Getting Started Laptop - Windows Vista and Windows 7
Кірістірілген сан пернелерінің панелін қосу жəне өшіру
Кірістірілген сан пернелерінің панелін қосу үшін, fn+num lk пернелер тіркесімін басыңыз.
Пернелер панелін өшіру үшін, fn+num lk пернелер тіркесімін қайтадан басыңыз.
ЕСКЕРІМ: Cыртқы пернетақта немесе сан пернелерінің панелі компьютерге жалғанғанда,
кірістірілген сан пернелерінің панелі өшеді.
Кірістірілген сан пернелерінің панеліндегі перне функцияларын ауыстыру
Кірістірілген сан пернелерінің панеліндегі пернелердің функцияларын стандартты пернетақта
функциялары мен сан пернелерінің панелі функциялары арасында уақытша ауыстыруға
болады.
●
Пернетақта өшіп тұрғанда, пернетақта пернесінің санды функциясын қолдану үшін,
пернетақта пернесін басып тұрып, fn пернесін басып тұрыңыз.
●
Пернетақта қосылып тұрғанда, пернетақта пернесінің стандартты функциясын қолдану:
◦
Кіші
əріппен жазу үшін, fn пернесін басып, ұстап тұрыңыз.
◦
Бас əріппен жазу үшін, fn+shift пернелер тіркесімін басып тұрыңыз.
Меңзегіш құрылғыларды пайдалану
ЕСКЕРІМ: Компьютермен бірге жеткізілетін меңзегіш құрылғылармен қоса, сыртқы USB
тінтуірін оны компьютердегі USB порттарының біреуіне жалғау арқылы пайдалануға болады.
Меңзегіш құрылғылардың басым параметрлерін орнату
Түймешік конфигурациясы, басу жылдамдығы жəне меңзер параметрлері сияқты меңзегіш
құрылғыларға арналған параметрлерді қалау бойынша реттеу үшін, Windows жүйесіндегі тінтуір
сипаттарын қолданыңыз.
Тінтуір сипаттарын көру үшін, келесі қадамдарды орындаңыз:
Windows 7 — Пуск (Бастау) > Устройства и принтеры (Құрылғылар мен принтерлер)
тармағын таңдаңыз. Одан кейін компьютеріңіз болып табылатын құрылғыны тінтуірдің оң жақ
түймешігімен басып, Настройки мыши (
Тінтуір параметрлері) тармағын таңдаңыз.
Windows Vista — Пуск (Бастау) > Панель управления (Басқару тақтасы) > Оборудование и
звук (Аппарат жəне дыбыс) > Mouse (Тінтуір) тармағын таңдаңыз.
Меңзеу таяқшасын қолдану
Меңзеу таяқшасын меңзер экранда жылжитын бағытта еңкейтіңіз. Тінтуірдегі оң жəне сол жақ
түймешіктерді пайдаланатындай, меңзеу таяқшасының оң жəне сол жақ түймешіктерін
пайдаланыңыз.
Сенсорлы тақтаны қолдану
Меңзерді басқа жерге жылжыту үшін, саусағыңызды сенсорлы тақта бетімен қалаған жаққа
сырғытыңыз. Сенсорлы тақтаның сол жəне оң жақ түймешіктері сыртқы тінтуірдің түймешіктері
сияқты пайдаланылады.
ЕСКЕРІМ: Егер сенсорлы тақтаны меңзерді басқа жерге жылжыту үшін пайдаланатын
болсаңыз, жылжу аймағына орналастырмастан бұрын, саусағыңызды сенсорлы тақтадан
көтеруіңіз керек. Саусағыңызды жай сенсорлы тақтаның жылжу аймағына сырғыту арқылы
жылжыту функциясы іске қосылмайды.
26 Бап 5 Пернетақта мен меңзегіш құрылғылар