Алғашқы жұмыс HP ноутбугі
© Copyright 2012 Hewlett-Packard Development Company, L.P. Bluetooth өз меншік иесінің сауда белгісі болып табылады жəне оны HewlettPackard компаниясы лицензия бойынша пайдаланады. Microsoft жəне Windows — Microsoft корпорациясының АҚШ-тағы тіркелген сауда белгілері. SD Logo – өз меншік иесінің сауда белгісі. Осы құжатта берілген ақпарат ескертусіз өзгертіледі. HP өнімдері мен қызметтеріне кепілдік тек осындай өнімдермен жəне қызметтермен бірге келетін тікелей кепілдік мəлімдемелерінде беріледі.
Қауіпсіздік туралы ескерту хабары АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Қызып кетумен байланысты зақымдарды немесе компьютердің қатты қызып кету жағдайын азайту үшін компьютерді тізеңізге қоймаңыз немесе компьютердің ауа желдеткішін бітемеңіз. Компьютерді тек қатты, тегіс беттің үстіне қойып пайдаланыңыз. Қасында тұрған қосымша принтер сияқты қатты беттің немесе жастық, кілем немесе мата сияқты жұмсақ беттің ауа ағынын бөгеуіне жол бермеңіз.
iv Қауіпсіздік туралы ескерту хабары
Maзмұны 1 Қош келдіңіз ................................................................................................................................................... 1 Ақпаратты табу ................................................................................................................................... 2 2 Компьютермен танысу ................................................................................................................................. 4 Жоғарыдан қарағандағы көрінісі ....
Меңзегіш құрылғылар параметрлерін орнату ................................................................ 30 Меңзегіш таяқшаны пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде) ............................................ 30 Сенсорлы тақтаны қолдану ............................................................................................. 30 Сенсорлы тақтаны өшіру жəне қосу ............................................................... 31 Шарлау .........................................................................
Қолдау ........................................................................................................................................................... 56 Қолдау қызметімен хабарласу ........................................................................................................ 56 Жапсырмалар ................................................................................................................................... 57 8 Техникалық сипаттамасы ....................................
viii
1 Қош келдіңіз Компьютер параметрлерін орнатып, оны тіркегеннен кейін, мына əрекеттерді орындау маңызды: ● Интернетке қосылу — Интернетке қосылу үшін, сымды жəне сымсыз желіні реттеңіз. Қосымша ақпаратты Желі байланысын орнату 21-бетте бөлімінен қараңыз. ● Вирусқа қарсы бағдарламалық құралды жаңарту — вирустардан болатын зақымнан компьютерді қорғаңыз. Бағдарламалық құрал компьютерде алдын ала орнатылады да, тегін жаңартуларға жазылу шектеулі болады.
Ақпаратты табу Түрлі тапсырмаларды орындауға көмектесетін бірнеше құрал компьютерде орнатылып келеді.
Құралдар Берілетін ақпарат Worldwide Telephone Numbers (Дүниежүзілік телефон нөмірлері) кітапшасы HP Қолдау қызметінің телефон нөмірлері Бұл кітапша компьютермен қоса жеткізіледі. HP веб-торабы ● Қолдау қызметі туралы ақпарат АҚШ-та қолдау алу үшін, http://www.hp.com/go/ contactHP мекенжайы бойынша веб-торапты қараңыз. Дүние жүзі бойынша қолдау алу үшін, http://welcome.hp.com/country/us/en/ wwcontact_us.html веб-торабын қараңыз.
2 Компьютермен танысу Жоғарыдан қарағандағы көрінісі Сенсорлы тақта Компьютердің көрінісі осы бөлімдегі суреттегіден сəл өзгешелеу болуы мүмкін. Бөлік 4 Сипаттама (1) Меңзегіш таяқша (тек таңдаулы үлгілерде) Меңзерді жылжытады жəне экрандағы элементтерді таңдайды немесе іске қосады. (2) Меңзегіш таяқшаның сол жақ түймешігі (тек таңдаулы үлгілерде) Функциялар сыртқы тінтуірдің сол жақ түймешігінің функцияларына ұқсайды.
Бөлік Сипаттама (5) Сенсорлы тақтаның сол жақ түймешігі Функциялар сыртқы тінтуірдің сол жақ түймешігінің функцияларына ұқсайды. (6) Сенсорлы тақтаның оң жақ түймешігі Функциялар сыртқы тінтуірдің оң жақ түймешігінің функцияларына ұқсайды. (7) Меңзегіш таяқшаның оң жақ түймешігі (тек таңдаулы үлгілерде) Функциялар сыртқы тінтуірдің оң жақ түймешігінің функцияларына ұқсайды.
Шамдар ЕСКЕРІМ: Компьютердің көрінісі осы бөлімдегі суреттегіден сəл өзгешелеу болуы мүмкін. Бөлік (1) Сенсорлы тақта шамы ● Сары: сенсорлы тақта өшірулі. ● Өшірулі: сенсорлы тақта қосулы. (2) Caps lock шамы Қосулы: Caps lock қосулы. (3) Қуат шамы ● Қосулы: компьютер қосулы. ● Жыпылықтап тұр: компьютер ұйқы күйінде. ● Өшірулі: компьютер өшірулі немесе күту күйінде. ● Ақ: Сымсыз жергілікті желі (WLAN) құрылғысы жəне/ немесе Bluetooth® құрылғысы сияқты кірістірілген сымсыз құрылғы қосулы.
Бөлік (7) (8) Сипаттама Есептегіш шамы Num lock пернесінің шамы ● Қосулы: Есептегіш функциясы қосулы. ● Өшірулі: компьютер өшірулі, ұйқы немесе күту режимінде күйінде. ● Жыпылықтап тұр: Есептегіш іске қосылды. Қосулы: Num lock қосулы. Түймешіктер жəне саусақ ізін оқу құрылғысы (тек таңдаулы үлгілерде) ЕСКЕРІМ: Компьютердің көрінісі осы бөлімдегі суреттегіден сəл өзгешелеу болуы мүмкін. Бөлік (1) Сипаттама Сенсорлы тақтаны қосу/өшіру түймешігі Сенсорлы тақтаны қосады жəне сөндіреді.
Бөлік (2) Сипаттама Қуат түймешігі ● Компьютер өшірулі болғанда, компьютерді қосу үшін түймешікті басыңыз. ● Компьютер қосулы болғанда, ұйқы күйін қосу үшін түймешікті тез басып қалыңыз. ● Компьютер ұйқы күйінде болғанда, ұйқы күйінен шығу үшін түймешікті тез басып қалыңыз. ● Компьютер ұйқы күйінде болған кезде, ұйқы күйінен шығу үшін түймешікті тез басып қалыңыз.
Пернелер ЕСКЕРІМ: Компьютердің көрінісі осы бөлімдегі суреттегіден сəл өзгешелеу болуы мүмкін. Бөлік Сипаттама (1) esc пернесі fn пернесімен бірге басылған кезде жүйе ақпараты көрсетіледі. (2) Функционалдық пернелер fn пернесімен бірге басылғанда жиі қолданылатын жүйелік функцияларды орындайды. Қосымша ақпаратты Пернетақта мен меңзегіш құрылғылар 26-бетте бөлімінен қараңыз.
Алдыңғы жағы ЕСКЕРІМ: Компьютердің көрінісі осы бөлімдегі суреттегіден сəл өзгешелеу болуы мүмкін. Бөлік (1) Дисплейді ашу ысырмасы Компьютерді ашады. (2) Беспроводная сеть (Сымсыз байланыс) шамы ● Ақ: Сымсыз жергілікті желі (WLAN) құрылғысы жəне/немесе Bluetooth® құрылғысы сияқты кірістірілген сымсыз құрылғы қосулы. ● Сары: сымсыз құрылғылар өшірулі. ● Қосулы: компьютер қосулы. ● Жыпылықтап тұр: компьютер ұйқы күйінде. ● Өшірулі: компьютер өшірулі немесе күту күйінде.
Бөлік (5) Сипаттама Қатты диск шамы ● Ақ түсте жыпылықтау: катты диск пайдаланылуда. ● Сары: HP 3D DriveGuard көмегімен қатты диск уақытша қауіпсіз позицияға орнатылды. ЕСКЕРІМ: HP 3D DriveGuard қызметі туралы қосымша ақпаратты HP ноутбугінің анықтамалық нұсқаулығынан қараңыз. (6) Үндеткіштер (2) SRS Premium Sound немесе SRS Premium Sound PRO (тек таңдаулы үлгілерде) стандартты дыбыс шығарады.
Оң жағы ЕСКЕРІМ: Компьютердің көрінісі осы бөлімдегі суреттегіден сəл өзгешелеу болуы мүмкін. Бөлік (1) Сипаттама Аудио шығыс (гарнитура) ұясы Қосымша токқа қосылатын стерео үндеткіштерге, құлаққаптарға, тығын тəріздес құлақаспаптарға, гарнитураға немесе теледидар дыбысы ұясына қосылған кезде дыбыс шығарады. АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жарақаттану қаупін азайту үшін, гарнитураларды жəне құлақаспаптарды киер алдында, дыбыс деңгейін реттеңіз.
Сол жағы ЕСКЕРІМ: Компьютерге ұқсас суретті қараңыз. Бөлік Сипаттама (1) USB 2.0 порттары (2) Қосымша USB құрылғыларын қосады. USB құрылғылары туралы қосымша ақпаратты HP ноутбугінің анықтамалық нұсқаулығынан қараңыз. (2) ExpressCard ұясы Қосымша ExpressCard карталарын қолдайды.
Бөлік Сипаттама (1) USB 2.0 порттары (2) Қосымша USB құрылғыларын қосады. USB құрылғылары туралы қосымша ақпаратты HP ноутбугінің анықтамалық нұсқаулығынан қараңыз. (2) Медиа картаны оқу құрылғысы Келесі сандық карталар пішімдерін қолдайды: ● MultiMediaCard (MMC) ● MMC+ ● Secure Digital (SD) жад картасы ● SDHC ● SDXC (3) 1394 порты Камкордер сияқты қосымша IEEE 1394 немесе 1394a құрылғысын жалғайды.
Артқы жағынан көрінісі ЕСКЕРІМ: Компьютердің көрінісі осы бөлімдегі суреттегіден сəл өзгешелеу болуы мүмкін. Бөлік Сипаттама (1) RJ-11 (модем) ұясы Модемнің кабелін қосады. (2) Тізбекті порт Тізбекті порт, тінтуір немесе принтер сияқты қосымша тізбекті құрылғыны қосады. (3) Қуат қосқышы Айнымалы ток адаптеріне қосылады. (4) DisplayPort Жоғары сапалы монитор немесе проектор секілді қосымша сандық дисплей құрылғыларын қосады.
Дисплей ЕСКЕРІМ: Компьютерге ұқсас суретті қараңыз. Бөлік (1) Сипаттама Ішкі дисплей қосқышы Принтерді өшіреді. Егер дисплей қуат қосылғанда жабылған болса, акселерометр орнатылмаған құрылғыда ұйқы күйі басталады. ЕСКЕРІМ: Дисплей қосқышы компьютердің сыртынан көрінбейді. (2) WLAN антенналары (3)* Сымсыз жергілікті желілермен (WLAN) байланыста болу үшін сымсыз байланыс сигналдарын жібереді жəне қабылдайды.
Бөлік (8) Сипаттама Пернетақта жарығы Пернетақтаны, əсіресе нашар деңгейде жарықтандырылған бөлмеде, жарықтандырады. *Бұл антенналар компьютердің сыртынан көрінбейді. Жақсы таратылым үшін антенналардың айналасындағы аймақтарды тез арада кедергілерден тазалаңыз. Сымсыз байланыс ережелері туралы ескертпелерді көру үшін, мемлекетіңізде немесе аймағыңызда қолданылатын Заңдық, қауіпсіздік жəне қоршаған орта ескертулері бөлімін қараңыз. Бұл ескертпелер анықтама жəне қолдау орталықтарында орналасқан.
Бөлік (6) Сипаттама Веб-камера (тек таңдаулы үлгілерде) Бейнені жазады жəне суреттерді түсіреді. Веб-камераны пайдалану үшін, Пуск (Бастау) > Все программы (Барлық бағдарламалар) > HP > Веб-камера HP (HP веб-камерасы) тармағын таңдаңыз. *Бұл антенналар компьютердің сыртынан көрінбейді. Жақсы таратылым үшін антенналардың айналасындағы аймақтарды тез арада кедергілерден тазалаңыз.
Астыңғы жағы ЕСКЕРІМ: Компьютердің көрінісі осы бөлімдегі суреттегіден сəл өзгешелеу болуы мүмкін. Бөлік Сипаттама (1) Батареяны шығару ысырмасы Батареяны шығарады. (2) Қондыру қосқышы Қосымша қондыру құрылғысын жалғайды. (3) Қызмет көрсетуге арналған есікті босату ысырмасы Қызмет көрсетуге арналған есікті ашады. (4) SIM картасының ұясы Сымсыз SIM (Абоненттің анықтау модулі) картасына қолдау көрсетіледі. SIM картасының ұясы батарея ұясында орналасқан. (5) Батарея ұясы Батареяны ұстайды.
Бөлік Сипаттама (8) Bluetooth бөлімі Bluetooth құрылғысы (тек таңдаулы үлгілерде) бар. (9) Қызмет көрсетуге арналған есік Қатты диск, сымсыз LAN (WLAN), WWAN жəне жад модульдерінің ұяларын қорғайды. ЕСКЕРТУ: Жүйенің жауап бермеуін болдырмау үшін, сымсыз модульді тек еліңіздегі немесе аймағыңыздағы сымсыз құрылғыларды реттеуші үкіметтік агенттік компьютерде қолдануға рұқсат еткен сымсыз модульдермен ауыстырыңыз.
3 Желі байланысын орнату ЕСКЕРІМ: Интернетке қосылуға арналған жабдық пен бағдарламалық құрал компьютер үлгісіне жəне құрылғы орналасқан жерге байланысты əртүрлі болады. Компьютер Интернетке қосылудың келесі түрлерінің біреуін немесе екеуін де қолдауы мүмкін: ● Сымсыз — Интернетке мобильді кіру үшін сымсыз қосылысты пайдалана аласыз. Қосымша ақпарат алу үшін Бар WLAN желісіне қосылу 23-бетте немесе Жаңа WLAN желісін орнату 24-бетте бөлімін қараңыз.
Интернет провайдерін (ISP) пайдалану Интернетке қосылмас бұрын Интернет провайдерінің есептік жазбасын орнату қажет. Интернет қызметі мен модем сатып алу үшін, жергілікті Интернет провайдерімен хабарласыңыз. Интернет қызметі провайдері модем параметрлерін реттеуге, сымсыз компьютерді модемге қосу үшін желі кабелін орнатуға жəне Интернет қызметін тексеруге көмектеседі. ЕСКЕРІМ: Интернет провайдері Интернетке кіру үшін пайдаланушы идентификаторы мен құпия сөзді береді.
Сымсыз байланыс технологиясы туралы жəне сымсыз желіге қосылу туралы қосымша ақпарат алу үшін НР ноутбугінің анықтамалық нұсқаулығынан, анықтама жəне қолдау орталығындағы веб-тораптар сілтемелерінен жəне берілген мəліметтерден қараңыз. Бар WLAN желісіне қосылу 1. Компьютерді қосыңыз. 2. WLAN құрылғысының қосулы екендігіне көз жеткізіңіз. 3. Тапсырмалар тақтасының оң жағындағы хабарландыру аймағында желі белгішесін басыңыз. 4. Қажет WLAN желісін таңдаңыз.
Жаңа WLAN желісін орнату Қажетті жабдықтар: ● Кең жолақты модем (DSL немесе кабельді) (бөлек сатылады) (1) жəне Интернет провайдерінен (ISP) сатып алынған жоғары жылдамдықты Интернет қызметі ● Сымсыз жол жоспарлағыш (бөлек сатылады) (2) ● Жаңа сымсыз компьютер (3) ЕСКЕРІМ: Кейбір модемдердің ішіне жол жоспарлағышы орнатылады. Интернет провайдерінен модем түрінің қайсысын пайдаланатындығын сұраңыз. Суретте Интернетке қосылған дайын WLAN сымсыз желісінің орнатымы мысалға келтірілген.
Сымсыз жол жоспарлағыш параметрлерін реттеу WLAN желісін орнату бойынша көмек керек болса, жол жоспарлағыштың өндірушісі немесе Интернет провайдері (ISP) берген ақпаратты қараңыз. Windows амалдық жүйесінде жаңа сымсыз желіні орнатуға көмектесетін құралдар бар.
4 Пернетақта мен меңзегіш құрылғылар Пернетақтаны пайдалану Үстіңгі жолдағы пернелерді анықтау Компьютерге ұқсас суретті қараңыз. Жылдам перне дегеніміз fn пернесінің (1) жəне esc пернесі (2) немесе функционалдық пернелердің біреуінің (3) тіркесімі. ЕСКЕРІМ: Компьютердің көрінісі осы бөлімдегі суреттегіден сəл өзгешелеу болуы мүмкін. Пернелер тіркесімін пайдалану: ▲ fn пернесін аз уақыт басып, жылдам пернелер тіркесімінің екінші пернесін аз уақыт басыңыз.
Жылдам пернелер тіркесімі fn+f3 Сипаттама Ұйқы күйін қосады, бұл ақпаратыңызды жүйелік жадқа сақтайды. Дисплей жəне басқа жүйе бөліктері сөндіріледі де, қуат үнемделеді. Ұйқы күйінен шығу үшін, қуат түймешігін аз уақыт басыңыз. ЕСКЕРТУ: сақтаңыз. Ақпарат жоғалту қауіп-қатерін азайту үшін, ұйқы күйін қоспас бұрын жұмысыңызды ЕСКЕРІМ: Егер ұйқы күйі кезінде батарея өте төмен деңгейге жетсе, компьютер күту күйіне қосылады жəне жүйелік жадта сақталған ақпарат қатты дискіге сақталады.
Пернетақталарды пайдалану Компьютерде енгізілген сандық пернетақта немесе ішкі сандық пернетақта бар. Компьютерде қосымша сыртқы сандық пернетақта немесе сандық пернетақтасы бар қосымша сыртқы пернетақта да жұмыс істейді. Кірістірілген сандық пернетақтаны пайдалану (1) Бөлік Сипаттама num lk пернесі Біріктірілген сан пернелерінің панелінде жылжу жəне санды функциялар арасында ауысады. ЕСКЕРІМ: Компьютер өшірілгенде белсенді болып тұрған пернетақта функциясы компьютер қайта қосылғанда қалпына келеді.
Қосымша сыртқы сандық пернетақтаны пайдалану Көптеген сыртқы сандық пернетақталардағы пернелер num lock қызметінің қосулы немесе өшірулі болуына байланысты əртүрлі қызмет атқарады. (Num lock зауытта өшіріледі.) Мысалы: ● num lock қосулы болғанда, пернетақта пернелерінің көбі сандарды тереді. ● num lock өшірулі болғанда, пернетақта пернелерінің көбі көрсеткі, page up немесе page down пернелері сияқты жұмыс істейді.
Меңзегіш құрылғыларды пайдалану ЕСКЕРІМ: Компьютермен бірге жеткізілетін меңзегіш құрылғылармен қоса, сыртқы USB тінтуірін оны компьютердегі USB порттарының біреуіне жалғау арқылы пайдалануға болады. Меңзегіш құрылғылар параметрлерін орнату Түймешік теңшелімі, басу жылдамдығы жəне меңзер параметрлері сияқты меңзегіш құрылғыларына арналған параметрлерді теңшеу үшін, Windows жүйесіндегі тінтуір параметрлерін қолданыңыз.
Сенсорлы тақтаны өшіру жəне қосу Сенсорлы тақтаны өшіру жəне қосу үшін, сенсорлы тақтаны қосу/өшіру түймешігін екі рет жылдам түртіңіз. Сенсорлы тақта шамы жəне экрандағы дисплей белгішелері сенсорлы тақта күйін көрсетеді. Келесі кестеде сенсорлы тақтаның көрсетілетін белгішелері көрсетіліп, сипатталған. Сенсорлы тақта шамы Белгіше Сипаттама Сары сенсорлы тақтаның өшірілгенін көрсетеді. Өшірулі сенсорлы тақтаның қосылғанын көрсетеді.
Таңдау Сенсорлы тақтасының сол жəне оң жақ түймешіктерін сыртқы тінтуірдің тиісті түймешіктері ретінде пайдаланыңыз. Сенсорлы тақта қимылдарын пайдалану Сенсорлы тақта бірқатар қимылдарды қолдайды. Сенсорлы тақта қимылдарын пайдалану үшін сенсорлы тақтаға екі саусақты бір уақытта орналастырыңыз. ЕСКЕРІМ: бермейді. Сенсорлы тақта қимылдарына бағдарламалардың барлығында қолдау көрсетіле Қимылдың көрсетілімін көру үшін 1.
Жылжу Жылжу қимылы бетте немесе суретте жоғары, төмен қарай немесе көлденең жылжу кезінде қажет əрекет. Жылжу үшін екі саусақты сенсорлы тақтаның үстіне бөлек қойып, оларды сенсорлы тақта арқылы жоғары, төмен, сол немесе оң жаққа қарай апарыңыз. ЕСКЕРІМ: Жылжу жылдамдығы саусақ жылдамдығы арқылы басқарылады. Шымшу/Масштабтау Шымшу суреттерді немесе мəтінді үлкейтуге не кішірейтуге мүмкіндік береді. ● Үлкейту үшін, екі саусақты сенсорлы тақтаға бірге қойып, олардың арасын ашыңыз.
Айналдыру Айналдыру мүмкіндігі фотосурет жəне беттер сияқты элементтерді айналдыруға мүмкіндік береді. Айналдыру үшін, сол сұқ саусақты сенсорлы тақта аймағында тіреңіз. Оң сұқ саусақты тірелген саусақты айналдырып, сағат тілімен 90 градус жүргізіңіз. Кері айналдыру үшін, оң сұқ саусақты сағат тіліне қарсы 90 градус жүргізіңіз. ЕСКЕРІМ: Айналдыру əрекеті сенсорлы тақта аумағында жасалуы тиіс. ЕСКЕРІМ: Айналдыру мүмкіндігі зауытта өшіріледі.
5 Күтім Батареяны салу жəне шығарып алу ЕСКЕРІМ: Батарея пайдалану туралы қосымша ақпаратты HP ноутбугінің анықтамалық нұсқаулығынан қараңыз. Батареяны салу үшін 1. Компьютерді төңкеріп, батарея ұясы өзіңізге қараған күйде тегіс бетке қойыңыз. 2. Батареяны (1) батареяның орнына отырғанша енгізіңіз. Батареяны босату ысырмасы (2) батареяны орнына автоматты түрде бекітеді.
3. 36 Батареяны компьютерден (2) шығарып алыңыз.
Қызмет көрсетуге арналған есікті шешу жəне орнына салу ЕСКЕРТУ: Мəліметтердің жоғалуын немесе жауапсыз жүйені болдырмау үшін Жұмысыңызды сақтаңыз да, жад модулін немесе қатты дискіні қоспас немесе ауыстырмас бұрын компьютерді өшіріңіз. Егер компьютер сөндірулі немесе ұйқы күйінде екендігіне сенімді болмасаңыз, қуат түймешігін басып, компьютерді қосыңыз. Содан соң амалдық жүйе арқылы компьютерді өшіріңіз.
Қызмет көрсетуге арналған есікті орнына салу Жад модулі ұясы, қатты диск, қызметтік жапсырма мен басқа бөліктерге кіргеннен кейін қызмет көрсетуге арналған есікті орнына салыңыз. Қызмет көрсетуге арналған есікті орнына салу үшін 1. Қызмет көрсетуге арналған есікті оның алдыңғы жиегін компьютердің (1) алдыңғы жиегімен туралайтындай етіп төмен еңкейтіңіз. 2. Қызмет көрсетуге арналған есіктің артқы жиегіндегі туралау ілгектерін (2) компьютердегі кетіктерге енгізіңіз. 3.
Қатты дискіні ауыстыру немесе жаңарту ЕСКЕРТУ: Мəліметтердің жоғалуын немесе жауапсыз жүйені болдырмау үшін. Қатты дискіні қатты диск ұясынан шығармастан бұрын, компьютерді өшіріңіз. Компьютер қосулы тұрғанда, ұйқы немесе күту күйінде болғанда, қатты дискіні шығарып алмаңыз. Егер компьютер сөндірулі немесе күту күйінде екендігіне сенімді болмасаңыз, қуат түймешігін басып, компьютерді қосыңыз. Содан соң амалдық жүйе арқылы компьютерді өшіріңіз.
Қатты дискіні орнату ЕСКЕРІМ: Компьютердің көрінісі осы бөлімдегі суреттегіден сəл өзгешелеу болуы мүмкін. Қатты дискіні орнату үшін 40 1. Қатты дискіні бұрышта (1) оның ұясына салып, одан кейін қатты дискіні оның ұясында (2) тегіс орналастырыңыз. 2. Қатты дискіні қосқышқа жалғау үшін, пластмасса кесіндісін (3) компьютердің ортасына қарай тартыңыз. 3. Қатты диск бұрандаларын бұрап қатайтыңыз (4). 4.
Жаңартуға арналған орындағы қатты дискіні ауыстыру Жаңартуға арналған орында қатты диск немесе оптикалық диск жетегі орналасуы мүмкін. Қатты дискіні ауыстыру ЕСКЕРТУ: Мəліметтердің жоғалуын немесе жауапсыз жүйені болдырмау үшін Қатты дискіні жаңартуға арналған орыннан шығармастан бұрын, компьютерді өшіріңіз. Компьютер қосулы тұрғанда, ұйқы немесе күту күйінде болғанда, қатты дискіні шығарып алмаңыз.
11. Жаңартуға арналған орыннан (3) қатты дискіні шығарып алыңыз. Қатты дискіні жаңартуға арналған орынға орнату үшін 1. 42 Қатты дискіні (1) жаңартуға арналған орынға салып, жаңартуға арналған орынның бұрандасын (2) бұрап қатайтыңыз.
2. Қатты диск бұрандаларын орнына салыңыз. 3. Қызмет көрсетуге арналған есікті орнына салыңыз (Қызмет көрсетуге арналған есікті орнына салу 38-бетте бөлімін қараңыз). 4. Батареяны компьютерге салыңыз (Батареяны салу жəне шығарып алу 35-бетте бөлімін қараңыз). 5. Компьютерді жоғары қаратып, айнымалы ток қуатын жəне сыртқы құрылғыларды оған қайта жалғаңыз. 6. Компьютерді қосыңыз.
8. Жаңартуға арналған орындағы бұрандаларды бұрап босатыңыз (1). 9. Оптикалық диск жетегін шығару үшін ілгекті жалпақ ұшты бұрағышпен жайлап басыңыз (2). 10. Оптикалық диск жетегін жаңартуға арналған орыннан шығарып алыңыз (3). Оптикалық диск жетегін жаңартуға арналған орынға орналастыру үшін 44 1. Оптикалық диск жетегін жаңартуға арналған орынға енгізіңіз (1). 2. Жаңартуға арналған орынның бұрандаларын (2) бұрап қатайтыңыз. 3.
Жад модулін қосу немесе ауыстыру Компьютерде бір жад модуль бөлімі бар. Бос болған ұяға жад модулін қосу немесе бастапқы ұядағы жад модулін жаңарту арқылы компьютердің жад көлемін арттыруға болады. АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Ток ұру немесе жабдықтың зақымдалу қатерін азайту үшін, қуат сымын ажыратып, жад модулін орнатпас бұрын, барлық батареяларды шығарып алыңыз. ЕСКЕРТУ: Электростатикалық ток соғу (ESD) электроникалық бөліктерді зақымдауы мүмкін.
ə. Жад модулінің шеттерінен ұстап (2), оны ұясынан ақырын сыртқа шығарыңыз. ЕСКЕРТУ: Жад модулінің зақымдануын болдырмау үшін, оны жиектерінен ғана ұстаңыз. Жад модуліндегі бөліктерге тимеңіз. Шығарғаннан кейін жад модулін қорғау үшін, оны электростатикалық ток өтпейтін контейнерге салыңыз. 6. Жаңа жад модулін енгізу үшін ЕСКЕРТУ: Жад модулінің зақымдануын болдырмау үшін, оны жиектерінен ғана ұстаңыз. Жад модуліндегі бөліктерге тимеңіз. 46 а.
б. Жад модулінің сол жəне оң жақ жиектеріне қысым бере отырып, жад модулін (3) төмен қарай жайлап, ұстап тұратын қыстырғыштар орнына түскенше, басыңыз. ЕСКЕРТУ: Жад модулінің зақым алуын болдырмау үшін, оны бүкпеңіз. 7. Қызмет көрсетуге арналған есікті орнына салыңыз (Қызмет көрсетуге арналған есікті орнына салу 38-бетте бөлімін қараңыз). 8. Батареяны компьютерге салыңыз (Батареяны салу жəне шығарып алу 35-бетте бөлімін қараңыз). 9. Компьютерге жалғанған айнымалы ток пен сыртқы құрылғыларды жалғаңыз.
Компьютерді тазалау Тазалау заттары Компьютеріңізді қауіпсіз тазалау жəне зарарсыздандыру үшін мына заттарды пайдаланыңыз: ● Диметилбензил аммоний хлориді, ең үлкен концентрациясы 0,3 пайыз (Мысалы: бір рет қолданылатын бактерицидтік майлықтар. Бұл майлықтардың сан алуан түрі бар.
Сенсорлы тақта мен пернетақтаны тазалау АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Ток соғуды болдырмай немесе ішкі бөліктеріне зақым келтірмей тазалау үшін шаңсорғышты қолданбаңыз. Шаңсорғышты қолданғанда пернетақта бетіне тұрмыстық қалдықтар жиналып қалуы мүмкін. ЕСКЕРТУ: Сенсорлы тақта мен пернетақтаны тазалау кезінде сұйықтықтың пернелер астына түспейтініне көз жеткізіңіз. Бұл ішкі бөліктерді бір жолға зақымдауы мүмкін.
6 Сақтық көшірме жасау жəне қалпына келтіру Ақпаратыңызды қорғауға жеке файлдар мен қалталардың немесе бүкіл қатты дисктің (тек таңдаулы үлгілерде) сақтық көшірмелерін жасау, жүйені қалпына келтіру дискілерін (тек таңдаулы үлгілерде) орнатылған оптикалық диск жетегі (тек таңдаулы үлгілерде) немесе қосымша оптикалық диск жетегі арқылы жасау немесе жүйені қалпына келтіру нүктелерін жасау үшін Windows жүйесінің сақтық көшірме жасау жəне қалпына келтіру мүмкіндігін пайдаланыңыз.
Қалпына келтіру медиасын HP Recovery Disc Creator бағдарламасы арқылы жасау HP Recovery Disc Creator бағдарламалық құралы қалпына келтіру медиасын жасаудың баламалы тəсілі болып табылады. Компьютердің параметрлері орнатылғаннан кейін қалпына келтіру медиасын HP Recovery Disc Creator бағдарламасы арқылы жасай аласыз. Қатты диск зақымданған жағдайда бұл қалпына келтіру медиасы арқылы жүйені қалпына келтіруге болады.
Сақтық көшірме жасау кезінде төмендегі кеңестерге назар аударыңыз: ● Жеке файлдарды құжаттар кітапханасына сақтап, олардың сақтық көшірмелерін үнемі жасап жүріңіз. ● Сəйкес бағдарламаларда сақталатын үлгілердің сақтық көшірмелерін жасаңыз. ● Бейімделген параметрлерді терезеде, құралдар тақтасында немесе мəзір жолында көрсетілетін параметрлеріңізді экран суретін жасау жолымен сақтаңыз. Параметрлерді қалпына келтіру қажет болған кезде экран суреті уақытыңызды сақтауы мүмкін.
ЕСКЕРІМ: Компьютерді іске қосу (бастау) жəне бұрын жасалған жүйені қалпына келтіру дискілерін пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде) мүмкін болмаса, компьютерді қайта іске қосу жəне амалдық жүйені қалпына келтіру үшін, Windows 7 амалдық жүйесі DVD-дискісін сатып алуыңыз тиіс. Қосымша ақпаратты Windows 7 амалдық жүйесі DVD дискісін (бөлек сатылады) пайдалану 54-бетте бөлімінен қараңыз. Windows жүйесінің қалпына келтіру құралдарын пайдалану Сақтық көшірмесі бұрын жасалған ақпаратты қалпына келтіру үшін 1.
f11 қалпына келтіру құралдарын пайдалану ЕСКЕРТУ: f11 қалпына келтіру құралдары пайдаланылған болса, қатты дискідегі мазмұн толығымен жойылып, қатты диск қайта пішімделеді. Жасалған барлық файлдар жəне компьютерде орнатылған барлық бағдарламалар біржолата жойылады. f11 қалпына келтіру құралы амалдық жүйені жəне зауытта орнатылған НР бағдарламаларын қайта орнатады. Зауытта орнатылмаған бағдарламаларды қайта орнату қажет.
3. Нұсқау берілгенде, кез келген пернетақта пернесін басыңыз. 4. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз. 5. Далее (Келесі) түймешігін басыңыз. 6. Восстановить компьютер (Компьютерді қалпына келтіру) құсбелгісін қойыңыз. 7. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз. Қалпына келтіру үрдісі аяқталғаннан кейін мына əрекеттер орындаңыз: 1. Windows 7 амалдық жүйесінің DVD дискісін шығарып алып, «Драйверді қалпына келтіру» дискісін салыңыз. 2.
7 Қолдау Қолдау қызметімен хабарласу Егер осы нұсқаулықта, HP ноутбугінің анықтамалық нұсқаулығында немесе анықтама жəне қолдау орталығында берілген ақпарат сұрақтарыңызға жауап бермесе, НР компаниясының тұтынушыларды қолдау қызметімен мына мекенжай бойынша байланысыңыз: АҚШ-та қолдау алу үшін, http://www.hp.com/go/contactHP мекенжайы бойынша веб-торапты қараңыз. Дүние жүзі бойынша қолдау алу үшін, http://welcome.hp.com/country/us/en/wwcontact_us.html вебторабын қараңыз.
Жапсырмалар Компьютерге жапсырылған жапсырмалар жүйе ақаулықтарын жойғанда немесе компьютермен шетелге саяхатқа шыққанда қажет болуы мүмкін: ● Сервистік жапсырма — мыналарды қоса маңызды ақпаратты қамтиды: Бөлік (1) Өнім атауы (2) Сериялық нөмірі (с/н) (3) Бөлік нөмірі/өнім нөмірі (p/n) (4) Кепілдік күшінің мерзімі (5) Үлгі сипаттары (тек таңдаулы үлгілерде) Қолдау қызметіне хабарласқан кезде осы ақпарат қол жетімді болуы қажет. Сервистік жапсырма батарея ұясында орналасады.
8 Техникалық сипаттамасы Тұтынылатын қуат Егер сіз компьютерді алып, халықаралық саяхат жасауды жоспарласаңыз, осы бөлімде берілген қуат туралы ақпарат пайдалы болуы мүмкін. Компьютер айнымалы немесе тұрақты ток көзінен келетін тұрақты ток арқылы жұмыс істейді. Айнымалы ток көзі 100–240 В, 50–60 Гц шамасында болуы керек. Компьютер бөлек тұрақты ток көзінен жұмыс жасаса да, ол тек НР компаниясы берген жəне осы компьютерге қолдану үшін ұсынған айнымалы ток адаптері немесе тұрақты ток көзіне қосылуы керек.
Жұмыс ортасы Фактор Метрикалық өлшемдер жүйесі АҚШ-та пайдаланылатын өлшемдер жүйесі Пайдалануға болатын 5 – 35°C 41 – 95°F Жұмыссыз режимде -20 – 60°C -4°F – 140°F Температура Салыстырмалы ылғалдылық (конденсанцияланбайтын) Пайдалануға болатын 10 - 90% 10 - 90% Жұмыссыз режимде 5 - 95% 5 - 95% Пайдалануға болатын -15 м мен 3048 м арасында -50 фут пен 10000 фут арасында Жұмыссыз режимде -15 м мен 12192 м арасында -50 мен 40000 фут арасында Ең жоғары биіктік (қысымсыз) Жұмыс ортасы 59
Индекс Таңбалар/Сандар 1394 порты, анықтау 13, 14 А амалдық жүйе Microsoft түпнұсқалық туралы куəлігінің жапсырмасы 57 Өнім кілті 57 аудио кіріс (микрофон) ұясы, анықтау 12 аудио шығыс (гарнитура) ұясы, анықтау 12 Ə əрекет пернелері, анықтау 27 Б батарея, ауыстыру 35 батареяны шығару ысырмасы 19 батарея орны, анықтау 19 батарея ұясы 57 батарея шамы 10 бөліктер алдыңғы жағы 10 артқы жағы 15 астыңғы 19 дисплей 16 жоғарыдан қарағандағы көрінісі 4 оң жағы 12 сол жақ 13 В веб-камера 16 веб-камера, анықтау 16, 1
қызмет көрсетуге арналған есік 20 қызмет көрсетуге арналған есік, шешу жəне орнына салу 37 қызмет көрсетуге арналған есікті босату ысырмасы 19 М Медиа картаны оқу құрылғысы, анықтау 13, 14 меңзегіш құрылғылар, орнатудың таңдаулы параметрлері 30 меңзегіш таяқша 4 микрофон (аудио кіріс) ұясы, анықтау 12 Н нормативтік ақпарат сымсыз куəландыру белгілері 57 техникалық деректер жапсырмасы 57 О оқу құрылғысы смарт карта 13 оптикалық дискіні шығару түймешігі, анықтау 12 Ө өнім аты жəне нөмірі, компьютер 57 Өнім кі
num lock, сыртқы пернетақта 29 num lock пернесінің шамы 7 батарея 10 веб-камера 16, 17 есептегіш 7 қатты диск 11 қуат 6, 10 Сенсорлы тақта 6 сымсыз байланыс 6, 10 R RJ-11 (модем) ұясы, анықтау 15 RJ-45 (желі) ұясы, анықтау 12 Ы ысырма, батареяны шығару 19 ысырмалар, қызмет көрсетуге арналған есікті босату 19 І ішкі дисплей қосқышы 16, 17 ішкі микрофондар, анықтау 16, 17 Э экран жарықтығы пернелері 27 экран кескіні, ауыстырып қосу 27 B Bluetooth жапсырмасы 57 C caps lock шамы, анықтау 6 D DisplayPort, а