Getting Started Laptop - Windows Vista and Windows 7
ЕСКЕРТУ: Мəліметтердің жоғалуын немесе жүйенің бұзылуын болдырмау үшін, келесі
əрекеттерді орындаңыз.
Жад модульдері қоспас немесе ауыстырмас бұрын компьютерді өшіруді ұмытпаңыз.
Компьютер қосулы тұрғанда, ұйқы немесе күту күйінде болғанда, жад модулін шығарып
алмаңыз.
Егер компьютер сөндірулі немесе күту күйінде екендігіне сенімді болмасаңыз, қуат түймешігін
басып, компьютерді қосыңыз. Содан соң амалдық жүйе арқылы компьютерді
өшіріңіз.
1. Жұмысыңызды сақтап, компьютерді өшіріңіз.
2. Айнымалы ток қуатын жəне компьютерге жалғанған сыртқы құрылғылардың барлығын
ажыратыңыз.
3. Батареяны шығарыңыз.
4. Қызмет көрсету қақпағының бұрандасын табу үшін, қақпақтың ысырмасын оңға қарай
сырғытыңыз (1).
5. Бұранданы бұрап алыңыз (2).
6. Қызмет көрсету қақпағын шешіп алу үшін, қақпақтың ысырмасын оңға қарай барынша
сырғытыңыз (3).
7. Қызмет көрсету қақпағын сыртқа қарай сырғыту (4) жəне көтеру (5) арқылы шешіп алыңыз.
8. Егер жад модулін ауыстырып жатсаңыз, бар жад модулін алып тастаңыз:
а. Жад модулінің екі жағындағы ұстап тұратын қыстырғыштарды (1) тартып алыңыз.
Жад модулінің бұрыштарын жоғары қаратыңыз.
36 Бап 6 Күтім