Getting Started Laptop - Windows Vista and Windows 7
4 Желі орнату
● Интернет провайдерін (ISP) пайдалану
●
Сымсыз желіге қосылу
ЕСКЕРІМ: Интернетке қосылуға арналған жабдық пен бағдарламалық құрал компьютер
үлгісіне жəне құрылғы орналасқан жерге байланысты əртүрлі болады.
Компьютер Интернетке қосылудың келесі түрлерінің біреуін немесе екеуін де қолдауы мүмкін:
●
Сымсыз – Интернетке мобильді жолмен қосылу үшін, сымсыз байланысты қолдануға
болады.
Бар WLAN желісіне қосылу 20-бетте немесе Жаңа WLAN желісін
орнату 21-бетте бөлімін қараңыз.
● Сымды – Интернетке сымды желі арқылы қосылуға болады. Сымды желіге қосылу туралы
ақпаратты НР ноутбугінің анықтамалық нұсқаулығынан қараңыз.
Интернет провайдерін (ISP) пайдалану
Интернетке қосылмас бұрын Интернет провайдерінің есептік жазбасын орнату қажет. Интернет
қызметі мен модем сатып алу үшін, жергілікті Интернет провайдерімен хабарласыңыз.
Интернет провайдері модем параметрлерін реттеуге, сымсыз компьютерді модемге қосу үшін
желі кабелін орнатуға жəне Интернет қызметін тексеруге көмектеседі.
ЕСКЕРІМ: Интернет қызметтері провайдері Интернетке кіру үшін пайдаланушы
идентификаторы мен құпия сөз береді. Берілген мəліметтерді жазып алыңыз да, қауіпсіз жерде
сақтаңыз.
Интернет провайдерін (ISP) пайдалану 19