Getting Started Laptop - Windows Vista and Windows 7

Оң жақ көрінісі
Бөлік Сипаттама
(1) Қондыру ұясы Қосымша қондыру құрылғысын жалғайды.
(2) ExpressCard ұясы Қосымша 34 мм ExpressCards карталарын қолдайды.
(3) Мультимедиалық карталарды оқу
құрылғысы
Келесі сандық карта пішімдерін қолдайды:
MultiMediaCard
Secure Digital (SD) картасы
(4)
Аудио шығыс (гарнитура) ұясы/аудио
кіріс (микрофон) ұясы
Токқа қосылатын қосымша стерео үндеткіштерге,
құлақаспаптарға, тығын тəріздес құлақаспаптарға,
гарнитураға немесе теледидар дыбысы ұясына
қосылады. Сонымен қатар, қосымша гарнитура
микрофонын қосады.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жарақаттану қаупін азайту үшін,
гарнитураларды жəне құлақаспаптарды тақпас бұрын
дыбыс деңгейін реттеңіз. Қауіпсіздік туралы қосымша
ақпаратты Заңдық, қауіпсіздік жəне қоршаған орта
ескертулері бөлімінен
қараңыз.
ЕСКЕРІМ: Құрылғы ұяға қосулы болғанда, компьютер
үндеткіштері ажыратылады.
ЕСКЕРІМ: Микрофон функциясын пайдалану үшін,
микрофоны бар жəне 4 түйіспелі аудио ұшы бар
гарнитура керек.
(5)
Дисплей порты Жоғары сапалы монитор немесе проектор сияқты
қосымша сандық дисплей құрылғысын қосады.
(6)
eSATA/USB 2.0 құрама порты Cыртқы eSATA қатты диск сияқты жоғары сапалы
бөлікті немесе қосымша USB құрылғысын жалғайды.
(7) Желдеткіш Ауа кіргізіп, ішкі бөліктерді салқындатады.
ЕСКЕРІМ: Компьютердің желдеткіші ішкі бөліктерді
қызып кетуден қорғап, салқындату үшін автоматты
түрде қосылады. Жұмыс барысында желдеткіштің
біресе қосылып, біресе өшіп отыруықалыпты
жағдай.
(8)
Қауіпсіздік кабелінің ұясы Қосымша қауіпсіздік кабелін компьютерге жалғайды.
ЕСКЕРІМ: Қауіпсіздік кабелі сақтандыру құралы
ретінде əрекет ету үшін жасалған, бірақ ол компьютерді
дұрыс пайдаланбаудан немесе оның ұрлануынан
қорғамайды.
Оң жақ көрінісі 11