Getting Started Laptop - Windows Vista and Windows 7
3 HP QuickWeb
Жұмысты бастау
QuickWeb бағдарламалық құралы көптеген сүйікті амалдарыңызды қызықты əрі тартымды
орындау жолын ұсынады. QuickWeb бағдарламалық құралы ашылған кезде, компьютер
Интернетке, виджеттерге жəне хабарласу бағдарламаларына жылдам өтуге мүмкіндік
беретіндей бірнеше секунд ішінде жұмысқа дайын болады. Компьютердегі QuickWeb түймешігін
басып қалып, Интернетті шолыңыз, Skype бағдарламасы арқылы хабарласыңыз жəне басқа
HP QuickWeb бағдарламаларымен танысыңыз.
HP QuickWeb негізгі экранының төмендегідей мүмкіндіктері бар:
●
Веб-браузер —
Интернетті шолу жəне онда мəлімет іздеу, таңдаулы веб-тораптарға
сілтеме жасау.
●
Skype — VoIP протоколын пайдаланатын Skype бағдарламасы арқылы хабарласу. Skype
бағдарламасы бір немесе бірнеше кісімен бір уақытта конференциялық байланыс
орнатуға немесе бейне чат жүргізуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, жерүсті байланыс
желілеріне қашықтан қоңырау шалуға болады.
●
QuickWeb E-Mail — Web негізінде істейтін электрондық пошта провайдерлеріне немесе
өзіңіздің пошта серверіңізге қосылып
электрондық хаттарды оқыңыз немесе жіберіңіз.
●
Виджеттер — жаңалықтар, ауа райы болжамдары, əлеуметтік желі арқылы хабарласу,
биржалық хабарлар, калькулятор, жабысқақ ескертулер, т.б. үшін қолданылады.
HP QuickWeb негізгі экранына қосымша виджеттер қосу үшін «Widget Manager»
бағдарламасын да пайдалануға болады.
ЕСКЕРІМ: HP QuickWeb бағдарламалық құралын пайдалану туралы қосымша ақпаратты
HP QuickWeb бағдарламалық құралының анықтамасынан қараңыз.
HP QuickWeb бағдарламасын қосу
▲
HP QuickWeb бағдарламалық құралын іске қосу үшін, компьютер өшірулі немесе күту
күйінде болғанда QuickWeb түймешігін басыңыз.
Келесі кестеде QuickWeb түймешігінің əрекеттері түсіндіріледі.
Түймешік Əрекеті
QuickWeb түймешігі
●
Компьютер өшірулі немесе күту режимінде
болғанда, HP QuickWeb бағдарламалық құралын
ашады.
● Компьютерде Microsoft Windows бағдарламасы
ашық болғанда, əдепкі веб-браузерді ашады.
●
Компьютерде HP QuickWeb бағдарламалық құралы
ашық болғанда, əдепкі веб-браузерді ашады.
ЕСКЕРІМ: Компьютерде HP QuickWeb бағдарламалық
құралы болмаса, бұл түймешік ешбір əрекет немесе
функция орындамайды.
Жұмысты бастау 17