The first HP laptop to run was Windows 7
1 Қош келдіңіз
Компьютер параметрлерін орнату жəне тіркеуден кейін келесі қадамдарды міндетті түрде
орындау керек:
●
Интернетке қосылу — Интернетке қосылу үшін, сымды жəне сымсыз желі параметрлерін
реттеңіз. Қосымша ақпаратты
Желіге қосылу 20-бетте бөлімінен қараңыз.
●
Вирусқа қарсы бағдарламалық құралды жаңарту — вирустардан болатын зақымнан
компьютерді қорғаңыз. Бағдарламалық құрал компьютерге алдын ала орнатылады жəне
онда тегін жаңартулар үшін шектеулі жазылым болады. Қосымша ақпаратты
HP ноутбугінің анықтамалық нұсқаулығынан қараңыз. Бұл нұсқаулықты пайдалану
нұсқауларын
Ақпаратты табу 1-бетте бөлімінен қараңыз.
● Компьютермен танысу— компьютер мүмкіндіктері туралы қосымша мəлімет алыңыз.
Қосымша ақпаратты
Компьютермен танысу 4-бетте жəне Пернетақта жəне меңзегіш
құрылғылары 24-бетте атты бөлімдерден қараңыз.
●
Орнатылған бағдарламалық құралды табу— компьютерде алдын ала орнатылған
бағдарламалық құралдар тізімін қараңыз. Пуск (Бастау) > Все программы (Барлық
бағдарламалар) тармақтарын таңдаңыз. Компьютермен жеткізілетін бағдарламалық
құралды пайдалану туралы толық ақпаратты оның өндірушісі берген нұсқаулардан
қараңыз. Нұсқаулар бағдарламалық құралмен бірге берілуі немесе өндірушінің веб-
торабында болуы мүмкін.
Ақпаратты табу
Компьютерде түрлі тапсырмаларды орындауға көмектесетін бірнеше ресурс орнатылып келеді.
Ресурс Берілетін ақпарат
Параметрлерді орнату нұсқаулары буклеті
●
Компьютердің параметрлерін орнату
●
Компьютердің құрамдас бөліктерін анықтау көмегі
HP ноутбугы үшін анықтамалық нұсқаулық
Бұл нұсқаулықты пайдалану үшін, келесі
қадамдарды орындаңыз:
Пуск (Бастау) > Справка и поддержка (Анықтама
жəне қолдау) > Руководства пользователя
(Пайдаланушы нұсқаулықтары) тармағын
таңдаңыз.
●
Қуат басқару мүмкіндіктері
●
Батареяның қызмет ету мерзімін ұзарту
●
Компьютердің мультимедиалық мүмкіндіктерін пайдалану
●
Компьютерді қорғау
● Компьютерге күтім көрсету
● Бағдарламалық құралдарды жаңарту
●
Кейбір бөліктерді орнату туралы
●
Сымды жəне/немесе сымсыз желіні жасау туралы
Ақпаратты табу 1