Getting Started Laptop - Windows Vista and Windows 7
Жылдам пернелер
тіркесімі
Сипаттама
fn+f3 Ақпаратты компьютер жадында сақтайтын ұйқы режимін қосады. Дисплей жəне жүйенің басқа
бөліктері өшеді, ал қуат үнемделеді.
Күту режимінен шығу үшін, қуат түймешігін басып қалыңыз.
ЕСКЕРТУ: Ақпаратты жоғалтпау үшін, ұйқы режимін қоспас бұрын жұмысты сақтаңыз.
ЕСКЕРІМ: Ұйқы режимінде тұрған компьютердің батарея заряды өте төмен деңгейге жетсе,
компьютер күту режиміне өтеді, ал
жадтағы ақпарат қатты дискіге сақталады.
fn+f3 пернелер тіркесімінің функциясын өзгертуге болады. Мысалы, fn+f3 пернелер
тіркесімімен ұйқы режимінің орнына күту режимін қосатын етіп реттеуге болады. Барлық
Windows амалдық жүйе терезелерінде ұйқы түймешігіне сілтемелер fn+f3 пернелер
тіркесіміне қолданылады.
fn+f4 Экран бейнесін компьютерге қосылған дисплей құрылғыларының арасында ауыстырып
көрсетеді. Мысалы, монитор компьютерге қосылған болса, fn+f4 пернелер тіркесімі экран
бейнесін компьютер дисплейінен монитор дисплейіне ауыстырып, компьютер мен
монитордың екеуінде көрсетеді.
Сыртқы мониторлардың көбі компьютерден бейне ақпаратын сыртқы VGA бейне стандарты
бойынша қабылдайды. fn+f4 пернелер тіркесімі компьютерден бейне ақпарат алатын басқа
құрылғылардағы бейнелерді де ауыстырып
қосуы мүмкін.
fn+f6 Үндеткіш дыбысын төмендетеді.
fn+f7 Үндеткіш дыбысын арттырады.
fn+f8 Орнатылған барлық батареялардың зарядын көрсетеді.
fn+f9 Экран жарықтығының деңгейін төмендетеді.
fn+f10 Экран жарықтығының деңгейін арттырады.
fn+f11 Сыртқы жарық сенсорын қосады жəне ажыратады. Қосулы болғанда, сыртқы жарық сенсоры
қоршаған ортаның жарығына қарай дисплей жарықтығын автоматты түрде реттейді.
24 Бап 5 Пернетақта мен меңзегіш құрылғылар