The first HP laptop to run was Windows 7
ЕСКЕРТУ: Startup Repair пайдалану қатты диск ішіндегісін толығымен өшіреді əрі қатты диск
жетегін қайта пішімдейді. Жасалған барлық файлдар мен компьютерге орнатылған кез келген
бағдарламалық құрал біржолата жойылады. Қайта пішімдеу аяқталғанда, қалпына келтіру
процесі қалпына келтіру сақтық көшірмесінен амалдық жүйені, сондай-ақ драйверлерді,
бағдарламалық құралдарды жəне утилиталарды қалпына келтіреді.
1. Мүмкін болса, барлық жеке файлдардың сақтық көшірмесін жасаңыз.
2. Мүмкін болса, Windows бөлімінің жəне HP Recovery бөлімінің бар-жоғын тексеріңіз.
Windows бөлімінің бар-жоғын тексеру үшін, Пуск (Бастау) > Компьютер тармағын
таңдаңыз.
HP Recovery бөлімінің бар-жоғын тексеру үшін, Пуск (Бастау) түймешігін басып,
Компьютер тармағын тінтуірдің оң жақ түймешігімен басыңыз да, Управление (Басқару)
пəрменін, одан кейін
Управление дисками (Дискілерді басқару) тармағын таңдаңыз.
ЕСКЕРІМ: Егер HP Recovery бөлімі жойылған болса, f11 қалпына келтіру функциясы
жұмыс істемейді. Егер Windows жəне HP Recovery бөлімдері мүмкіндіктер тізімінде
болмаса, амалдық жүйе мен бағдарламаларды Windows 7 амалдық жүйесінің DVD дискісі
жəне «Драйверді қалпына келтіру» дискісі арқылы (екеуі де бөлек сатып алынады)
қалпына келтіру керек. Қосымша ақпаратты
Windows 7 амалдық жүйесінің DVD дискісін
(бөлек сатылады) пайдалану 46-бетте бөлімінен қараңыз.
3. Windows бөлімі жəне HP Recovery бөлімі тізімде болса, компьютерді өшіріп, қайта қосыңыз
да, Windows амалдық жүйесі жүктелгенше f8 пернесін басыңыз.
4. Startup Repair (Іске қосылуды жөндеу) тармағын таңдаңыз.
5. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
ЕСКЕРІМ: Windows құралдарымен ақпаратты қалпына келтіру туралы қосымша ақпарат алу
үшін, Справка и Поддержка (Анықтама жəне қолдау) ішінде осы тақырыптарды іздеңіз.
f11 қалпына келтіру құралдарын пайдалану
ЕСКЕРТУ: f11 қалпына келтіру құралдары пайдаланылған болса, қатты дискідегі мазмұн
толығымен жойылып, қатты диск қайта пішімделеді. Жасалған барлық файлдар мен
компьютерге орнатылған кез келген бағдарламалық құрал біржолата жойылады. f11 қалпына
келтіру құралы зауытта орнатылған амалдық жүйені жəне НР бағдарламалары мен
драйверлерін қайта орнатады. Зауытта орнатылмаған бағдарламалық құралдарды қайта
орнату керек болады.
Түпнұсқалық қатты диск бейнесін f11 көмегімен қалпына келтіру үшін:
1. Мүмкін болса, барлық жеке файлдардың сақтық көшірмесін жасаңыз.
2. Мүмкін болса, HP Recovery бөлімінің бар-жоғын тексеріңіз: Пуск (Бастау) түймешігін
басып, Компьютер тармағын тінтуірдің оң жақ түймешігімен басыңыз да, Управление
(Басқару) пəрменін, одан кейін Управление дисками (Дискілерді басқару) тармағын
таңдаңыз.
ЕСКЕРІМ: HP Recovery бөлімі тізімде болмаса, амалдық жүйе мен бағдарламаларды
Windows 7 амалдық жүйесінің DVD дискісін мен Driver Recovery дискісін (екеуі де бөлек
сатылады) пайдаланып қалпына келтіру керек болады. Қосымша ақпаратты
Windows 7
амалдық жүйесінің DVD дискісін (бөлек сатылады) пайдалану 46-бетте бөлімінен
қараңыз.
Жүйені қалпына келтіруді жүзеге асыру 45