Getting Started Laptop - Windows Vista and Windows 7
Жаңа Интернет жазбасын орнату немесе компьютердің параметрлерін бар жазбаны
пайдаланатын реттеу үшін көмектесетін мынадай мүмкіндіктер бар:
●
Интернет қызметтері мен ұсыныстары (кейбір жерлерде бар)—бұл утилита жаңа
Интернет жазбасын жасауға жəне бар жазбаны пайдалану үшін компьютер параметрлерін
реттеуге көмектеседі. Бұл утилитаны пайдалану үшін, Пуск (Бастау) > Все программы
(Барлық бағдарламалар) > Online Services (
Желідегі қызметтер) > Интернет тармағын
таңдаңыз.
● Интернет провайдері беретін белгішелер (кейбір жерлерде бар)—бұл белгішелер
Windows жұмыс үстелінде көрсетілуі немесе Online Services (Желідегі қызметтер) атты
жұмыс үстелі қалтасында топталуы мүмкін. Компьютерде жаңа Интернет жазбасын орнату
немесе компьютерде бар жазбаны пайдаланатын етіп реттеу үшін белгішені екі рет басып,
экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
●
Windows жүйесінің Интернетке қосылу
шебері—Windows жүйесінің Интернетке қосылу
шеберін Интернетке төмендегі жағдайлардың кез келгенінде қосылу үшін пайдалануға
болады:
◦
Интернет провайдерінде тіркелген есептік жазбаңыз бар болған жағдайда.
◦
Интернет есептік жазбасы болмаған жəне Интернет провайдерін шебердегі тізімнен
таңдағыңыз келген жағдайда. (Интернет провайдерлерінің тізімі барлық аймақтарда
бола бермейді).
◦
Тізімде жоқ Интернет провайдері таңдалған жағдайда жəне таңдалған Интернет
провайдері IP мекенжайы
, сондай-ақ POP3 жəне SMTP параметрлері сияқты қажетті
ақпарат берген жағдайда.
Windows жүйесінің «Интернетке қосылу» шебері мен оны пайдалану нұсқауларын көру
үшін, Пуск (Бастау) > Панель Управления (Басқару тақтасы) > Сеть и Интернет (Желі
жəне Интернет) > Центр управления сетями и общим доступом (Желілер мен ортақ
пайдалануды басқару орталығы) тармағын таңдаңыз.
ЕСКЕРІМ: Шебер Windows желіаралық қалқанын қосу немесе ажыратуды таңдауыңызды
сұраса, желіаралық қалқанды қосу пəрменін таңдаңыз.
Сымсыз желіге қосылу
Сымсыз технология деректерді сым арқылы емес, радио толқындары арқылы тасымалдайды.
Компьютер келесі сымсыз құрылғылардың біреуі немесе бірнешеуімен жабдықталған болуы
мүмкін:
●
Сымсыз жергілікті желі (WLAN) құрылғысы
●
HP Мобильді кең ауқымды модулі, сымсыз аймақтық желі (WWAN) құрылғысы
●
Bluetooth құрылғысы
Сымсыз байланыс технологиясы туралы жəне сымсыз желіге қосылу туралы қосымша
ақпаратты НР ноутбугінің анықтамалық нұсқаулығынан, анықтама жəне қолдау
орталығындағы веб-тораптар сілтемелерінен жəне берілген мəліметтерден қараңыз.
Бар WLAN желісіне қосылу
1. Компьютерді қосыңыз.
2. WLAN құрылғысының қосулы екендігіне көз жеткізіңіз.
20 Бап 4 Желі орнату