіге немесе дискілерге ақпараттың сақтық
көшірмесін жасауыңызға болады.
Сақтық көшірме жасау кезінде төмендегі кеңестерге назар аударыңыз:
●
Жеке файлдарды Құжаттар кітапханасына сақтап, олардың сақтық көшірмелерін тұрақты
түрде жасап тұрыңыз.
●
Тиісті бағдарламаларында сақталатын үлгілердің сақтық көшірмелерін жасаңыз.
●
Терезе, құралдар тақтасы не мəзір жолында реттелетін параметрлерді олардың экран
суретін жасау арқылы сақтаңыз
. Параметрлерді қалпына келтіру қажет болған кезде экран
суреті уақытыңызды сақтауы мүмкін.
●
Сақтық көшірмені дискіде сақтау кезінде мына диск түрлерін (бөлек сатылады)
пайдаланыңыз: CD-R, CD-RW, DVD+R, DVD+R DL, DVD-R, DVD-R DL немесе DVD±RW.
Пайдаланылатын дискілер компьютерге орнатылған оптикалық жинақтағыш дискінің түріне
байланысты болады.
Ақпараттың сақтық көшірмесін жасау 43