Getting Started Laptop - Windows Vista and Windows 7

Windows қалпына келтіру құралдарын пайдалану
Сақтық көшірмесі бұрын жасалған ақпаратты қалпына келтіру үшін, келесі əрекетті орындаңыз:
1. Пуск (Бастау) > Все программы (Барлық бағдарламалар) > Обслуживание (Қызмет
көрсету) > Backup and Restore Center (Сақтық көшірме жасау жəне қалпына келтіру
орталығы) тармағын таңдаңыз.
2. Компьютерді (тек таңдаулы үлгілерде) немесе файлдарды толығымен қалпына келтіру
үшін, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Ақпаратты жүктеуді қалпына келтіру мүмкіндігінің
көмегімен қалпына келтіру үшін, келесі
қадамдарды орындаңыз:
ЕСКЕРТУ: Жүктеуді қалпына келтіру мүмкіндігі қатты дискідегі мазмұнды толығымен жойып,
қатты дискті қайта пішімдейді. Жасалған файлдардың жəне компьютерде орнатылған
бағдарламалық құралдардың барлығы мүлде жойылады. Қайта пішімдеу аяқталған соң,
қалпына келтіру процесі сақтық көшірмеден амалдық жүйені, сондай-ақ драйверлерді,
бағдарламалық құралды жəне утилиталарды қалпына келтіреді.
1. Мүмкін болса, барлық жеке файлдардың сақтық көшірмесін жасау керек.
2. Мүмкін болса, Windows жəне HP қалпына келтіру бөлімдерінің бар-жоғын тексеріңіз.
Бөлімдерді табу үшін, Пуск (Бастау) > Компьютер тармағын таңдаңыз.
ЕСКЕРІМ: Егер Windows жəне HP қалпына келтіру бөлімдері жойылған болса, амалдық
жүйені жəне бағдарламаларды Windows Vista амалдық жүйесінің DVD дискісі мен Driver
Recover y (Драйверді қалпына келтіру) дискісі арқылы (екеуі де бөлек сатып алынады)
қалпына келтіру керек. Қосымша ақпаратты
Windows Vista амалдық жүйесінің DVD дискісін
(бөлек сатылады) пайдалану 48-бетте тарауынан қараңыз.
3. Компьютерді өшіріп, қайта қосыңыз да, Windows амалдық жүйесі жүктелмей тұрып, f8
пернесін басыңыз.
4. Восстановить компьютер (Компьютерді қалпына келтіру) тармағын таңдаңыз.
5. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
ЕСКЕРІМ: Ақпаратты Windows құралдарының көмегімен қалпына келтіру туралы қосымша
ақпарат алу үшін, анықтама жəне қолдау бөлімінде осы тақырыптарды іздеңіз.
f11 қалпына келтіру құралдарын пайдалану
ЕСКЕРТУ: f11 пернесін пайдалану қатты диск жетегіндегі мазмұнды толығымен жойып, оны
қайта пішімдейді. Жасалған файлдардың жəне компьютерде орнатылған бағдарламалық
құралдардың барлығы мүлде жойылады. f11 қалпына келтіру құралы зауытта орнатылған
амалдық жүйені жəне HP бағдарламалары мен драйверлерін қайта орнатады. Зауытта
орнатылмаған бағдарламалық құралды қайта орнату керек. Жеке файлдарды сақтық
көшірмеден қалпына келтіру керек.
ЕСКЕРІМ: Компьютерде қатты күйдегі диск (SSD)орнатылған болса, қалпына келтіру бөлімі
болмауы мүмкін. Қалпына келтіру бөлімі жоқ компьютерлермен бірге қалпына келтіру дискілері
беріледі. Бұл дискілерді амалдық жүйені жəне бағдарламалық құралдарды қалпына келтіру
үшін пайдаланыңыз. Қалпына келтіру бөлімінің бар-жоғын тексеру үшін, Пуск (Бастау) >
Компьютер тармағын таңдаңыз. Егер бөлім бар болса, HP қалпына келтіру дискісі
терезенің
қатты диск жетектерінің тізімі бөлімінде көрсетіледі.
Windows Vista 47