The first HP laptop to run was Windows 7
3. HP Recovery бөлімі тізімде болса, компьютерді өшіріп, қайта қосыңыз да, экранның төменгі
жағында «Press the ESC key for Startup Menu» (Бастау мəзірін ашу үшін, ESC пернесін
басыңыз) хабары көрсетіліп тұрғанда esc пернесін басыңыз.
4. Экранда «Press <F11> for recovery» (Қалпына келтіру үшін, F11 пернесін басыңыз) хабары
шыққанда, f11 пернесін басыңыз.
5. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Windows 7 амалдық жүйесінің DVD дискісін (бөлек сатылады)
пайдалану
Windows 7 амалдық жүйесінің DVD дискісіне тапсырыс беру үшін, http://www.hp.com/support
торабына кіріп, елді немесе аймақты таңдаңыз, одан кейін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
DVD дискісін техникалық қолдау қызметіне хабарласып та алуға болады. Байланыс ақпаратын
алу үшін, компьютермен бірге берілетін Worldwide Telephone Numbers (Дүние жүзілік телефон
нөмірлері) кітапшасын қараңыз.
ЕСКЕРТУ: Windows 7 амалдық жүйесінің DVD дискісін пайдалану қатты диск ішіндегісін
толығымен өшіреді əрі қатты диск жетегін қайта пішімдейді. Жасалған барлық файлдар мен
компьютерге орнатылған кез келген бағдарламалық құрал біржолата жойылады. Қайта
пішімдеу аяқталғанда, қалпына келтіру процесі амалдық жүйені, сондай-ақ драйверлерді,
бағдарламалық құралдарды жəне утилиталарды қалпына келтіруге көмектеседі.
Windows 7 амалдық жүйесінің DVD дискісін пайдаланып қалпына келтіруді іске қосу үшін:
ЕСКЕРІМ: Бұл процесс бірнеше минутқа созылады.
1. Мүмкін болса, барлық жеке файлдардың сақтық көшірмесін жасаңыз.
2. Компьютерді өшіріп, қайта қосыңыз да, Windows 7 амалдық жүйесінің DVD дискісін
Windows амалдық жүйесі жүктелгенше оптикалық диск жетегіне салыңыз.
3. Сұралғанда, пернетақтадағы кез келген пернені басыңыз.
4. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
5. Далее (Келесі) параметрін таңдаңыз.
6. Восстановить компьютер (Компьютерді жөндеу) тармағын таңдаңыз.
7. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Қалпына келтіру
үрдісі аяқталғаннан кейін мына əрекеттер орындаңыз:
1. Windows 7 амалдық жүйесінің DVD дискісін шығарып алып, «Драйверді қалпына келтіру»
дискісін салыңыз.
2. Алдымен, аппараттық құралдарды іске қосатын драйверлерді, одан кейін ұсынылған
бағдарламаларды орнатыңыз.
46 Бап 6 Сақтық көшірме жасау жəне қалпына келтіру