Getting Started Laptop - Windows Vista and Windows 7

ЕСКЕРІМ: Бұл процесс бірнеше минут созылуы мүмкін.
1. Мүмкін болса, барлық жеке файлдардың сақтық көшірмесін жасау керек.
2. Компьютерді өшіріп, қайта қосыңыз да, Windows амалдық жүйесі жүктелгенше Windows 7
амалдық жүйесінің DVD дискісін оптикалық диск жетегіне салыңыз.
3. Сұралған кезде, пернетақтадағы кез келген пернені басыңыз.
4. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
5. Далее (Келесі) түймешігін басыңыз.
6. Восстановить компьютер (Компьютерді қалпына келтіру) тармағын таңдаңыз.
7. Экрандағы нұсқауларды
орындаңыз.
Windows Vista
Ақпаратты қорғау мақсатында, жеке файлдар мен қалталардың сақтық көшірмесін, бүкіл қатты
дисктің сақтық көшірмесін жасау (тек таңдаулы үлгілерде) немесе жүйені қалпына келтіру
нүктелерін жасау үшін, «Backup and Restore Center» (Сақтық көшірме жасау жəне қалпына
келтіру орталығы) мүмкіндігін пайдаланыңыз. Жүйе ақаулығы орын алса, компьютердің
мазмұнын қалпына келтіру үшін сақтық көшірме файлдарын пайдалануға болады.
«Backup and Restore Center» (Сақтық көшірме жасау жəне
қалпына келтіру орталығы) төмендегі
опцияларды қамтиды:
жеке файлдар мен қалталарды қалпына келтіру;
бүкіл қатты дискті қалпына келтіру (тек таңдаулы үлгілерде);
автоматты сақтық көшірмелерді жоспарлау (тек таңдаулы үлгілерде);
жүйені қалпына келтіру нүктелерін жасау;
жеке файлдарды қалпына келтіру;
компьютерді алдыңғы күйіне қайтару;
ақпаратты қалпына келтіру құралдарының көмегімен қалпына келтіру.
ЕСКЕРІМ: Егжей-тегжейлі нұсқауларды алу үшін, Справка и поддержка (Анықтама жəне
қолдау) бөлімінде осы тақырыптарды іздеңіз.
ЕСКЕРІМ: Жүйе тұрақсыздығы жағдайында, HP компаниясы қалпына келтіру
процедураларын басып шығарып, кейін пайдалану мақсатында сақтап қоюды ұсынады.
ЕСКЕРІМ: Windows® жүйесінде компьютердің қауіпсіздігін жақсартуға арналған пайдаланушы
жазбаларын басқару функциясы бар. Бағдарламалық құралды орнату, утилиталарды іске қосу
немесе Windows параметрлерін өзгерту сияқты тапсырмаларды орындау үшін рұқсат немесе
құпия сөз сұралуы мүмкін. Қосымша мəлімет алу үшін Справка и поддержка (Анықтама жəне
қолдау) бөлімін қараңыз.
Ақпараттың сақтық көшірмесін жасау
Ең соңғы сақтық көшірме жасау мен жүйе ақаулығынан кейінгі қалпына келтіру бірдей болады.
Бағдарламалық құралды орнатқаннан кейін, бірден бастапқы сақтық көшірмені жасау керек.
Жаңа бағдарламалық құрал мен деректік файлдарды қосқанда, сақтық көшірменің соңғы
нұсқасы болу үшін, жүйенің сақтық көшірмесін жүйелі түрде жасауды жалғастыру қажет.
Windows Vista 45