Алғашқы жұмыс HP ноутбугі
© Copyright 2011 Hewlett-Packard Development Company, L.P. Bluetooth өз меншік иесінің сауда белгісі болып табылады жəне оны HewlettPackard Company компаниясы лицензия бойынша пайдаланады. Microsoft жəне Windows — Microsoft корпорациясының АҚШ-тағы тіркелген сауда белгілері. SD логотипі — өз меншік иесінің сауда белгісі. Осы құжатта берілген ақпарат ескертусіз өзгертіледі. HP өнімдері мен қызметтеріне кепілдік тек осындай өнімдермен жəне қызметтермен бірге келетін тікелей кепілдік мəлімдемелерінде беріледі.
Қауіпсіздік туралы ескерту хабары АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Қызып кетумен байланысты зақымдарды немесе компьютердің қатты қызып кету жағдайын азайту үшін компьютерді тізеңізге қоймаңыз немесе компьютердің ауа желдеткішін бітемеңіз. Компьютерді тек қатты, тегіс беттің үстіне қойып пайдаланыңыз. Қасында тұрған қосымша принтер сияқты қатты беттің немесе жастық, кілем немесе мата сияқты жұмсақ беттің ауа ағынын бөгеуіне жол бермеңіз.
iv Қауіпсіздік туралы ескерту хабары
Maзмұны 1 Қош келдіңіз ................................................................................................................................................... 1 Ақпаратты табу ................................................................................................................................... 2 2 Компьютермен танысу ................................................................................................................................. 5 Үстіңгі жағы ......................
Пернетақталарды пайдалану .......................................................................................... 27 Кірістірілген сандық пернетақта пайдалану .................................................. 27 Қосымша сыртқы сандық пернетақтаны пайдалану ..................................... 28 Меңзегіш құрылғыларды пайдалану ............................................................................................... 28 Меңзегіш құрылғылардың басым параметрлерін орнату .............................
Windows 7 амалдық жүйесінің DVD дискісін (бөлек сатылады) пайдалану ........................................................................................................ 60 Windows Vista .................................................................................................................................... 62 Ақпараттың сақтық көшірмесін жасау ............................................................................ 62 Қалпына келтіруді жүзеге асыру ........................................
viii
1 Қош келдіңіз ● Ақпаратты табу Компьютер параметрлерін орнату жəне тіркеуден кейін келесі қадамдарды міндетті түрде орындау керек: ● Интернетке қосылу — Интернетке қосылу үшін, сымды жəне сымсыз желі параметрлерін реттеңіз. Қосымша ақпаратты Желіге қосылу 19-бетте тарауынан қараңыз. ● Вирусқа қарсы бағдарламалық құралды жаңарту — вирустардан болатын зақымнан компьютерді қорғаңыз. Бағдарламалық құрал компьютерге алдын ала орнатылады жəне онда тегін жаңартулар үшін шектеулі жазылым болады.
Ақпаратты табу Компьютерде түрлі тапсырмаларды орындауға көмектесетін бірнеше ресурс орнатылып келеді.
Ресурс Берілетін ақпарат Заңдық, қауіпсіздік жəне қоршаған орта туралы ескертпелер ● Заңдық жəне қауіпсіздік ескертулері ● Батареяларды қоқысқа тастау туралы ақпарат Қауіпсіз & ыңғайлы жұмыс істеу нұсқаулығы ● Жұмыс станциясының параметрлерін дұрыс орнату, позиция, денсаулық сақтау жəне жұмыс дағдылары Бұл нұсқаулықты пайдалану үшін, келесі қадамдарды орындаңыз: ● Электрикалық жəне механикалық қауіпсіздік ақпараты Бұл нұсқаулықты пайдалану үшін, келесі қадамдарды орындаңыз: Пуск (Бастау) > Спра
Ресурс Берілетін ақпарат Шектеулі кепілдік* Кепілдік туралы ақпарат Кепілдікті көру үшін: Пуск (Бастау) > Справка и поддержка (Анықтама жəне қолдау) > Руководства пользователя (Пайдаланушы нұсқаулықтары) > View Warranty Information (Кепілдік туралы ақпаратты көру) тармағын таңдаңыз. – немесе – Пуск (Бастау) > Все программы (Барлық бағдарламалар) > HP > HP Documentation (НР құжаттамасы) > View Warranty Information (Кепілдік туралы ақпаратты көру) тармағын таңдаңыз. – немесе – http://www.hp.
2 Компьютермен танысу ● Үстіңгі жағы ● Алдыңғы жағы ● Оң жағы ● Сол жағы ● Дисплей ● Артқы жағы ● Түбіндегі Үстіңгі жағы Сенсорлы тақта Бөлік (1) Сипаттама Меңзердің сол жақ түймешігі Меңзермен пайдаланылуы мүмкін жəне сыртқы тінтуірдің сол жақ түймешігінің функциясын орындайды.
Бөлік Сипаттама (2) Меңзердің ортаңғы түймешігі Меңзермен пайдаланылуы мүмкін жəне сыртқы тінтуірдің ортаңғы түймешігінің функциясын орындайды. (3) Меңзер Меңзерді жылжытады жəне экрандағы элементтерді таңдайды немесе іске қосады. (4) Меңзердің оң жақ түймешігі Меңзермен пайдаланылуы мүмкін жəне сыртқы тінтуірдің оң жақ түймешігінің функциясын орындайды. (5) Сенсорлы тақтаның оң жақ түймешігі Сыртқы тінтуірдегі оң жақ түймешік қызметін атқарады.
Бөлік (5) (6) (7) Сипаттама Сымсыз байланыс шамы Дыбыс өшіру шамы QuickWeb шамы ● Ақ: сымсыз жергілікті желі (WLAN) құрылғысы жəне/ немесе Bluetooth® құрылғысы сияқты кірістірілген сымсыз құрылғы қосылған. ● Сары: сымсыз құрылғылар өшірулі. ● Сары: компьютердің дыбысы өшірулі. ● Ақ: компьютер дыбысы қосулы. ● Қосулы: компьютер қосулы. ● Өшірулі: компьютер күту режимінде.
Түймелер жəне саусақ ізін оқу құралы Бөлік Сипаттама (1) Сенсорлы тақтаны қосу/өшіру түймешігі Сенсорлы тақтаны қосады жəне өшіреді. (2) Қуат түймешігі ● Компьютер өшірулі болғанда, компьютерді қосу үшін, түймешікті басыңыз. ● Компьютер қосулы болғанда, ұйқы күйін қосу үшін түймешікті аз уақыт басыңыз. ● Компьютер ұйқы күйінде болғанда, ұйқы күйінен шығу үшін түймешікті аз уақыт басыңыз. ● Компьютер күту күйінде болған кезде, күту күйінен шығу үшін түймешікті аз уақыт басыңыз.
Бөлік Сипаттама (4) Дыбыс деңгейін өшіру түймешігі Үндеткіш дыбысын өшіреді немесе қайта қосады. (5) QuickWeb түймешігі ● Компьютер өшірулі немесе күту күйінде болғанда, HP QuickWeb бағдарламалық құралын ашу үшін, түймешікті басыңыз. ● Компьютер Microsoft Windows амалдық жүйесімен істегенде, түймешікті басып əдепкі веб-браузерді ашыңыз. ● Компьютер HP QuickWeb жүйесімен істегенде, түймешікті басып əдепкі веб-браузерді ашыңыз.
Пернелер Бөлік 10 Сипаттама (1) esc пернесі fn пернесімен бірге басылған кезде жүйе ақпараты көрсетіледі. (2) Функция пернелері fn пернесімен бірге басылған кезде, жиі жасалатын жүйе функцияларын орындайды. (3) fn пернесі Функция пернесімен немесе esc пернесімен бірге басылған кезде жиі қолданылатын жүйелік функцияларды орындайды. (4) Windows логотипті перне Windows Пуск (Бастау) мəзірін көрсетеді.
Алдыңғы жағы Бөлік (1) Сипаттама Media Card оқығышы Келесі сандық карталар пішімдерін қолдайды: ● Secure Digital (SD) картасы ● Secure Digital HC (SDHC) картасы ● Secure Digital XC (SDXC) картасы ● MultiMediaCard (MMC); ● MultiMediaCardplus (MMC+) (2) Дисплейдің бекіту сырғытпасы Компьютерді ашады. (3) Сымсыз байланыс шамы ● Ақ: Сымсыз жергілікті желі (WLAN) құрылғысы жəне/ немесе Bluetooth® құрылғысы сияқты кірістірілген сымсыз құрылғы қосылған. ● Сары: сымсыз құрылғылар өшірулі.
Бөлік (6) (7) Сипаттама Диск шамы Үндеткіштер (2) ● Ақ түсте жыпылықтау: қатты диск жетегі немесе оптикалық диск жетегі ашылуда. ● Сары: HP 3D DriveGuard қызметі қатты дискті уақытша өшіріп қояды. Дыбысты шығарады. ЕСКЕРІМ: SRS Premium Sound бағдарламалық құралын пайдалану үшін, Пуск (Бастау) > Все программы (Барлық бағдарламалар) > SRS Premium Sound тармағын таңдаңыз.
Оң жағы Бөлік (1) Сипаттама Аудио шығыс (құлақаспап) ұясы Қосымша токқа қосылатын стерео үндеткіштерге, гарнитураларға, тығын тəріздес құлақаспаптарға, құлақаспаптарға немесе теледидардың аудио құрылғысына қосылғанда дыбыс шығарады. АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жарақат алу қаупін азайту үшін, құлақаспаптарды, тығын тəріздес құлақаспаптар, гарнитураны кимес бұрын дыбысты реттеңіз. Қосымша қауіпсіздік ақпаратын Заңдық, қауіпсіздік жəне экологиялық ескертпелерден қараңыз.
Сол жағы Бөлік (1) Сипаттама Қауіпсіздік кабелінің ұясы Қосымша қауіпсіздік кабелін компьютерге жалғайды. ЕСКЕРІМ: Қауіпсіздік кабелі қорғаныс шаралары ретінде əрекет ету үшін жасалады, алайда компьютерге күтімсіз қарау не оны ұрланудан қорғамайды. (2) USB 3.0 порттары (2) Қосымша USB құрылғыларын қосады. (3) 1394 порты Камкордер сияқты қосымша IEEE 1394 немесе 1394a құрылғысын жалғайды. (4) Желдеткіштер (2) Ішкі бөліктерді салқындату үшін ауа ағынын қосады.
Дисплей Бөлік (1) Сипаттама Ішкі дисплей қосқышы Дисплейді өшіреді жəне егер дисплей қуат қосулы кезде жабылған болса, ұйқы күйін қосады. ЕСКЕРІМ: Дисплей қосқышы компьютердің сыртынан көрінбейді. (2) WLAN антенналары (3)* Сымсыз жергілікті желілермен (WLAN) байланыста болу үшін сымсыз байланыс сигналдарын жібереді жəне қабылдайды. (3) WWAN антенналары (2)* Сымсыз кең аймақ желілерімен (WWAN) байланыста болу үшін сымсыз байланыс сигналдарын жібереді жəне қабылдайды.
Артқы жағы Бөлік Сипаттама (1) RJ-11 (модем) ұясы (тек таңдаулы модельдерде) Модем кабелін қосады. (2) Желдеткіштер (2) Ішкі бөліктерді салқындату үшін ауа ағынын қосады. ЕСКЕРІМ: Компьютер желдеткіші ішкі бөліктерді салқындату жəне қызып кетуден қорғау үшін автоматты түрде қосылады. Жұмыс барысында желдеткіштің қосылып-өшірілуі қалыпты жағдай болып табылады. (3) 16 Қуат қосқышы Бап 2 Компьютермен танысу Айнымалы ток адаптеріне қосылады.
Түбіндегі Бөлік Сипаттама (1) Батарея ұясы Батареяны ұстап тұрады. (2) SIM картасының ұясы Сымсыз абонентті анықтау модуліне (SIM) қолдау көрсетеді. SIM ұясы батарея ұясының ішінде орналасқан. (3) Батареяны босату ысырмасы Батареяны батарея ұясынан босатады. (4) Қосымша батарея қосқышы Қосымша батареяны жалғайды. (5) Жалғау ұясы Қосымша жалғау ұясын жалғайды. (6) Астыңғы қақпақты босату ысырмасы Астыңғы қақпақты босатады немесе бекітеді.
Бөлік (9) Сипаттама Үндеткіштер (2) Дыбысты шығарады. ЕСКЕРІМ: SRS Premium Sound бағдарламалық құралын пайдалану үшін, Пуск (Бастау) > Все программы (Барлық бағдарламалар) > SRS Premium Sound тармағын таңдаңыз. (10) Сымсыз байланыс жəне жад бөлімдері жəне қатты диск жетегінің ұясы HP мобильді кең жолақты модулін, HP WLAN модулін, жад модульдерін жəне қатты диск жетегін ұстап тұрады.
3 Желіге қосылу ● Интернет қызметінің провайдерін пайдалану (ISP) ● Сымсыз желіге қосылу ЕСКЕРІМ: Интернетке қосылуға арналған жабдық пен бағдарламалық құрал компьютер үлгісіне жəне құрылғы орналасқан жерге байланысты əртүрлі болады. Компьютерде келесі Интернетке қосылу түрлерінің біреуі не екеуі де болуы мүмкін: ● Сымсыз байланыс—интернетке мобильді қосылу үшін сымсыз байланысты пайдалануға болады Бар WLAN желісіне қосылу 21-бетте немесе Жаңа WLAN желісін орнату 21-бетте бөлімін қараңыз.
Интернет қызметінің провайдерін пайдалану (ISP) Интернетке қосылмас бұрын, ISP есептік жазбасын орнату керек. Интернет қызметі мен модемді сатып алу үшін, жергілікті интернет қызметінің провайдеріне хабарласыңыз. Интернет қызметі провайдері модемді орнатуға, сымсыз компьютерді модемге қосу үшін желілік кабельді өткізуге жəне Интернет қызметін тексеруге көмектеседі. ЕСКЕРІМ: Интернет қызметін провайдері Интернетке кіруге пайдаланушының коды мен құпия сөзін береді.
Сымсыз байланыс технологиясы туралы жəне сымсыз желіге қосылу туралы қосымша ақпарат алу үшін, НР ноутбугінің анықтамалық нұсқаулығын, анықтама жəне қолдау орталығындағы веб-тораптар сілтемелерін жəне берілген мəліметтерді қараңыз. Бар WLAN желісіне қосылу 1. Компьютерді қосыңыз. 2. WLAN құрылғының қосулы екендігіне көз жеткізіңіз. 3. Тапсырмалар тақтасының оң жағындағы хабарландыру аймағында орналасқан желі белгішесін түртіңіз. 4. Керекті желіні таңдаңыз. 5. Соединить (Қосу) түймешігін басыңыз.
Сымсыз жол жоспарлағышының параметрлерін реттеу Сымсыз жергілікті желіні (WLAN) орнату туралы көмек алу үшін, жол жоспарлағышы немесе Интернет қызметі провайдері (ISP) арқылы берілген ақпаратты қараңыз. Windows амалдық жүйесі де сымсыз желі параметрлерін реттегенде көмектесетін құралдарды ұсынады.
4 HP QuickWeb Алғашқы жұмыс HP QuickWeb ортасы таңдаулы əрекеттеріңіздің көбін қызықты əрі тартымды түрде орындауға мүмкіндік береді. Компьютеріңіз QuickWeb қызметі іске қосылғаннан кейін бірнеше секунд ішінде жұмысқа дайын болады жəне Интернетті, виджеттерді жəне байланысу бағдарламаларын жылдам пайдалануға мүмкіндік береді. Компьютерде QuickWeb түймешігін басса болғаны, Интернетті шарлауға, Skype арқылы сөйлесуге жəне басқа HP QuickWeb бағдарламаларын пайдалануға мүмкіндік аласыз.
HP QuickWeb бастау ● HP QuickWeb қолданбасын іске қосу үшін, компьютер өшіп тұрғанда немесе ұйқы режимінде болғанда QuickWeb түймешігін басыңыз. Келесі кестеде QuickWeb түймешігінің түрлі функциялары көрсетілген. Түймешік Əрекет QuickWeb түймешігі ● Компьютер өшіп немесе ұйқы режимінде тұрғанда, HP QuickWeb қолданбасын ашады. ● Компьютер Microsoft Windows жүйесінде болғанда, əдепкі веббраузерді ашады. ● Компьютер HP QuickWeb жүйесінде болғанда, əдепкі веббраузерді ашады.
5 Пернетақта жəне меңзегіш құрылғылары ● Пернетақтаны пайдалану ● Меңзегіш құрылғыларды пайдалану 25
Пернетақтаны пайдалану Пернелер тіркесімдерін анықтау Жылдам перне дегеніміз fn пернесі (1) мен esc пернесінің (2) не функция пернелеренің бірінің (3) тіркесімі. Пернелер тіркесімін пайдалану: ▲ fn пернесін аз уақыт басып, жылдам пернелер тіркесімінің екінші пернесін аз уақыт басыңыз. Жылдам пернелер тіркесімі Сипаттама fn+esc Жүйе ақпаратын көрсетеді. fn+f3 Ақпаратыңызды жүйеге сақтайтын ұйқы күйін қосады. Дисплей жəне басқа жүйе бөліктерді өшіріліп, қуат үнемделеді.
Жылдам пернелер тіркесімі Сипаттама fn+f7 Үндеткіш дыбысын арттырады fn+f8 Барлық орнатылған батареялардағы заряд деңгейі күйін көрсетеді. Дисплейде қай батареялардың зарядталып жатқаны жəне əр батареядағы қалған заряд деңгейін көрсетеді. fn+f9 Экран жарықтығының деңгейін азайтады fn+f10 Экран жарықтығының деңгейін арттырады. fn+f11 Қоршаған орта жарығын қосады жəне өшіреді. Қосылғанда, айналаңыздағы жарықтандыру жағдайына байланысты, дисплей жарықтығын реттейді.
(1) Бөлік Сипаттама num lk пернесі Кірістірілген сандық пернетақтада шарлау жəне сандық функциялар арасында ауысады. ЕСКЕРІМ: Компьютер өшірілген кезде белсенді болатын пернетақта функциясы компьютер кері қосылғанда қосулы болып қалады. (2) Кірістірілген сандық пернетақта Оны сыртқы сандық пернетақта сияқты пайдалануға болады. (3) Num lock шамы ● Қосулы: пернетақта сандардың функциясын атқарады. ● Өшірулі: пернетақта шарлау функциясын атқарады.
Меңзеу таяқшасын қолдану Меңзеу таяқшасын меңзер экранда жылжитын бағытта еңкейтіңіз. Тінтуірдегі оң жəне сол жақ түймешіктерді пайдаланатындай, меңзеу таяқшасының оң жəне сол жақ түймешіктерін пайдаланыңыз. Сенсорлы тақтаны пайдалану Меңзерді жылжыту үшін, бір саусақты сенсорлы тақтаның бетінде керекті бағытта жылжытыңыз. TouchPad панелінің сол жəне оң жақ түймешіктері сыртқы тінтуірдің сол жəне оң жақ түймешіктері сияқты пайдаланылады.
Сенсорлы тақтаны қосу жəне өшіру Сенсорлы тақтаны өшіру жəне қосу үшін, сенсорлы тақтаның қосу/өшіру түймешігін/шамын екі рет түртіп қалыңыз. ЕСКЕРІМ: болады. Сенсорлы тақтаны қосу/өшіру шамы өшіп тұрғанда, сенсорлы тақта қосулы Шарлау Меңзерді басқа жерге жылжыту үшін, саусағыңызды сенсорлы тақта беті арқылы қалаған бағытқа жылжытыңыз.
Таңдау Сенсорлы тақтаның сол жəне оң жақ түймешіктері сыртқы тінтуірдің сəйкес түймешіктері сияқты пайдаланылады. Сенсорлы тақта қимылдарын пайдалану TouchPad панелі бірқатар іс-қимылдарды қолдайды. Сенсорлы тақта іс-қимылдарын пайдалану үшін, сенсорлы тақтада екі бармақты бір уақытта орналастырыңыз. ЕСКЕРІМ: бермейді. сенсорлы тақта қимылдарына бағдарламалардың барлығында қолдау көрсетіле Қимылдың көрсетілімін көру үшін, төмендегі қадамдарды орындаңыз: 1.
Жылжу Жылжыту бетте немесе суретте жоғары немесе төмен жылжу үшін пайдаланылады. Жылжу үшін екі саусақты сенсорлы тақтада екі жаққа қаратып орналастырып, оларды сенсорлы тақтада жоғары, төмен, сол немесе оң жаққа жылжытыңыз. ЕСКЕРІМ: Жылжыту жылдамдығы саусақ жылдамдығымен басқарылады. ЕСКЕРІМ: Екі саусақпен жылжыту мүмкіндігі зауытта қосылады. Қысу/Ұлғайту Қысу іс-қимылы суретті немесе мəтінді ұлғайту не кішірейту мүмкіндігін береді.
Бұру Бұру мүмкіндігі фотосурет сияқты элементтерді бұруға мүмкіндік береді. Бұру үшін, сұқ саусағыңызды сенсорлы тақта аймағына қойыңыз. Оң сұқ саусақты тірелген саусақты айналдырып, сағат тілімен 90 градустық бұрыш бойымен жүргізіңіз. Кері бұру үшін оң бас бармақты сағат тіліне қарсы 90 градустық бұрыш бойымен жүргізіңіз. ЕСКЕРІМ: Бұру қимылын сенсорлы тақта аумағының ішінде жасау керек. ЕСКЕРІМ: Бұру мүмкіндігі зауытта ажыратылған.
6 Техникалық қызмет көрсету ● Батарея салу немесе алып тастау ● Астыңғы қақпақты шешу немесе алмастыру ● Қатты дискіні ауыстыру немесе жаңарту ● Жақтаудағы жетекті ауыстыру ● Жад модулін қосу немесе ауыстыру ● DreamColor дисплейін пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде) ● Бағдарламалар мен драйверлерді жаңарту Батарея салу немесе алып тастау ЕСКЕРІМ: Батареяны пайдалану туралы қосымша ақпаратты Справочное руководство НР ноутбука (HP ноутбугының анықтамалық нұсқаулығы) ішінен қараңыз.
2. Батареяны (1) батарея ұясына орнына түскенше итеріп салыңыз (2). Батареяның бекіту сырғытпасы батареяны орнында ұстап тұрады. Батареяны алу үшін ЕСКЕРТУ: Жалғыз қуат көзі болатын батареяны шығарып алу ақпараттың жоғалуына апаруы мүмкін. Ақпараттың жоғалуын болдырмау үшін, жұмысыңызды сақтап, күту күйін қосыңыз немесе батареяны шығарып алмас бұрын, компьютерді Windows арқылы өшіріңіз. 1. Батарея ұясы орналасқан жағын өзіңізден аулақ етіп компьютерді жалпақ бетке төңкеріп қойыңыз. 2.
Астыңғы қақпақты шешу немесе алмастыру ЕСКЕРТУ: мəліметтердің жоғалуын немесе жүйенің жауапсыз қалуын болдырмау: Жад модулін немесе қатты диск жетегін қоспас немесе алмастырмас бұрын жұмысыңызда сақтаңыз жəне компьютерді өшіріңіз. Егер компьютердің өшірулі немесе күту күйінде тұрғандығына сенімді болмасаңыз, қуат түймешігін басып, компьютерді өшіріңіз. Одан кейін компьютерді амалдық жүйе арқылы өшіріңіз.
Астыңғы қақпақты салу Жад модулінің ұясына, қатты диск жетегіне, сипаттар жапсырмасына жəне басқа құрамдас бөліктерге қол жеткізгеннен кейін, астыңғы қақпақты қайта жабыңыз. Астыңғы қақпақты қайта жабу үшін: 1. Астыңғы қақпақтың алдыңғы шетін компьютердің алдыңғы шетіне жақын туралау үшін, астыңғы қақпақты төмен еңкейтіңіз (1). 2. Астыңғы қақпақтың артқы шетіндегі туралау тілдерін компьютердің ойықтарына кіргізіңіз (2). 3. Астыңғы қақпақты батарея ұясына қарай сырғытып, оны орнына түсіріп бекітіңіз.
Қатты дискіні ауыстыру немесе жаңарту ЕСКЕРТУ: Мəліметтердің жоғалуын немесе жүйенің бұзылуын болдырмау үшін, келесі əрекеттерді орындаңыз. Қатты дискіні қатты диск ұясынан шығармастан бұрын, компьютерді өшіріңіз. Компьютер қосулы тұрғанда, ұйқы немесе күту күйінде болғанда, қатты дискіні шығарып алмаңыз. Егер компьютер сөндірулі немесе күту күйінде екендігіне сенімді болмасаңыз, қуат түймешігін басып, компьютерді қосыңыз. Содан соң амалдық жүйе арқылы компьютерді өшіріңіз.
10. Пластмассалық тілмен қатты диск жетегін көтеріп (3), компьютерден шығарып алыңыз. Қосымша қатты дискіні шығарып алу Қосымша қатты дискіні шығарып алу үшін: 1. Жұмысты сақтап, компьютерді өшіріңіз. 2. Компьютерді айнымалы ток розеткасынан жəне жалғанған сыртқы құрылғылардың барлығын ажыратыңыз. 3. Қосымша қатты диск ұясын өзіңізге қаратып компьютерді жалпақ бетке төңкеріп қойыңыз. 4. Батареяны шығарып алыңыз (Батарея салу немесе алып тастау 34-бетте қараңыз). 5.
8. Пластмассалық тілмен қатты диск жетегін көтеріп (3), компьютерден шығарып алыңыз. Негізгі қатты диск жетегін орнату Негізгі қатты диск жетегін орнату үшін: 40 1. Негізгі қатты диск ұясын өзіңізге қаратып компьютерді жалпақ бетке төңкеріп қойыңыз. 2. Қатты диск жетегін негізгі қатты диск ұясына еңкейтіп кіргізіңіз де, ұяның ішінде тегіс ұстап орнатыңыз (1). 3. Қатты диск жетегін жалғағышқа жалғау үшін, пластмассалық тілді компьютердің ортасына қарай тартыңыз (2). 4.
6. Смарт-карта ұстағышының бұрандасын бұрап бекітіңіз (2). 7. Астыңғы қақпақты жабыңыз (Астыңғы қақпақты салу 37-бетте қараңыз). 8. Батареяны салыңыз (Батарея салу немесе алып тастау 34-бетте қараңыз). 9. Компьютерді айнымалы ток розеткасына қосып, сыртқы құрылғыларды жалғаңыз. 10. Компьютерді қосыңыз. Қосымша қатты диск жетегін орнату Қосымша қатты диск жетегін орнату үшін: 1. Қосымша қатты диск ұясын өзіңізге қаратып компьютерді жалпақ бетке төңкеріп қойыңыз. 2.
4. Қатты дискінің бұрандаларын (3) бекітіңіз. 5. Астыңғы қақпақты жабыңыз (Астыңғы қақпақты салу 37-бетте қараңыз). 6. Батареяны салыңыз (Батарея салу немесе алып тастау 34-бетте қараңыз). 7. Компьютерді айнымалы ток розеткасына қосып, сыртқы құрылғыларды жалғаңыз. 8. Компьютерді қосыңыз. Жақтаудағы жетекті ауыстыру Жақтауда не қатты диск жетегі, не оптикалық диск жетегі тұруы мүмкін.
7. Астыңғы қақпақты шығарыңыз (Астыңғы қақпағын ашу 36-бетте шығарыңыз). 8. Қатты диск бұрандаларын жақтаудан бұрап алыңыз. 9. Диск салу орнының бұрандасын (1) босатыңыз. 10. Тілді жалпақ бұрауышпен ақырын итеріп қатты диск жетегін босатыңыз (2). 11. Қатты диск бұрандаларын жақтаудан бұрап алыңыз (3). Қатты диск жетегін жақтауға орнату үшін: 1. Диск салу орнын өзіңізге қаратып, компьютерді жалпақ бетке төңкеріп қойыңыз.
44 2. Қатты диск жетегін жақтауға орнатып (1), жақтаудың бұрандаларын бұрап тартыңыз (2). 3. Қатты дискінің бұрандаларын ауыстырыңыз. 4. Астыңғы қақпақты жабыңыз (Астыңғы қақпақты салу 37-бетте қараңыз). 5. Батареяны салыңыз (Батарея салу немесе алып тастау 34-бетте қараңыз). 6. Компьютерді жоғары қаратып, сыртқы қуатты жəне сыртқы құрылғыларды қайта қосыңыз. 7. Компьютерді қосыңыз.
Оптикалық диск жетегін алмастыру ЕСКЕРТУ: мəліметтердің жоғалуын немесе жүйенің жауапсыз қалуын болдырмау: Оптикалық диск жетегін жақтаудан шығармас бұрын компьютерді өшіріңіз. Компьютер қосулы тұрғанда, ұйқы немесе күту күйінде болғанда, оптикалық жинақтағыш дискін шығармаңыз. Егер компьютердің өшірулі немесе күту күйінде тұрғандығына сенімді болмасаңыз, қуат түймешігін басып, компьютерді өшіріңіз. Одан кейін компьютерді амалдық жүйе арқылы өшіріңіз. Оптикалық диск жетегін жақтаудан шығару үшін: 1.
46 3. Диск салу орнының бұрандасын (2) бекітіңіз. 4. Астыңғы қақпақты жабыңыз (Астыңғы қақпақты салу 37-бетте қараңыз). 5. Батареяны салыңыз (Батарея салу немесе алып тастау 34-бетте қараңыз). 6. Компьютерді жоғары қаратып, сыртқы қуатты жəне сыртқы құрылғыларды қайта қосыңыз. 7. Компьютерді қосыңыз.
Жад модулін қосу немесе ауыстыру Компьютерде екі жад модулі бөлімі бар. Бір жад модулінің бөлімі пернетақтаның астында орналасқан (негізгі), ал екіншісі астыңғы қақпақтың астында орналасқан (кеңейту). Компьютердің көлемін төмендегі əрекеттермен арттыруға болады: бос тұрған негізгі жад модулінің ұясына жад модулін қосу; бос тұрған кеңейту жад модулінің ұясына жад модулін қосу; не болмаса бар болған негізгі жад модулінің ұясындағы жад модулін жетілдіру.
6. Егер жад модулін ауыстырып жатсаңыз, бар жад модулін алып тастаңыз: а. Жад модулінің екі жағындағы ұстап тұратын қыстырғыштарды (1) тартып алыңыз. Жад модулінің бұрыштарын жоғары қаратыңыз. ə. Жад модулінің шеттерінен ұстап (2), ұясынан ақырын сыртқа шығарыңыз. ЕСКЕРТУ: жад модулінің зақымдануын болдырмау үшін, оны жиектерінен ғана ұстаңыз. Жад модуліндегі бөліктерге тимеңіз. Шығарғаннан кейін жад модулін қорғау үшін, оны электростатикалық ток өтпейтін контейнерге салыңыз. 7.
б. Жад модулінің сол жəне оң жақ жиектеріне қысым бере отырып, жад модулін (3) төмен қарай жайлап, ұстап тұратын қыстырғыштар орнына түскенше, басыңыз. ЕСКЕРТУ: Жад модулінің зақымдануын болдырмау үшін, жад модулін майыстырмаңыз. 8. Астыңғы қақпақты жабыңыз (Астыңғы қақпақты салу 37-бетте қараңыз). 9. Батареяны салыңыз (Батарея салу немесе алып тастау 34-бетте қараңыз). 10. Компьютерді айнымалы ток розеткасына қосып, сыртқы құрылғыларды жалғаңыз. 11. Компьютерді қосыңыз.
5. Астыңғы қақпақты шығарыңыз (Астыңғы қақпағын ашу 36-бетте шығарыңыз). 6. Пернетақтаны шешіңіз: а. Компьютерді аударып, дисплейді ашыңыз жəне компьютердің астындағы пернетақта бұрандаларын босатыңыз (1). ə. Желдеткіш аймағындағы пернетақтаның артқы жағын төмен басып пернетақтаны босатыңыз (2). ЕСКЕРТУ: Желдеткіш пен пернетақтаның зақымдануына жол бермеу үшін, пернетақтаны күш салып баспаңыз немесе желдеткіш қалақбастарына қол тигізбеңіз.
б. Компьютерді сол жақ бүйіріне қойып, пернетақтаның алдымен жоғарғы шетін, сосын қалғанын сенсорлы тақтаға көтеріңіз. ЕСКЕРІМ: Пернетақта кабелін ажыратпаңыз. Пернетақтаның кабелі ажыратылмауы үшін, пернетақтаны компьютерден аулақ тартпаңыз. 7. Егер жад модулін ауыстырып жатсаңыз, бар жад модулін алып тастаңыз: а. Жад модулінің екі жағындағы ұстап тұратын қыстырғыштарды (1) тартып алыңыз. Жад модулінің бұрыштарын жоғары қаратыңыз. ə.
8. Жаңа жад модулін енгізу үшін: ЕСКЕРТУ: жад модулінің зақымдануын болдырмау үшін, оны жиектерінен ғана ұстаңыз. Жад модуліндегі бөліктерге тимеңіз. а. Жад модулінің түйіскен жиектерін (1) жад модулі ұясының құлақшасына туралаңыз. ə. Жад модулі бөлімінің бетінен 45 градус бұрыштағы жад модулімен модульді (2) жад модулінің ұясына орныққанша басыңыз. б. Жад модулінің сол жəне оң жақ жиектеріне қысым бере отырып, жад модулін (3) төмен қарай жайлап, ұстап тұратын қыстырғыштар орнына түскенше, басыңыз.
9. Пернетақтаны орнына салыңыз: а. Пернетақтаны жоғары көтеріп, қаңқаға төңкеріп салыңыз (1). ə. Пернетақта тілдерін қаңқа ойықтарына сырғытып кіргізіңіз (2). б. Пернетақтаның үстін басып орнына кіргізіңіз (3).
в. Компьютерді төңкеріп, дисплейді ашыңыз да, пернетақта бұрандаларын тартып (4) пернетақтаны бекітіңіз. 10. Астыңғы қақпақты жабыңыз (Астыңғы қақпақты салу 37-бетте қараңыз). 11. Батареяны салыңыз (Батарея салу немесе алып тастау 34-бетте қараңыз). 12. Компьютерді айнымалы ток розеткасына қосып, сыртқы құрылғыларды жалғаңыз. 13. Компьютерді қосыңыз.
DreamColor дисплейін пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде) HP DreamColor дисплейлі компьютер үлгілерінде алдын ала орнатылған HP Mobile Display Assistant бағдарламалық құралы бар. Бұл бағдарламаны пайдаланып алдын ала орнатылған түс кеңістігі, ақ нүкте/түс температурасы жəне жарықтандыру/жарықтық сияқты дисплейдің түс параметрлерін реттеуге болады.
Бағдарламалар мен драйверлерді жаңарту НР компаниясы бағдарламалар мен драйверлерді жүйелі түрде соңғы нұсқалармен жаңартуды ұсынады. Ең соңғы нұсқаларды жүктеп алу үшін http://www.hp.com/support торабына өтіңіз. Жаңартулардың бар екені туралы ескертулерді автоматты түрде алу үшін тіркелу қажет.
7 Сақтық көшірме жасау жəне қалпына келтіру Windows 7 ● Ақпараттың сақтық көшірмесін жасау ● Жүйені қалпына келтіруді жүзеге асыру Ақпаратты қорғау үшін, Windows Backup and Restore бағдарласымен жеке файлдардың жəне қалталардың сақтық көшірмелерін жасаңыз, бүкіл қатты диск жетегінің сақтық көшірмесін жасаңыз (тек таңдаулы үлгілерде), орнатылған оптикалық диск жетегін (тек таңдаулы үлгілерде) немесе қосымша сыртқы оптикалық диск жетегін пайдаланып жүйені жөндеу дискілерін жасаңыз (тек таңдаулы үлгілерд
Ақпараттың сақтық көшірмесін жасау Жүйе ақаулығынан кейін жүйені қалпына келтіру жəне жақын арада жасалған сақтық көшірме бірдей нəтиже береді. Бағдарламалық құралдың параметрлерін орнатып болғаннан кейін дереу орнатылған оптикалық диск жетегін (тек таңдаулы үлгілерде) немесе қосымша сыртқы оптикалық диск жетегін пайдаланып жүйені жөндеу дискісін жасау жəне бастапқы сақтық көшірме жасау керек болады.
Жүйені қалпына келтіруді жүзеге асыру Жүйе қателігі немесе тұрақсыздығы орын алса, компьютер файлдарыңызды қалпына келтіру үшін төмендегі құралдарды қамтамасыз етеді: ● Windows қалпына келтіру құралдары. Windows Backup and Restore бағдарламасын пайдаланып бұрын сақтық көшірмесі жасалған ақпаратты қалпына келтіруге болады. Windows Startup Repair көмегімен Windows жүйесіне дұрыс іске қосылуға кедергі жасайтын проблемаларды шешуге болады. ● f11 қалпына келтіру құралдары.
4. Startup Repair (Іске қосылуды жөндеу) тармағын таңдаңыз. 5. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз. ЕСКЕРІМ: Windows құралдарымен ақпаратты қалпына келтіру туралы қосымша ақпарат алу үшін, Справка и Поддержка (Анықтама жəне қолдау) ішінде осы тақырыптарды іздеңіз. f11 қалпына келтіру құралдарын пайдалану ЕСКЕРТУ: f11 пайдалану қатты диск ішіндегісін толығымен өшіреді əрі қатты диск жетегін қайта пішімдейді.
ЕСКЕРІМ: Бұл процесс бірнеше минутқа созылады. 1. Мүмкін болса, барлық жеке файлдардың сақтық көшірмесін жасаңыз. 2. Компьютерді өшіріп, қайта қосыңыз да, Windows 7 амалдық жүйесінің DVD дискісін Windows амалдық жүйесі жүктелгенше оптикалық диск жетегіне салыңыз. 3. Сұралғанда, пернетақтадағы кез келген пернені басыңыз. 4. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз. 5. Далее (Келесі) параметрін таңдаңыз. 6. Восстановить компьютер (Компьютерді жөндеу) тармағын таңдаңыз. 7.
Windows Vista Ақпаратты қорғау үшін, Backup and Restore Center бағдарласымен жеке файлдардың жəне қалталардың сақтық көшірмелерін жасаңыз, бүкіл қатты диск жетегінің сақтық көшірмесін жасаңыз (тек таңдаулы үлгілерде) немесе жүйені қалпына келтіру нүктелерін жасаңыз. Жүйе істемей қалғанда, компьютердің мазмұнын сақтық көшірме файлдарымен қалпына келтіруге болады.
● Сақтық көшірмені дискіде сақтау кезінде мына диск түрлерін (бөлек сатылады) пайдаланыңыз: CD-R, CD-RW, DVD+R, DVD+R DL, DVD-R, DVD-R DL немесе DVD±RW. Пайдаланылатын дискілер түрі компьютерде орнатылған оптикалық диск салғыштың түріне байланысты болады. ЕСКЕРІМ: Ықшам дискілерге қарағанда, DVD дискілері мен қос қабатты DVD дискілерге көбірек ақпарат сыятындықтан, сақтық көшірме кезінде, қажетті қалпына келтіру дискілер санын азайтады.
ЕСКЕРТУ: Startup Repair пайдалану қатты диск ішіндегісін толығымен өшіреді əрі қатты диск жетегін қайта пішімдейді. Жасалған барлық файлдар мен компьютерге орнатылған кез келген бағдарламалық құрал біржолата жойылады. ҚАйта пішімдеу аяқталғанда, қалпына келтіру процесі қалпына келтіру сақтық көшірмесінен амалдық жүйені, сондай-ақ драйверлерді, бағдарламалық құралдарды жəне утилиталарды қалпына келтіреді. 1. Мүмкін болса, барлық жеке файлдардың сақтық көшірмесін жасаңыз. 2.
3. Компьютерді қосыңыз немесе өшіріп, қайта іске қосыңыз жəне экранның төменгі жағында «Press the ESC key for Startup Menu» (Бастау мəзірін ашу үшін ESC пернесін басыңыз) хабары көрсетілгенде, esc пернесін басыңыз. 4. Экранда «Press for recovery» (Қалпына келтіру үшін f11 пернесін басыңыз) хабары көрсетіліп тұрғанда f11 пернесін басыңыз. 5. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
8 66 Тұтынушыларды қолдау ● Тұтынушыларға қолдау көрсету қызметімен байланысу ● Жапсырмалар Бап 8 Тұтынушыларды қолдау
Тұтынушыларға қолдау көрсету қызметімен байланысу Осы пайдаланушы нұсқаулығындағы HP ноутбугының анықтамалық нұсқаулығы немесе Анықтама жəне қолдау бөлімдеріндегі ақпарат сұрақтарыңызға жауап бермесе, HP тұтынушыларды қолдау орталығына келесі телефондар арқылы хабарласуға болады: http://www.hp.com/go/contactHP ЕСКЕРІМ: Бүкіл əлем бойынша қолдау алу үшін беттің сол жағындағы Contact HP worldwide (HP компаниясымен бүкіл əлем бойынша хабарласу) тармағын таңдаңыз немесе http://welcome.hp.
Жапсырмалар Компьютерге жапсырылған жапсырмалар жүйе ақаулықтарын жойғанда немесе компьютермен шетелге саяхатқа шыққанда қажет болуы мүмкін: ● Сериялық нөмір жапсырмасы мыналарды қоса маңызды ақпаратты қамтиды: Бөлік (1) Өнім атауы (2) Сериялы нөмірі (s/n) (3) Бөлік нөмірі/өнім нөмірі (p/n) (4) Кепілдің мерзімі (5) Модель сипаттамасы Техникалық қолдау орталығына хабарласқан кезде осы ақпарат қол жетімді болуы қажет. Сериялық нөмірі бар жапсырма батарея ұясында орналасады.
9 Техникалық сипаттамасы ● Тұтынылатын қуат ● Жұмыс істеу ортасы 69
Тұтынылатын қуат Егер сіз компьютерді алып, халықаралық саяхат жасауды жоспарласаңыз, осы бөлімде берілген қуат туралы ақпарат пайдалы болуы мүмкін. Компьютер тұрақты ток қуатында жұмыс істейді, бұл қуатты айнымалы ток немесе тұрақты ток қуат көзі арқылы қамтамасыз етуге болады. Айнымалы ток көзі 100–240 В, 50–60 Гц шамасында болуы керек.
Жұмыс істеу ортасы Фактор Метрикалық өлшемдер жүйесі АҚШ-та пайдаланылатын өлшемдер жүйесі Пайдалануға болатын (оптикалық дискіге жазу кезінде) 5...35 °C 5.00℃ жəне 35.00℃ арасында Пайдалануға болмайтын -20℃ жəне 60℃ арасында -20.00℃ жəне 60.
Индекс Таңбалар/Сандар 1394 порты, анықтау 14 А амалдық жүйе Microsoft түпнұсқалық туралы куəлігінің жапсырмасы 68 Өнім кілті 68 астыңғы қақпақ, шығару немесе алмастыру 36 Астыңғы қақпақты босату ысырмасы, анықтау 17 аудио кіріс (микрофон) ұясы 13 аудио шығыс (құлақаспап) ұясы 13 Ə əрекет пернелері, анықтау 27 Б батарея, ауыстыру 34 батареяны босату ысырмасы 17 батарея ұясы 17, 68 батарея шамы 11 бөліктер алдыңғы жағы 11 артқы жағы 16 астыңғы 17 дисплей 15 оң жағы 13 сол жағы 14 үстіңгі жағы 5 В веб-ка
қатты диск жетегін қалпына келтіру 60, 64 қатты дискіні қалпына келтіру 60, 64 қауіпсіздік кабелінің ұясы, анықтау 14 қоршаған орта жарығы, жылдам перне 27 қоршаған орта жарығының датчигі 15 қоршаған орта жарығының датчигі, анықтау 15 қосқыш, қуат 16 қосымша батарея қосқышы, анықтау 17 қуат қосқышы, анықтау 16 қуат түймешігі 6, 11 қуат түймешігі, анықтау 8 құқықтық деректер құқықтық деректер жапсырмасы 68 сымсыз куəландыру белгілері 68 М меңзегіш құрылғылар, таңдаулы параметрлерді орнату 28 меңзер 6 меңзер
num lock 6 QuickWeb 7 батарея 11 веб-камера 15 диск жетегі 12 калькулятор 7 қуат 6, 11 өшіру 7 Сенсорлы тақта 6 сымсыз байланыс 7, 11 Ы ысырма, астыңғы қақпақты босату 17 ысырма, батареяны босату І ішкі дисплей қосқышы 15 ішкі микрофондар, анықтау I ISP, пайдалану 20 M Media Card оқығышы, анықтау 11 Microsoft түпнұсқалық туралы куəлігінің жапсырмасы 68 N num lk пернесі, анықтау 10, 28 num lock, сыртқы пернетақта 28 Num lock шамы 6 17 15 Э экран жарықтығы пернелері 27 экран кескіні, ауыстырып қосу 26 B Ba