The first HP laptop to run was Windows 7
ЕСКЕРІМ: Ықшам дискілерге қарағанда, DVD дискілері мен қос қабатты DVD дискілерге
көбірек ақпарат сыятындықтан, сақтық көшірме кезінде, қажетті қалпына келтіру дискілер
санын азайтады.
●
Сақтық көшірме жасау кезінде, əрбір дискіні оптикалық жинақтағыш диск жетегіне салмай
тұрып нөмірлеңіз.
Backup and Restore көмегімен сақтық көшірме жасау үшін:
ЕСКЕРІМ: Сақтық көшірме жасау үрдісін бастамас бұрын, компьютердің айнымалы ток көзіне
жалғанғанын тексеріңіз.
ЕСКЕРІМ: Сақтық көшірме жасау үрдісіне файл өлшеміне жəне компьютердің жазу
жылдамдығына байланысты бір сағаттай уақыт қажет болуы мүмкін
1. Пуск (Бастау) > Все программы (Барлық бағдарламалар) > Обслуживание (Қызмет
көрсету) > Архивация и восстановление (Сақтық көшірме жасау жəне қалпына келтіру)
тармағын таңдаңыз.
2. Экрандық нұсқауларды орындап сақтық көшірме параметрлерін орнатыңыз, жүйе бейнесін
жасаңыз (тек таңдаулы үлгілерде) немесе жүйені жөндеу дискісін жасаңыз (тек таңдаулы
үлгілерде).
Жүйені қалпына келтіруді жүзеге асыру
Жүйе қателігі немесе тұрақсыздығы орын алса, компьютер файлдарыңызды қалпына келтіру
үшін төмендегі құралдарды қамтамасыз етеді:
●
Windows қалпына келтіру құралдары. Windows Backup and Restore бағдарламасын
пайдаланып бұрын сақтық көшірмесі жасалған ақпаратты қалпына келтіруге болады.
Windows Startup Repair көмегімен Windows жүйесіне дұрыс іске қосылуға кедергі жасайтын
проблемаларды шешуге болады.
●
f11 қалпына келтіру құралдары. f11 қалпына келтіру құралдарын пайдаланып түпнұсқалық
қатты диск бейнесін
қалпына келтіруге болады. Бейнеге Windows амалдық жүйесі жəне
зауытта орнатылған бағдарламалық құрал бағдарламалары кіреді.
ЕСКЕРІМ: Компьютерді іске қосу əрі бұрын жасалған жүйені жөндеу дискілерін (тек таңдаулы
үлгілерде) пайдалану мүмкін болмаса, Windows 7 амалдық жүйесінің DVD дискісін сатып алып
компьютерді қайта жүктеу жəне амалдық жүйені жөндеу керек болады. Қосымша ақпаратты
Windows 7 амалдық жүйесінің DVD дискісін (бөлек сатылады) пайдалану 46-бетте бөлімінен
қараңыз.
Windows қалпына келтіру құралдарын пайдалану
Бұрын сақтық көшірмесі жасалған ақпаратты қалпына келтіру үшін:
1. Пуск (Бастау) > Все программы (Барлық бағдарламалар) > Обслуживание (Қызмет
көрсету) > Архивация и восстановление (Сақтық көшірме жасау жəне қалпына келтіру)
тармағын таңдаңыз.
2. Экрандағы нұсқауларды орындап жүйе параметрлерін, компьютеріңізді (тек таңдаулы
үлгілерде) немесе файлдарыңызды қалпына келтіріңіз.
Startup Repair көмегімен ақпаратты қалпына келтіру үшін, мына
қадамдарды орындаңыз:
44 Бап 6 Сақтық көшірме жасау жəне қалпына келтіру