Getting Started Laptop - Windows Vista and Windows 7
Бастапқы қатты диск виртуалды бейнесін f11 пернесі арқылы қалпына келтіру үшін, мына
əрекеттерді орындаңыз:
1. Мүмкін болса, барлық жеке файлдардың сақтық көшірмесін жасау керек.
2. Мүмкін болса, HP қалпына келтіру бөлімінің бар-жоғын тексеріңіз. Бөлімдерді табу үшін,
Пуск (Бастау) > Компьютер тармағын таңдаңыз.
ЕСКЕРІМ: Егер HP қалпына келтіру бөлімі жойылған болса, амалдық жүйені жəне
бағдарламаларды Windows Vista амалдық жүйесінің DVD дискісі мен Driver Recovery
(Драйверді қалпына келтіру) дискісі арқылы (екеуі де бөлек сатып алынады) қалпына
келтіру керек. Қосымша ақпаратты
Windows Vista амалдық жүйесінің DVD дискісін (бөлек
сатылады) пайдалану 48-бетте тарауынан қараңыз.
3. Компьютерді қосыңыз немесе өшіріп, қайта іске қосыңыз жəне экранның төменгі жағында
«Press the ESC key for Startup Menu» (Бастау мəзірін ашу үшін ESC пернесін басыңыз)
хабары көрсетіліп тұрғанда, esc пернесін басыңыз.
4. Экранда «Press <F11> for recovery» (Қалпына келтіру үшін, F11 пернесін басыңыз) хабары
шыққанда, f11 пернесін басыңыз.
5. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Windows Vista амалдық жүйесінің DVD дискісін (бөлек сатылады) пайдалану
Windows Vista амалдық жүйесінің DVD дискісіне тапсырыс беру үшін, http://www.hp.com/support
торабына кіріп, елді немесе аймақты таңдаңыз, одан кейін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Сонымен қатар, DVD дискісіне техникалық қолдау орталығына қоңырау шалу арқылы тапсырыс
беруге болады. Байланыс ақпаратын алу үшін, компьютермен берілген Worldwide Telephone
Numbers (Дүниежүзілік телефон нөмірлері) кітапшасын қараңыз.
ЕСКЕРТУ: Windows Vista амалдық жүйесінің DVD дискісін пайдалану қатты дискідегі
мазмұнды толығымен жойып, оны қайта пішімдейді. Жасалған файлдардың жəне компьютерде
орнатылған бағдарламалық құралдардың барлығы мүлде жойылады. Қайта пішімдеу аяқталған
соң, қалпына келтіру процесі амалдық жүйені, сондай-ақ драйверлерді, бағдарламалық
құралды жəне утилиталарды қалпына келтіруге көмектеседі.
Қалпына келтіруді Windows Vista амалдық жүйесінің DVD дискісі арқылы жасау үшін, келесі
əрекеттерді орындаңыз:
ЕСКЕРІМ: Бұл процесс бірнеше минут созылуы мүмкін.
1. Мүмкін болса, барлық жеке файлдардың сақтық көшірмесін жасау керек.
2. Компьютерді өшіріп, қайта қосыңыз да, Windows амалдық жүйесі жүктелгенше Windows
Vista амалдық жүйесінің DVD дискісін диск жетегіне салыңыз.
3. Сұралған кезде, пернетақтадағы кез келген пернені басыңыз.
4. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
5. Далее (Келесі) түймешігін басыңыз.
6. Восстановить компьютер (Компьютерді қалпына келтіру) тармағын таңдаңыз.
7. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз
.
48 Бап 7 Сақтық көшірме жасау жəне қалпына келтіру