Getting Started Laptop - Windows Vista and Windows 7

4. Startup Repair (Жүктеуді қалпына келтіру) тармағын таңдаңыз.
5. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
ЕСКЕРІМ: Ақпаратты Windows құралдарының көмегімен қалпына келтіру туралы қосымша
ақпарат алу үшін, анықтама жəне қолдау бөлімінде осы тақырыптарды іздеңіз.
f11 қалпына келтіру құралдарын пайдалану
ЕСКЕРТУ: f11 пернесін пайдалану қатты диск жетегіндегі мазмұнды толығымен жойып, оны
қайта пішімдейді. Жасалған файлдардың жəне компьютерде орнатылған бағдарламалық
құралдардың барлығы мүлде жойылады. f11 қалпына келтіру құралы зауытта орнатылған
амалдық жүйені жəне HP бағдарламалары мен драйверлерін қайта орнатады. Зауытта
орнатылмаған бағдарламалық құралды қайта орнату керек.
Бастапқы қатты диск виртуалды бейнесін f11 пернесі арқылы қалпына келтіру үшін, келесі
əрекеттерді орындаңыз:
1. Мүмкін болса, барлық жеке файлдардың сақтық көшірмесін жасау керек.
2. Мүмкін болса, HP қалпына келтіру бөлімінің бар-жоғын тексеріңіз. Пуск (Бастау) түймешігін
басып, Компьютер тармағын тінтуірдің оң жақ түймешігімен басыңыз да, Управление
(Басқару) тармағын, одан кейін Управление дисками (Дискілерді
басқару) тармағын
таңдаңыз.
ЕСКЕРІМ: Егер HP қалпына келтіру бөлімі тізімде болмаса, амалдық жүйені жəне
бағдарламаларды Windows 7 амалдық жүйесінің DVD дискісі мен Driver Recovery
(Драйверді қалпына келтіру) дискісі арқылы (екеуі де бөлек сатып алынады) қалпына
келтіру керек. Қосымша ақпаратты
Windows 7 амалдық жүйесінің DVD дискісін (бөлек
сатылады) пайдалану 44-бетте тарауынан қараңыз.
3. Егер HP қалпына келтіру бөлімі тізімде болса, компьютерді өшіріп, қайта қосыңыз жəне
экранның төменгі жағында «Press the ESC key for Startup Menu» (Бастау мəзірін ашу үшін,
ESC пернесін басыңыз) хабары көрсетілгенде esc пернесін басыңыз.
4. Экранда «Press <F11> for recovery» (Қалпына келтіру үшін, F11 пернесін басыңыз) хабары
шыққанда, f11 пернесін басыңыз.
5. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Windows 7 амалдық жүйесінің DVD дискісін (бөлек сатылады) пайдалану
Windows 7 амалдық жүйесінің DVD дискісіне тапсырыс беру үшін, http://www.hp.com/support
торабына кіріп, елді немесе аймақты таңдаңыз, одан кейін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Сонымен қатар, DVD дискісіне техникалық қолдау орталығына қоңырау шалу арқылы тапсырыс
беруге болады. Байланыс ақпаратын алу үшін, компьютермен берілген Worldwide Telephone
Numbers (Дүниежүзілік телефон нөмірлері) кітапшасын қараңыз.
ЕСКЕРТУ: Windows 7 амалдық жүйесінің DVD дискісін пайдалану қатты дискідегі мазмұнды
толығымен жойып, оны қайта пішімдейді. Жасалған файлдардың жəне компьютерде
орнатылған бағдарламалық құралдардың барлығы мүлде жойылады. Қайта пішімдеу аяқталған
соң, қалпына келтіру процесі амалдық жүйені, сондай-ақ драйверлерді, бағдарламалық
құралды жəне утилиталарды қалпына келтіруге көмектеседі.
Қалпына келтіруді Windows 7 амалдық жүйесінің DVD дискісі арқылы жасау үшін, келесі
əрекеттерді орындаңыз.
44 Бап 7 Сақтық көшірме жасау жəне қалпына келтіру